Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі «Қаржылық есептілік аудиті рәсімдік стандартын бекіту туралы» №272 бұйрығына сәйкес Түркістан облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан мекемелерде қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйі бойынша қаржы жылына жасалған есебі бойынша қаржылық қызмет нәтижелері туралы есебіне, мемлекеттік мекеменің шоттарындағы қаржыландыру көздері бойынша ақша қозғалысы туралы есебіне, таза активтердің капиталдың өзгеруі туралы есебіне аудит жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №393 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі «Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесін бекіту туралы» №325 бұйрығына сәйкес анықталған аудиторлық дәлелдер негізінде қаржылық есептілікте көрсетілген көрсеткіштердің толықтығы мен дәлдігіне әсер ететін пікірлерін білдірген. Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша мекемеде қаржы жылына жасалған есебі бойынша өзгерістер болса, есепке дұрыс алынбаса, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 238 бабының 1-бөлігі 2-тармағымен жауапты тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады.
Сырлыбай МЫРЗАҚҰЛОВ,
Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маман-заңгері.