МЕДИЦИНАЛЫҚ АКАДЕМИЯНЫҢ ӨЗ АЛАҢШАСЫ БАР

Білім Қоғам
841 Views

Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында (ректоры – Мырзабек Мырзашұлы Рысбеков) болашақ денсаулық сақшыларына терең де сапалы білім ментәлімді тәрбие беру жұмыстар жақсы жолға қойылған. Отансүйгіштік, ұлтжандылық,еңбексүйгіштік қасиеттер мен патриоттық сезімді студент жастардың бойынасіңіруде аталмыш жоғары орнындағы профессор-оқытушылар құрамы ізденімпаздықпенжұмыс жасауда. Әсіресе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріндәріптеу, насихаттау жұмыстары көңіл қуантарлықтай екені ерекше атап өтугетұрарлықтай.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін дәріптеу, насихаттау бойынша төмендегідей іс-шаралар өткізілген:

2019 жылдың 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар кафедрасы арнайы іс-шара өткізді. Онда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы баяндама оқылып, презентация көрсетілді. Сонымен қатар рәміздерді қай жерге қою, қалай құрметтеу керектігі айтылды. Жиынға декандар, кафедра қызметкерлері, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының қызметкерлері қатысты.

28 қарашада Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік академиясы бас ғимаратының алдында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай академия және «Nur Otan» партиясының бірлесіп ұйымдастыруымен «Менің Туым, менің Отаным!» атты патриоттық акциясы өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік академиясының ректоры Мырзабек Мырзашұлы Рысбеков, қалалық маслихаттың депутаттары, қаламыздағы барлық жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп және балабақша қызметкерлерінің өкілдері қатысты. Шымкент қаласының әкімі Е. Қ. Айтаханов жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы бас ғимаратының алдындағы Мемлекеттік Рәміздер алаңшасын ашып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын салтанатты түрде көтерді. Шара барысында Е.Қ. Айтаханов «Nur Otan» партиясына жаңадан кірген Шымкент қаласының белсенді жастарына партия билетін табыстады. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапқан.

Бұл – шырайлы Шымкент шаһарын айтпағанның өзінде егемен еліміздегі жоғары оқу орындарында ашылып отырған алғашқы алаңша көрінеді. Аталмыш алаңшаға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді», – деген жазу алтын әріптермен айшықты етіп жазып қойылған.

Мұнда биіктігі 16 метрлік тұғырға бекітілген көлемі 2х4 метрлік көк ту күндіз-түні желбіреп тұрады. Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран авторларының аты-жөні, сонымен қатар Әнұран мәтіні жазылған.

Аталмыш жоғары оқу орнындағы әр күнгі дәрістер Мемлекеттік әнұран айтумен басталады. Заманауи техникалармен толық жабдықталған академия ұжымында еңбек ететін әрбір педагог өздері өтетін дәріс барысында жоспарлы тақырыптан тыс егемен еліміздің Мемлекеттік рәміздері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жақсы жолға қоя білгенін бөле-жара тілге тиек еткеніміз жөн.

Елімізде 2020 жылдың 16 наурызынан бастап төтенше жағдай жариялануына байланысты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мырза барлық оқу орындары (университеттер, колледждер және мектептер) қашықтықтан оқыту технологиясына көшуді талап еткені белгілі. Осы уақыт аралығында барлық білім беру ұйымдары қашықтықтан жұмыс жасауға көшкен.

Оқу процесі жоспарға сай жүргізілуде. Барлық оқытушылар электронды платформа арқылы студенттермен тікелей жұмыс жасауда. Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының оқытушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен тығыз байланыста жұмыс жасап, жоспарға сай жас мамандармен өткізілетін онлайн байқауларға да қатысуда. Олар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №123 бұйрығын басшылыққа ала отырып оқу процесінде электронды түрдегі оқу-әдістемелік материалдарын және электронды оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуде. Студенттер мен олардың ата-аналары елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқытып жатқан медициналық академия әкімшілігі мен профессор-оқытушылар құрамына өздерінің алғысын білдіруде.

Әбдісаттар ӘЛІП.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *