Қазақтар бұрыннан бауырмал, кең пейілді ел. Қиын қыстау жылдары қуғын-сүргінге ұшырап, пана іздеген түрлі ұлт өкілдерін бауырына басып,бір үзім нанын тең бөліскен халық. Мен үшін осындай дана, дара халықтың бүгінгібір бөлшегі болу үлкен бақыт.
Біздің елде барлық этностар тіліне, дініне, діліне қарамастан бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Сондықтан 1 мамырды әрбір қазақстандық үшін жалпыұлттық бірліктің, Отаншылдықтың күні деп атауға болады. Сіздерді ел басына күн туған қиын кезеңде карантин талаптарын сақтауға шақырамын. Бұл індетті біз бірге еңсере алатынымызға бек сенімдімін. Баршаңызға мықты денсаулық, амандық тілеймін!
Бегалы БАЙРАМ,
Шымкент қаласы түрік
этномәдени бірлестігінің мүшесі,
Қоғамдық келісім
кеңесінің мүшесі