Қала қабырғалары — есірткі жарнамасының орны емес: Шымкентте наркограффити авторы ұсталды

Жастар Заң Мәселе Саясат Уақыт Қоғам
30 Views

Шымкент қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнамалауға байланысты қылмыстық әрекеттің жолын кесті.

Профилактикалық іс-шаралар барысында тұрғын үйлердің қабырғалары мен қоршауларға есірткі сататын интернет-ресурстардың жазбаларын қалдырып жүрген ер адам ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол 2026 жылдың қаңтар айынан бастап қала аумағында жүйелі түрде наркограффити салып, мессенджерлер арқылы жұмыс істейтін есірткі тарату арналарына сілтемелерді насихаттаған.

Күдікті кезекті жазбаны қалдыру кезінде қылмыс үстінде ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция ескертеді: есірткі жарнамасын орналастыру — азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына тартуға бағытталған қылмыстық схеманың бір бөлігі. Қала аумағында мұндай қылмыстарды анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.