ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ДА ҚАЖЫРЛЫ ҚЫЗЫ

Уақыт
121 Views

Ата-анаға деген сағыныш. Осы бір асыл сезім қолыма қалам алдырды. Өмірге бір-ақ рет келетін жандар: Әкеміз жарықтықтың да өмірден өткеніне 18 жыл, алтын құрсақты анамыздың да бұл жалғанмен қош айтысқанына 9 жыл болыпты.

«Жақсылар жақсымын» деп айта алмайтын, асылдарымыздың атын атамау ар алдындағы абыройыма сын болар. Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген аталы сөз бар. Жаратқан иеміз жарық дүниеге келген пендесінен бұл өмірде пешенесіне жазылған жолды түзу жүріп өтуді, артында қалдырар игі істерімен, жақсы қасиеттерімен өзіне жағынуды құп көреді. Елі айта жүрерлік сөзі, ізгілік нұрын себетін ұлағаты, жасаған жақсы істері бар ерекше тұлға, асылдың сынығы, ұлағатты ұстаз, ғалым, асыл жар, ардақты ана, құрметті ене, үлгілі әже, кең жүректі бауыр Гүлзағира Жақсылыққызы жайлы бүгін сөз қозғаудың реті келіп отыр.

Ата-анамыз жеті перзент сүйді. Әкеміздің сөзімен айтқанда: «төлбасым» деп үлкен жауапкершілікті жүктеген бауырымыз бүгінгі күні зейнет жасына жетіп отыр. Өзінен кейінгі бауырларын қанатының астына алып, қамқорлығын көрсетіп, ақылын айтып, жаныңа жалау болған жандарға ризалығыңды қалай жеткізсең де орынды.

Өзіне табиғат сыйлаған біртоға мінезінен айни қоймаған, біреуге жағайын деп жаратылысын өзгертпеген, өз ісіне мығым, «өзім дегенде қара күшімді» мұраттұтқан, «бауыр» деген қасиетті туыстық атаудың ластанбауы үшін аянбай қызмететіп келе жатқан – болмысына шынайы биік парасаттылық пен өрелі мәдениеттісіңіре білген жан.

Француздың ағартушы педагогы Жан Жак Руссо «Ұстаздық уақыт ұту емес. Өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деп көрсеткен осы бір сөз ГүлзағираЖақсылыққызы туралы дөп айтылған-ау деп ойлаймын. Өз уақытын, білімі менкүш-жігерін шәкірт тәрбиелеуде еш аямайтын, өзгенің бақытын аялайтын жеке тұлғадеп білеміз.

Гүлзағира – құдды бір сұлулықтың символындай, сыртқы келбеті қандай әдемі болса, ішкі дүниесі де сондай әсем.

Ол – алдына қойған мақсатына мұқалмай жете білетін қазақтың қайсар да қажырлы қызы. Ақ сүт берген аяулы ана мен асқар тау әкенің тәлім-тәрбиесіменөсіп, олардың өмір жолынан өнеге үйренді. Қазақ халқының даналық философиялықой-тұжырымдарын ұғынып, ұлттың ұлы қасиеттерінен ұлағат ала білді. Өзі анаболса да әңгіме ата-ана тақырыбына ойысқанда кейіпкеріміз үнсіз қамығып қалатын.Ол ата-анасына деген сағынышы еді, сағыныш – мәңгілік сағынышқа айналды….

Ісі ғана емес, жаны нәзік Гүлзағираның да сөздері мірдің оғындай, қара сөздің жілігін шағып, майын ағызуға жаны құмар. Бәлкім, оның сөз өнері әлеміне әуестігі марқұм әжесінің тәрбиесінде өскендіктен болар. Әжесі Нұртілеу аты алашқа әйгілі керей руының Жұмабек атты байдың қызы болған көрінеді. Қазақ тарихындағы киелі өлке – Семей өңірінің тумасы екен. Абайдай дананың, Шәкәрімдей ұстаздың, Мұхтардай тұлғаның топырағынан нәр алып, Шығыстың беткейінде дүниеге келген Нұртілеу әжеміздің армандары да сондай биік. Осындай тұлғалар туған жерде дүние есігін ашқан әжемізді көзі көргендер: «жанындағы жандарға әрдайым жылу шашқан көңілі дариядай кең, сөзі мірдің оғындай, казақтың аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдермен өрнектегенде, әңгімесін тыңдай бергің келетін. Қайсыбір істі болмасын ұршықтай иіріп әкететін» деуі, Нұртілеу әжеміздің рухани жан дүниесінің бай екендігін көрсетсе керек. Ол кісінің кез келген шаруаны дөңгелетіп алып кететін бесаспаптығы, ісмерлігі, төзімділігі, әр нәрсенің жөнін, орнын білетін ақылдылығы, кең пейіл кешірімділігі әлі де ел аузында. Жарықтық қазақтың қара сөзінің майын тамызып айтқан әсерлі әңгімелері мен ғибратты өсиеттері, мақал-мәтелдерінің нағыз қазынасы еді. Осындай асыл әжеміздің тәрбиесін көрген Гүлзағира да «арбаның алдыңғы дөңгелегі қалай жүрсе, соңғы дөңгелегі де солай жүрер» дегенді мақсат етіп, өзіне артылған сенімді адал атқарған жан. Гүлзағира Жақсылыққызы – тек бауырларына ғана емес, ағайын-туыс, жора-жолдас, қайын-жұрт, құда-жекжатына да жан жылуын арнаған азамат. Өзінің көмегіне сүйеніп келген әрбірімізге жылы шыраймен қарсы алып, ақыл-кеңесін айтып, жол сілтеуде ешқашан жалыққан емес. Әріптестерімен қарым-қатынасының өзі өзгеше, ұжымына сыйлы, да қадірменді жан. Кез келген жағдайды әзіл-қалжыңмен болса да ойын жеткізетін ұтқыр мінезі де бар. Адамгершілігі мен парасаты, білімі мен біліктілігі жоғары, ар-ожданы таза, ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, ел тарихының соның ішінде деректану ғылымының дамуына сүбелі үлес қосып, халықтың алғыс-сауабын арқалаған, бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен әз аналарымыздың жалғасы әңгімеміздің арқауы болып отырған қазақтың қызы бүгінгі күні еткен еңбегінің зейнетін көретін күнге жетіпті.

«Жақсы адамның артынан сөз ереді» деп тауып айтқан ғой дана халқым. Қазіргі Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қызылқұм ауылының бұрынғы А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің түлегі, аядай ғана ауылдан шыққан қазақтың қызы отандық және шетелдік басылымдарда бірнеше мақалалар мен ғылыми еңбектердің авторы, қаншама магистрлік зерттеу жұмыстарына жетекшілік етіп бүгінде ел мақтанышына айналды. Үйдегі және түздегі міндетін қатар атқарып, тарихшылар арасында құрметке ие болып жүрген жанды қалай үлгі етпеске.

Гүлзағира Жақсылыққызы, еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз еленіп құрметтідемалысқа шығу кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет сыйлары сөзсіз. Еңбекдемалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, отбасы ортасында балқыған бақытқатолсын! Бақыттың төресіне лайық жанның бірісіз. Өмір жолыңыз ұзақ болып, көргенбейнетіңіздің зейнеті еселеніп Өзіңізге денсаулық алып келсін! Жапырағын жайғанмәуелі бәйтеректей немере мен шөберелердің шу-күлкісіне, шәкірттеріңіздің жеңісті шақтарын көрген шаттықтың бақытты сәттеріне бөленген әдемі ғұмыркешіңіз!

Айгүл Жақсылыққызы ӨТЕН,
филология ғылымдарының докторы.
Алматы қаласық

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *