ІСКЕРЛІК ҚАРЫМ-ҚАБІЛЕТ ЖЕКЕ КӘСІПТЕН БАСТАЛАДЫ

Білім
24 Views


Іскерлік – бұл ұйымдастыру мәдениетінің елеулі нышаны, қызметтің белгілі бір жеке іс бабындағы аса маңызды белгісі. Ұтымды ұйымдасқан істің мүддесіне айқын бағдарланған белсенділік пен қызметкердің өзінің кәсіптік міндеттеріне іскерлікпен қарай білуі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында жоғары оқу орындары ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің де білікті кадрлар даярлауы қажет екеніайрықша айтылды. Елімізде жұмысшы мамандықтардың маңызы арта түспек. Мемлекетбасшысының Жолдауында: «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі. Еңбастысы – әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс.Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі. Біз түрлі саладағы мамандарға, қатардағы жұмысшыларға құрмет көрсетуіміз қажет. Бәсекеге қабілетті экономикасы бар озық ел боламыз десек, ең алдымен адал еңбекті бағалаған абзал», – дейді.Онсыз да бүгінде сұранысы жоғары мамандық саналатын бұл саладағылар қандайқұрметке де лайық.

2025 жылдың ақпан айында елордасы – Астанада өткен “Жұмысшы мамандықтар қаласы” фестивалі ерекше мән-мағынаға ие болды. Бұл шара еліміздіңеңбек нарығында маңызды рөл атқаратын жұмысшы мамандықтарының сұранысынарттырып, жастарға өз кәсібін таңдау жолында үлкен мүмкіндік ұсынды. Шараныңаясында әртүрлі шеберлік сабақтары, көрмелер мен танымдық кездесулер ұйымдастырылды.

Колледжіміздің студенттері мен ұстаздары да бұл маңызы зор іс-шарадан тыс қалмады. Астанаға арнайы келген студент жастар жұмысшы мамандықтарының шексіз әлемімен таныса отырып, шеберлердің басшылығымен түрлі жұмыс жасап, қолынан келетін өнерін паш етті. Бұл іс-шара студенттердің тек теориялық білімін ғана емес, тәжірибелік дағдысын да шыңдауға зор мүмкіндік берді.

“Астана – Жұмысшы мамандықтар қаласы” фестивалі – жастардың кәсіби болашағына бағытталған жарқын жол және жаңа шыңдарға жетелейтін айрықшаалаң. Біздің колледжіміздің оқытушылары мен студенттері аталған іс-шарағақатысып, білім беру үдерісінің жаңа тәсілдері мен техникалық салалардағыинновациялық әдістер туралы пікір алмаса отырып, өз тәжірибелерімен де бөлісті.

Бұл жағымды жаңалыққа кәсіптік-техникалық мамандарды даярлайтын оқу орындарының ұжымы да қатты қуанып отыр. Қазір оқу орындарыжұмысшы мамандығын жұмыс берушімен бірге даярлайды. Мұның нәтижесі елеулі дередік. Енді Мемлекет басшысының осы Жолдауынан кейін жұмысшы мамандарды даярлайтын білім мекемелері мен жұмыс берушілер арасындағы байланыс, ынтымақтастықодан әрі беки түсері анық. Шынында да бір жылдары жұмысшы мамандығының беделікүрт төмендеп кеткен еді. Қазіргі уақыт талабы басқа. Соны ата-аналар менжастар да терең түсінуде. Бүгінде жоғары сынып оқушылары арасында жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылық артып отыр. Дегенмен, бұл мамандық иелеріндәріптеу қоғамда әлі де кемшін секілді көрінеді. Сондықтан еңбек майталмандарынкөбірек насихаттап, жастарды адал еңбек етуге үйретсек, ұтарымыз көп болмақ.Оны білім беру ұйым­дары, ата-ана және жұмыс беруші мекеме – үшеуі бірлесіп жүргізгені дұрыс.

Дуалды оқытудың бір ерекшелігі – теорияны өндіріспен ұштастырады. Осы бағдарлама шеңберінде оқу мекемесі жұмысшы мамандарды жұмысберушімен бірігіп даярлайды. Мәселен, студент өз білімінің 60 па­йызын тәжірибемен,40 па­йызын теориямен жетілдіреді. Жұмыс беруші ұйым тәжірибе барысындастудентті өздері ұсынған мамандық бойынша даярлайды. Бұл – өте ұтымды. Алайдатәжірибеден өтіп жүрген студентке тәлімгердің де берері мол. Қазір еліміздежұмысшы маман­дығында оқитын студенттер толықтай тегін білім алады. Мәселен,жұмысшы мамандығы жұмыс берушінің сұра­нысымен даярланып, соған сәйкесмемлекеттен арнайы грант бөлінеді. Жұмысшы мамандықтарына талапкерлер оқуғаемтихансыз қабылданады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Оқу-ағартуминистрлігі дуалды оқыту бағдарламасы бойынша студент тәжірибесі еңбек өтілінекіретін өзгеріс енгізді. Осының бәрі – жұмысшы мамандарды даярлауға Үкіметтарапынан жасалып отырған үлкен қолдау.

Қорыта айтқанда, Мемлекет бас­шысының халқымызға арнаған Жол­дауы ел дамуына жаңаша серпін беріп қана қоймай, жұмысшы маман­дығының беделін көтерді. Президент Жолдауында кәсіптік білім саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе екенін жеткізді. Бұл осы салада еңбек етіп жүрген педагогтардың білімі мен біліктілігін жетілдіруге ерекше серпін береді. Сонымен қатар кәсіптік-техникалық оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға да септігі тиеді деп сенеміз!

Зере ОМАР,

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университеті колледжінің оқытушысы, елордада өткен «Астана – Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қатысушы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *