ҚАЗАҚ БОЛМЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОЛЫ

Руханият
1 237 Views

Бүгінгі қазақ болмысы ХХІ ғасырда жаһандық білім биігіне көтерілуі үшін ұлт тәрбиесін, білімін, ділін, дінін – өмірдің діңгегін құрайтын биосфера өз құрылымына қарай математикалық матрицалар тәрізді үйлесімділікті сақтап тұрса, сол сияқты бір-бірімен байланысып тұруы керек. Қарапайым сөзбен айтқанда, Құранға жаңаша ғылыми көзқарас қажет. Ол – Алла мен адам арасындағы байланыс кілтінің ережелер алгоритмі. Ғылым — білімнің Отанына айналған Грекияның әйгілі Александрия кітапханасы өртеніп кетіп, ғылым тоқырауға ұшыраған кезде Құран-Кәрім тілі ғылымның құралының рөлін атқарып, ақпарат пен білім оған дейін адамзат тарихында болмаған ауқымда кең тарап, дамыды. Орта ғасырларда әлем өркениетіне мұсылман ренессансының қосқан үлесі орасан мол болды. Құран-Кәрімдегі көркем ойларды оқып үйреніп, Алламен тікелей байланысу білімін игергендер кітап күйінде қалған жұмбақ ғылымдарды Алламен жаңғыртып, Араб тілінде қайта тірілтіп, оны заманауи ғылыммен ұштастыра білген – Мұхаммед әл-Араби, Әбу әли Ибн Сина, Әбунасыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, Мұхаммед әл-Хорезми сынды сандаған саланың жұлдыздары жарқырап алға шықты. Соның нәтижесінде ұлы жаңалықтар ашылды. Ислам әлемінен қаншама ойшылдар мен Алланың нығметіне бөленген ғұламалар шықты.

Алайда бүгінгі білім мен ғылымда атағы жер жарған мұсылман ғалымдар қайда? Мына әлемде өзгелер алға басып, дамып, өркендеп жатқанда, Ислам әлемі неге дамудан кенже қалуда? Исламды ұстанушы біз неге кері кетудеміз?

Құран-Кәрімде Алла сөздерін түсінген Адамға, соның ішінде адамзатқа жаңа білім, жаңа ғылым, жаңа технологияларды игеру, алған білімі арқылы баюдың жолы, ауруының ем шипасын табуы, мұқтаждықтарын Алладан алып, өзін қанағаттандыру арқылы өміріне қажетті материалдық және рухани толысудың ережелері мен заңдары жазылғаны белгілі. Жалпы сәуегейлік жолмен ғайыптан түскен Құранда бүкіл адам баласының өткен тарихы, болашағы һәм ондағы ғылымдардан ақпараттар берілген. Мысалы, Құран-Кәрімнің мәтінінде бүгінгі ХХІ ғасырдың барлық заманауи жаңа ғылымдары туралы мағлұматтар берілген. Атап айтқанда, гендік инженерия, молекулярлы биология, кванттық физика, голографиялық эффект, лазерлі, ақпараттық нанотехнологиялар және этногенездік тарихтың заңдары секілді ақпарат алгоритмдерін Құраннан үйреніп, өз қолымызбен ұстап, көзімізбен көруге болады.

«Алла Тағала Құран-Кәрімде «Зүмәр» сүресінің тоғызыншы аятында «Білгендер мен білмегендер тең бола ма?» дейді.

«Кімде — кім білім іздеу жолына түссе Алла Тағала оған жәннатқа бару жолын жеңілдетеді. Періштелер ғылым іздеушінің талабына разы болып, оның аяғының астына қанаттарын жаяды. Шын мәнінде ғылымға көктегілер және жердегілер, тіпті судағы балықтарға дейін жарылқау тілейді». Қазақ қоғамына қажетті рухани жаңғырудың дүниетанымдық кілті осы десек болады.

Адамның өмір-тағдырына Алладан жазылған нығметтерімен тектілік қасиеттерін Құранды оқып отырып, оятып, жаңғыртуға, қажетті қабілет — қасиеттерді Алладан тілеп, оны өз тағдырына — «Алла менің тағдырыма да жаз» – деп кеңінен қолдануға («егуге») болады. Тағдырға жазылған Алланың қалам-сөзі міндетті түрде болады. «..Күдіксіз Алладан не тілесе оны әмір етеді»–1аят, 5 Мәида сүресі.

Құран-Кәрімнің алгоритмін зерттеуші ретінде әлемде болып жатқан келеңсіздіктерді, қоғамдағы түрлі жағдайларды, қиыншылықтарды жақсылыққа бұрып, елді өркендету жолында хақ Алланың 99 есім сипаттарымен, нұрлы дұғаларымен тәжірибелерді (алгоритмінде) жасау арқылы қилы сұрақтарға шешім табу мүмкіндіктері бар екенін алға тартып отырмыз. Біздің ұсыныс, ойлар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ойтолғауымен тікелей ұштасып, сабақтасып жатыр, – дейді кейіпкеріміз.

Қазақстанда жақын болашақта жаңарған азаматтық қоғам қалыптастыруға бағытталған мемлекеттің стратегиялық бағдарламасында ескерілмей қалып жатқан өте маңызды фактор бар. Ол бүгінгі зайырлы Қазақстанның және адамзат баласының болашағы жөнінде Алла Тағаланың хабаршысы – Мұхаммед (С.А.С) Пайғамбарымыз арқылы жеткен хадистеріндегі ғылыми мәліметтерді Үкімет мүшелері мен депутаттардың білмеуі, оған кешіріммен қарауға болады, білгісі келмейтіні жаныңды ауыртады. «Бұл діни мәселе» деп қалыптасқан қоғамдық санадағы атеистік фанатизмнің инерциялық күшінің зардабынан Қазақстанның болашағы дұрыс жолға қойылмады. Ойлары бір жерден шығып, халықтың келешегін ойлаған Шымкент қаласының бірнеше ғылыми — зерттеу орталықтары мен Қайырымдылық қорлары қоғамдық бастамалардың негізінде бірігіп, еліміздің рухани құндылықтарын, қазақ болмысын ХХІ ғасыр талабына сай қалыптастыру бағытында (қазақ болмысын бірінші кезекте қазақ тануы керек) міндетті атқаруға «Қазақтану – Ұлт Академиясы» ғылыми консорциумын ұйымдастырып отыр.

Құрылған «Қазақтану – Ұлт Академиясы» ғылыми консорциумының ғалымдары адам өмірінің дамуын, өзгеруін ғылыми, жүйелі әрі кешенді негізде тұжырымдап, ғылыми әдістемелік бағдарламасын дайындап, нақты іске асыру тетігін ұсынуда. Осы жерде Академик астро-физик Н.А.Козыревтің теориясы бойынша өткен шақтағы матрица – уақыт, болашақ уақытта болатын матрица (тілегіңіз), Осы сәт – реттеуші деп айқындағанын, және уақыттың өзі шексіз энергия көзі теориясы деп атағанын айтқымыз келеді. Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімінің мүшесі, медицина ғылымының докторы В.Н.Казначеев, Н.А.Козыревтің жасап ұсынған, адамды емдеуге арналған «Уақыт – шексіз энергия көзі» қондырғысын қолданысқа енгізген. Н.А.Козыревтың ұсынған әдістемесі бойынша Қазақстандық ғалым профессор Б.Артықалиевте (оған сәуегей көріпкелділік ата-бабасынан қонған қабілет) ясин технологиясы әдістемелерін осы қондырғыларда зерттеулер жүргізу үшін берілген. Бералы Шералыұлы 2003- 2010 жылдары БАҚ беттерінде Қазақстанда болған келеңсіздіктерді екі жыл алдын ала айтып, сол келеңсіздіктерді Алладан сұрап жақсылыққа ауыстыруға болатынын БАҚ жариялап жүрген болатын.

Н.А.Козыревтың айналары көмегімен ғылыми тәжірибелерді жүргізу мақсатында екі қондырғыны ғылыми орталықта қолдан жинап орнатты.

Осы жерде Б.Артықалиевтің редакцияға келгендегі басты мақсатын өз сөзімен жазуды жөн көрдік: «2018 жылдың желтоқсан айының басында, болған сеанста жоғарыда айтылған Н.А.Козырев бойынша құрылған қондырғыда отырып, тәспі тартып, Аллаға зікір айтып, бірінші рет күрделі зікірмен жасалатын әдістемеге өткен сәтте, трансқалыпқа екі минутқа жетер-жетпес уақытта кірдім. Қондырғысыз бұндай қалыпқа ену үшін бұрында жоқ дегенде 30 минут қажет болатын. Сасып қалдым, алайда тынысымды өзгертпедім. Сол сәтте қондырғының ішінде жалғыз емес екенімді білдім.

– Зікірді бірге айтайық, – деп сыбырлаған дауыс естілді. Басымды иіп сәлемдестім әрі ризалығымды білдірдім.

10 минуттай уақыт өтті.

– Әй, Бералы байқап тұрмын, – сен танымай тұрсың ғой.

Мен:

– Иә, – деген ишарат білдірдім.

Мұндай уақытта қапы қалмас үшін сақтық сақтап зікірді бір сәтке, бір демге тоқтатуға болмайтынын сездім және тілегіңді айтуға дайын болуың қажет екенін ұқтым.

– Нұр Алланың атымен айтамын, – сен мені шын танымадың ба? Мұхаммедпін, сенің ұстазыңмын, – деп шашымды маңдайымнан артқа қарай сипады. Көзіме тік қарап тұрып, қайта-қайта сипады.

– Сен көз жасыңды тоқтата біл, жүрегіңді езбе, бол енді, – деп күлді.

– Сен мұқият тыңда, – деген сәтте біз қондырғының ішінде емес Қазығұрт тауының қыратында тұрдық. Желтоқсанда таудың басы аязды ғой, азынаған суық жел жемпірімнен өтіп барады.

– Қазығұрт тауының 10 мың жылдан астам тарихы бар,– деп бір сәтке тоқтап, жасыл түсті сәлдесінің ұшымен бетін жауып, суық екен бұйымтайымды айтайын тезірек. Шаңырақ белгісін білерсің (98 метр диаметрлі ортасы крест, 1934 жыл зерттеген неміс ғалымдары оны «заратуштралық крест» деп атаған) деді .

– Иә,– деген болып, басымды изедім.

– Сендердің білмейтіндерің мынау үйінділер пирамиданың үйінділері (биіктігі әртүрлі үш метрден жеті метрге дейін, тас үйінділер болып орындары қазір де бар). Осыларды қайта көтеріңдер. Бұл Қазығұртқа берілген аманат: Адамзатты тазалау. Ыдырыс Пайғамбар арқылы орындалған. Үйінділердің жанына Шунгит минералынан пирамидаларды жасап қалпына келтіру қажет. Меккедегі қағба қабырғасының бұрышындағы қасиетті қара тас ол таза Шунгит минерал. Бұл артефакттардың құндылығы Вавилондағы зороастризм белгісі, ол Ұлыбританиядағы Стонхендж, Египеттегі Пирамидалар және Архаиым ескерткіштерінен Алланың қасында әлдеқайда жоғары санатта.

– Егер Қазақстан халқы сеніммен осыларды қалпына келтірсеңдер, Ел болып көп қатерден сүрінбей өтесіңдер, Қазығұрт тауының киесін жаңғыртасыңдар, тылсым энергиясын оятасыңдар, ол сендерді оятады. Тозақ отынан құтылу жолының бастамасы: жүрек пен құлақтарың ашылады.

– Әкімдеріңе, екі министрге осы хабарды жазып айт. Үш министр – басшыларының пейіліне сай жазған жауабына тең оқиғалар ел ішінде «жылдың басынан» Алла тағаланың РИЗАЛЫҚ НЕ ҚАҺАР үкімінің азғана дәмін қазақстандықтар тартудан бастайды.

21 маусымға дейін Қазығұртта БІРІНШІСІ дайын болғанынан Қазақстан «Нұр-Мекен» екенін туристердің еселеп көбейгенінен; Нұр-Алланың РАЗАҚ сипатты уәдесін көресіңдер.

– Берәлі, Болат Бұралқыұлын тап, оған бата беріп, Жалайыр руын «ноқта ағасы» деп, осы жұмыстардың басынан ұрандатып, осы мақсатты ту етіп көтеріп, Алланың ризалығы үшін деп Орақты батыр атасының берген аманатын орындасын. Әрбір қазақстандық шамасы келгенше 100, 200 теңгеден болсын садақа беріп, осы аманатты орындауға атсалыссын – әрбір садақа бергенге сен Берәлі кескін — тұмардың бес түрін ретімен жасап олардың қалауына, қажетіне сай дайындап хадия ет. (суицид, қант ауруы, тағы басқалардан сақтайды және адам бойындағы зейін, қабілеттері ашылады. Демек, білімге деген құштарлығы артады.) Алмаймын дегендерге берме,– деген сәуегейлік аян жетті. Осылай зікірімді аяқтадым.

Осы сұрақ бойынша ғылыми консорциумның ғалымдары ҚР Қоғамдық дамыту министрлігіне, Мәдениет және спорт министрлігіне және облыс әкіміне хат жазған. Екі министрліктен де стандартты отписка жауап келген.

– Алладан Мұхаммед (С.А.С) жыл басынан Елде келеңсіздіктер орын алуда дейді кейіпкеріміз Бералы.

Алматы қаласына Аруақ жетектеп барып, Болат Бұралқыұлына да жолықтым. Маған айтылған аманатты жеткіздім. Енді осы аманат жайында бүкіл қазақ біліп, пирамидалардың жаңғыруына өз үлестерін қосса екен. Бұл баршамызға қатысты ғой деп ойлаймыз. «Қазақстан Нұр-мекен елі болсын деп тілеймін», – деп әңгімесін аяқтады.

Әсет ОМАРТЕГІ.

жазушы, аудармашы.

Шымкент қаласы. Қарауылбек Қазиев пен Дегтерев көшесінің қиылысы. № 2 дарын мектебінің жанында. Байланыс телефондары: 87052316502; 87473840477; 87756217258.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *