«Ордабасы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бюджеттен бөлінген қаражаттардың пайдалануының ҚР заңнамалары нормаларының сақталуына аудиторлық іс-шара жүргізіліп, төмендегі кемшіліктер анықталды.
2017 жылға арналған бюджеттік өтінімді жоспарлау барысында 464.067.000.412 бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №511 бұйрығы 41 тармағының талабы сақталмай, Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Шұбарсу елді мекенінде орналасқан «Парасат бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратын сатып алуға қаралған 70000 мың теңге бюджет қаржысы дұрыс жоспарланбаған.
Заңның талаптары түсіндіріліп, алдыңғы мекеме басшысына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207 бабының 12-тармағымен әкімшілік хаттамасы толтырылды.
«Түлкібас ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ҚР Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №717 бұйрығының (бұдан әрі – Бұйрық) сақталуына аудиторлық іс-шара жүргізіліп, төмендегі кемшіліктер анықталды:
Бұйрықтың 48, 53, 59-тармақтарының ашу хаттамасы, конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамасы және конкурс қорытындылары туралы хаттамаларының талаптары сақталмай, яғни ашу хаттамасы, конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамасы және конкурс қорытындылары туралы хаттамалары интернет ресурстарында және жергілікті баспасөз басылымдарында жарияланбағанынан 30 897,4 мың теңге қаржы тәртібін бұзушылыққа жол бергені анықталды.
«Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Шымкент қаласы, 1 Мамыр көшесіндегі гүлзардың құрылысы жұмыстарына бюджет есебінен бөлінген қаражаттарының пайдалануының Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларының сақталуына аудиторлық іс-шара жүргізіліп, төмендегі кемшіліктер анықталды.
Сонымен қатар өндірістік кестеде көрсетілген жұмыстардың аяқталу мерзімі 2016 жылдың 16 маусымына бекітілген, мердігер тарапынан орындалған жұмыс көлемдері жөніндегі ф№2 актісі 2016 жылдың 29 маусымында тапсырылып, 14 күнге кешіктірілген, бұл ретте 210,1 мың теңге және 2016 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында атқарылмаған жұмыстар үшін мекеме тарапынан мердігерге жалпы 962,9 мың теңге тұрақсыздық айыппұлы салынбаған.
2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» № 434-V заңының 12 бабы 4-тармағы 3-тармақшасының талаптары түсіндіріліп, мекеме басшысына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207 бабының 11-тармағымен әкімшілік хаттамасы толтырылды.
Сырлыбай МЫРЗАҚҰЛОВ,
Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маман-заңгері.