ҚАРЛЫҒАШҚА АЙНАЛУ (Новелла)

Әдебиет
205 Views

Тымырсық түн.Жалғыздық. Тықыр еткен дыбысқа елең етемін. Осындайда басыма небір ойлароралады. Қорқамын. Сосын қайта көз ілемін. Бірақ, көңілім ояу. Кейде сәлнәрсеге бола жүрек ауыртып жатқандай сезінемін өзімді. Бәлкім, ол меніңшыдамсыз, күйгелек мінезімнен шығар. Тіпті, түн ортасына дейін ұйқымды «шақыра» алмай мазасызданамын. Есіме ақиық ақын Мұқағалидың: «Бөрі ұлып жатады, құзғыншулап, құлазыған көңілдің бақтарында…» деген өлең жолдары түседі. Осыныішімнен бірнеше рет қайталаған боламын.

Иә, мен де сондайкүйдемін… Қойшы, одан да жұмбақтамай, шер тарқатайыншы… Жеңілдеп қалармын…

Бұл жолғы таусылуымның жөні бөлек. Жалғызілікті адам болған соң кей-кейде отбасылы құрбыларымды іздейтінім бар. Сол бір қайта оралмас мектеп қабырғасындағы қызықты күндерді еске алғанға не жетсін? Оның үстіне Бағила құрбымды көрмегелі де біраз болды. Бір бала, бір қызымен жастай жесір қалған құрбымның көңілін аулап қайтудың сәті бүгін түскендей. Түс ауа Теріскейді бетке алып, жолға шықтым. Жол-жөнекей базарға соғып, қос құлыншаққа ойыншық, тәтті-пәттілер алдым.

Далада ойнап жүр екен. Мені көрген бойда «әпкелеп» алдымнан жарысып жүгіріп шықты. Алған заттарымды екеуіне үлестіріп бердім. Бала емес пе, екеуі де мәз. Бағила да құрақ ұшып жүр. Жол апатынан көз жұмған Алмастың бұл фәнимен қоштасқанына сегіз-тоғыз жыл өтсе де құрбымның мен дегенде шығарда жаны бөлек. Өйткені, мен Алмасты жақсы танитынмын. Бізге іргелес көшеде тұратын. Жүзінен мейірім төгіліп тұратын досымды қара жердің қойнына «тартып» алғанына да біраз жыл өтті. Не істейсің, қолдан келер шара жоқ. Тірі адам тіршілігін жасайды. Бағила бұл жолы да үйреншікті әдетіне салып, көз жасын бір сығып алды. Жолдасының жас кеткенін айтып, бірде қатал тағдырына, бірде Жаратушыға өкпесін айтып шыж-быж болады. Балаларының есейген сайын: «Біздің әкеміз қайда? Ол қашан келеді?» деп қайта-қайта сұрайтындарын, бұл сөздің ана жүрегіне қанжарша қадалатынын айтып күйінеді.

Кеш батты. Ұзақ сырласудан соң жастыққа жантайдық. Мен барғаннан: «Әпкемнің қасына мен жатамын» деп, желкілдеп жүрген кішкентай Айшаның бүгін тілегі орындалғандай. Періште қыздың шашынан, маңдайынан сипап, есімде қалған «Мақта қыз», «Жеті лақ пен қасқыр», «Қызыл телпек» ертегісін сәби сезіміне сай еліктіре айтқансимын. Тіпті мен де образға кіріп кеткендеймін бе, өзімнің бала сияқтанғанымды соңыра біліп, өз-өзімнен ұялдым.

Кенет ол: «Әпке,сіз менің әкемді көріп пе едіңіз? Мен оған ұқсаймын ба? Мамам: «Сабақты бескеоқып, жақсы бала болсаңдар, әкелерің келеді», – деген, әлі келмей жатыр ғой. Олқайда?», – деп қиыла сұрағанда тосыннан қойылған сауалдан кібіртіктеп қалдым. Айша әңгімесін қайта жалғады. Әкесінің фото суретін күнделігінің ішіне сақтап жүретінін, өзге балаларға қарап қызығатынын оны әр демалыс сайын күтетінінайтқанда жүрегім шым-м ете қалды.

Сасқанымнан:«Папаң ұшақпен Көкке ұшып кеткен, сонда жұмыс істейді… Ол алыс қой шаруасыбіткен соң сендерге қайта оралады. Ол кезде сен үлкен қыз боласың. Біраздан соң Айша мені өзіне қаратып алды да:

– Әпке, мен оянғанда қарлығаш боп кетсем ғой, – деді,

– Неге? – дедім жүрегім оның не айтқалы жатқанын сезсе де.

– Өйткені, көкке көтерілгенде әкемді көремін ғой, ә…

Айшаның қуанғаны болар, әп сәтте қиялына қанат бітіп, тура бір құсқа айналып ұшып кетердей менің мойынымнан қапсыра құшақтап алды. Ал, мен болсам көз алдыма жиналған мөлдір моншақтарды жастыққа сүртіп, үнсіз ғана егіліп, жылап жаттым.

Салтанат АҚБОЛ,

Түркістан қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *