СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСЕЙІК

Қоғам Құқық
2 292 Views

Әлемнің барлық елдерінде қоғам дамуының керағар бір құбылысы ретінде сыбайлас жемқорлық белең алып отырғаны ақиқат. Жемқорлық дерті көне дәуірлерден-ақ әйгілі болған. Тарихта жемқорлықтың түрлі қырлары ежелден-ақ көрініс тапқан. Жемқорлық туралы алғашқы мәліметтер шумер дәуірінде пайда болған. Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

Осы мәселені алдын алу мақсатында Шымкент гарнизонының бастығы мен Шымкент гарнизонының әскери полиция бастығымен бірлесе отырып, 2018 жылдың желтоқсан айында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» онкүндігі өтті. Жоба аясында 35748 әскери бөлімінің мәдени демалыс орталығында Шымкент гарнизонының әскери полиция бастығы, әділет подполковнигі Е.Даутов пен Шымкент гарнизонының бастығы, полковник А.Абдуваитов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресейік!» атты шара өткізді. Сыбайлас жемқорлықты тию, парақорлықты, қылмыстық іс-әрекеттерді, құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында өткен бұл шараға Шымкент және Арыс гарнизондарының әскери бөлімдері, 32039 әскери бөлімі, Жасұлан мектебі, әскери кафедралардың командирлері мен офицерлері атсалысты. Подполковник Е.Даутов тақырып аясында баяндама жасап, өткен жылмен салыстырғанда парақорлық дертінің өскенін айта келе 2019 жылдың стратегиялық жоспарымен таныстырды. Жиын соңында әскери бөлім басшыларына келеңсіз оқиғалардың орын алуын қатаң қадағалауды тапсырды.

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген халықтың ұрпағы сол адами қалып – парасат биігінен көрінуі міндет. Қарапайым халық парақорлық көрінісін күнделікті тұрмыс-тіршілігінде бетпе-бет кездесіп жатады. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алуды ауыздықтау жолында жеке адамгершілік қағидаттарын сақтай отырып, белсенділік танытуымыз қажет.

Азамат НҰРМАХАНОВ,

35748 әскери бөлімі басшысының тәрбие және идеология жұмыстары жөніндегі орынбасары, подполковник.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *