ӘЙГІЛІ РЕКТОР ЖОҒАРЫ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Мерей Қоғам
755 Views

ЕҰУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Сыдықов Ерлан Бәтташұлы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректоры, ҚР ҰҒА академигі Сыдықов Ерлан Бәтташұлы бар. Атақты академикке Ақордада ІІІ дәрежелі «Барыс» орденін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев салтанатты жағдайда тапсырды.

Сондай-ақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовқа Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекелік медалін мереке қарсаңында ЕҰУ-да өткен салтанатты жиында табыс етті.

Өз кезегінде сөз алған Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов жоғары марапатты қуанышпен қабылдай отырып, зор алғыс білдірді және оның артында бүкіл университеттің жалпы еңбегі тұрғанын жеткізе келіп, марапатқа ие болған өзге әріптестерін құттықтады.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттік жоғары марапатыңыз құтты болсын, құрметті Ерлан Бәтташұлы!

Зор құрметпен,

«Әділет.Рухани жаңғыру» республикалық қоғамдық-саяси,

тарихи-танымдық газетінің ұжымы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *