ЖАЛҒАН ЕСЕПТІҢ АРТЫНДА ҚАНША ҚАРЖЫ ТҰР?

Мәселе Қоғам
336 Views

Кезінде дендросаябақта ағаштың 550 түрі болған, қазір 200-ден асар-аспас. Жартысынанкөбі жойылып кеткен! Бұл дабыл қағарлық мәселе! Өйткені, кейінгі жылдарыДендросаябақтың жарғысына өзгерістер енгелі саябақ ішінде шайхана, кафелер,веложолдар пайда болған. Ал ас ішкен жер қоқысқа айналатыны белгілі. ЕліміздеШымкенттегі дендробақ ең алғашқы болып құрылған. Сондықтан мұны қызғыштайқоруымыз керек! Тарихи дендросаябақ ас ішіп, аяқ босататын жерге айналмауқажет! Қазір мамандар шырылдап осы мәселені көтеріп жатыр, алайда құлақ асар тірі жан жоқ!

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2021-2025 жыл аралығында Қазақстанда 2 млрд. түп ағаш егуді тапсырды. Осыған сәйкес, Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы «Nur Otan» партиясына экологиялық ахуалды жақсарту жайлы есеп береді. Яғни, Президент тапсырмасына сай Шымкент қаласында 13 000 гектар жерге 6,5 миллион түп ағаш егіліп, жасыл белдеу қалыптастыру керек. 2021 жылы соның 7 956 гектарына егу жоспарланған. Өткен жылы «Жасыл желек көлемі 8 025 гектарды құрап, жоспар 100,8 пайызға орындалды» дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы Н.Кенжебаев. Осы есептегі 13 мың гектардың ішінде, қызық болғанда, 1979 жылы қолға алынған, бүгінде қала жұртшылығының көзайымына айналған, тарихы жарты ғасырға жуық дендробақ та жүр. Оған қоса қаланың 156 гектар парк пен скверлер аумағы да дайын есепке еніп кеткен.

Алайда Президент 2 миллиард көшетті жаңадан ек деді. Ал жайлы ортаны дамыту басқармасы айды аспанға шығарып бұған дейінгі егілгендерді тізіп, жасыл белдеу қалыптастырдық деп есеп береді. Сонда кімді алдап отыр? Гектарлаған жерге егілетін көшет арзан тұрмайды. Оған миллиондаған қаржы бөлінетіні белгілі. Есеп беруші мекеме бұл мақсатқа қанша қаржы жұмсадық деді екен? Бұл қаржы жымқырудың жолы емес пе?

Бұдан бөлек Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтенов те жылда қала бойынша 200 мың түп көшет егілетінін айтып жүр. Оның барлығы көктемегені белгілі, қаншасы көгерді, қаншасы қурап кетті, бұл жайында есеп берілмейді. Көктемеген көшетпен бірге қанша қаржы «қурап» кетті екен?

Жаңа бой көтерген көп қабатты биік үйлердің ауласынабұрынғыдай шынар, емен, акация ағаштары егіле бермейді. Қалада күннен күнгежаңа ғимараттар көбейіп жатыр. Алайда өз заңдылығына, квадратурасына сайағаштар отырғызу шарт. Бұл ережелер сақталып жатқан жоқ! Оның үстіне көлік текөбейіп ауасы тарыла бастады. Қала басшысы қаланың таза ауасын ойласа, ондажасыл желек көмкерген жерді сүргізіп, орнына тұрғын үйлер салдырмас еді.Әйтенов мақұлдаған «Bi Group» компаниясы қазір қаланың оттегі бөліп тұрғанаумағына биік үйлер тұрғызуды бастады. Сондықтан қаланың жасыл желегіне қатыстықалайда комиссия түзілуі керек!

Меруерт МАҚАЖАН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *