ФАСТ-ФУД немесе ЖЕҢІЛ ТАҒАМДАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ

Денсаулық
235 Views

Қазіргі таңда тез дайындалатын тағам түрлері көбеюде. Тез дайындалатын тағамдар: гамбургер, картопты «фри», картопты чипстер, ход-дог және түрлі тәтті газдалған сусындар кіреді. Бұл сусындардың құрамында көптеген консерванттар, ароматизаторлар, бояулар мен қоюландыратын заттар бар.

Бүкіл тәтті газдалған сусындарда көмірқышқылы бар. Бұл қышқылдық әсерінен асқазаның үрленуі мен кекірік пайда болады. Тәтті газдалған сусын құрамында оның дәмін, иісін, түсін жақсарту үшін химиялық қоспалардың барлық түрлері қолданылған. Тәтті сусын қауіпті аллерген болып саналады.

Тәтті газдалған сусын құрамында көп мөлшерде қант бар. Сондықтан мұндай сусындар қант диабетімен ауыратын адамдар үшін өте қауіпті. Сонымен қоса, бауыр, бүйрек, асқазан ауыратын адамдар үшін де өте қауіпті. Оның орнына химиялық қоспалар аз сусындарды ішкеніңіз жөн.

Фаст-фуд (ағылшанша «fast food» — тез тамақтану) тез әзірленетін тамақтар. «Фаст-фуд» термині ең алғаш рет 1951 жылы Merriam-Webster сөздігіне енгізілген. 1920 жылдары ең бірінші фастфуд тағамы Америкада қолданысқа ие болды. 1921 жылы Канзаста White Castle атты компания ашылып, алғашқылардың бірі болып гамбургер дайындаған еді. Бұл компания келушілерді гамбургердің бағасының тұрақтылығымен жаулап алды, бірақ тағамның сапасымен құндылығы жөнінде компания басшысы Билли Инграма ойламады.

1940 жылдардың соңында White Castle компаниясының мықты бәсекелесі болып McDonald’s компаниясы бой түзеді. Сол жылдан бастап McDonald’s компаниясы алпауыт компаниялардың бірі болды. Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторандарға жол тартты. Aмерикада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет McDonald’s ресторанына барады.

Америкалықтар 1970 жылы фаст-фудқа 6 миллиард доллар жұмсайтын еді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 142 миллиард долларға өсті. Солтүстік Кореяда Кока-Кола мен Пепси-Кола сатылымда жоқтың қасы. Гамбургер туралы БАҚ-тарда алғаш рет 1894 жылы «LosAngelesTimes» газетінде сөз болды. АҚШ-тың өзінде фаст-фуд сататын 300 мың ресторан жұмыс істейді. Ричард және Морис Макдональдтар өздерінің алғашқы ресторанын 1949 жылы Калифорния штатындағы Сан Бернардинода ашты. McDonald’s Бразилиядағы халықты жұмыспен қамтып отырған ең үлкен компаниялардың бірі болып саналады.

Фри картофельдерінің көпшілік арасында кең етек жайғаны соншалық, оның сатылымының көлемі шикі картоптардан да асып түсті. Мысалы, тек 2010 жылы американдықтар 3 миллион тонна фри картофелін жеді. Рональд Макдональд америкалық балалар арасында Санта Клаустан соң ең танымал тұлға болып есептелді. Фаст-фуд тағамдарының кең етек алуы америкалықтардың күрт семіруіне әкелді. Бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың америкалық өледі екен.

Картопты «Фри» — құрамында аса қауіпті, көп көлемдігі майлар мен акриламид бар. Акриламид токсидті зиянды зат екенін ғылымда дәлелденді. Ол адамның психикалық жүйесіне және генетиканың өзгеруіне ықпалын тигізеді. Акриламид көміртекке өте бай. Швед биохимиктері зерттеуінде бір порция картопты «Фри» — де акриламид нормасынан 50 есе асып тұр. Яғни бір порция да 50 грамм акриламид бар тіпті бір қорап темекінің өзінде акриламид 20 грамм.

Бір порция картопты «Фри» жесек онда біз 2, 5 қорап темекі шеккенмен бірдей болдық.

Гамбургер. Бір гамбургер құрамында 46 % тұз, 45 % майлар ал бұл бір күндік норма. Және бұдан басқа 25 % калорий және холестерин. 15 % көмірсутек, 10 грамм қант, 1, 5 грамм зиянды майлар. Катлетер грилде дайындалғандықтан, құрамында концерогендер болады. Гамбургерге арналған етте арнайы қоспалар болмауы да мүмкін. Бірақ тоқаш құрамында борлы бидайлы ұн, зиянды майлар, силикаттар, карбонат және сульфат натрийі, қамыр үшін конденсаторлар, калий пропаны. Гамбургерге арналған соус құрамында: қант, сироп, майлар, пропиленгликоль альгинат, бензоаты натрий және калий.

Гамбургер құрамында ондай аса қауіптілігі химиялық қоспалар жоқ екен. Бірақ гамбургерді адам көп қорек етсе, онда ол адамның салмақ қосуы әбден мүмкін. Тез дайындалатын тағамның қатарына бәріне танымал кеспелер де жатады. Құрамы: қант, пальма майы, бояуыштар, қайнатыңқыраған тұз, лимон қышқылы, ароматизаторлар, кептірілген тауық етті немесе сиыр етті, кептірілген көкөністер, саңырауқұлақтар. Бұндай өнімдерді Қазақстанға басқа елдерден, Ресей жерінен әкелінеді. Бұл кеспелерді арнайы тексерістен өткізді, онда адам ағзасына зиянды шек таяқшалары бар екенін анықталды.

Жоғарыда айтылып кеткен тез дайындалатын тағамдарда ғана емес, тағы күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамында химиялық қоспалар бар екенін бәрімізге белгілі. Дүкендердегі сатылатын өнімдердің 70-95% тамақтануда қолдануға болмайды.

Сонымен қатар, өсімдік өнімдері химиялық тыңайтқыштар, гербицидтер, инсектицидтер көмегімен өндіріледі. Жануарларды өсіру гормоны антибиотигімен жемдейді. Тағам өндірісі фабрикалары өнімдерді табиғи жұғымды заттардан айырып, өңдейді. Оның орнына өнімдерге синтетикалық дәрмендер, жасанды консерванттар, қоспалар, ароматизаторлар қосады. Бізге ұнай ма, ұнамай ма, біз химиялық сұйық заттарды амалсыздан қолданып келеміз. Химиялық қоспалар біздің ағзамызда жиналып, сақталады, соңында оны іштен бұзады. Адам жылына ағзаға зиянды 2-3 килограмм химиялық заттарды жеп тауысады екен. Олар күнделікті әдеттегі және залалсыз тағам өнімдерінің құрамында болады.

Химиялық қоспалар көмегімен астық өнімділігін арттырады, өсімдіктің сақтау мерзімін көбейтеді, жемістер, көкөністер, дәндердің сыртқы түрін жақсартады. Алайда бұл өнімдердің нәрлік құндылығы төмендейді. Ал адам ағзасында олар ақырын, прогрессивті түрде ағзалар мен жасушаларды бұзады, бұл әр түрлі ауруларға яғни ерте қартаю мен мезгілсіз өлімге әкеледі. Азық-түлік сатып алған кезде өнімнің тауар құлақшасындағы (этикетка) канцерогенді заттар туралы мәліметке мұқият назар салған жөн. Сапасы төмен, канцерогені өте жоғары өнімді тұрақты түрде пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Емі жоқ аурулардың бәрі де осы канцерогендік заттардан туатынын ғылым дәлелдеп отыр.

Жылдар бойы улы заттар жиналған адамның ағзасы генетикалық өзгерістерге ұшырайды. Ал, геннің өзгеруі адамның азуына, көңіл-күйінің құлдырауына әкеліп соғады. Бауырдың, талақтың, бүйректің қатерлі ісігіне шалдығуына себепкер осы канцерогендер. Егер тамақтың тауар құлақшасында құрамында «Е» деген зат бар деп көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар, химиялық дәмдегіштер, жасанды бояу қосылды деген сөз. Олар өнімді бұзылудан сақтайтын күшті реагенттер. Сау адамды науқас қылатын да дәл осы реагенттер. Дүниежүзілік тамақ өндірісінде азықтық қоспаның үш түрін мүлдем қолдануға тиым салынған.

Олар: Е-121 қоспасы – қызыл цитрус тағамдық бояуы;

Е-123 – амарант бояуы;

Е-240 – формалдегид консерванты.

Сіздің денсаулығының сіздің қолыңызда. Бірақ қазіргі таңда консервант, химиялық қоспасы жоқ тағамдардың саны төмен деп барады. Яғни бұндай тағамдардың әсерінен ауру адамдардың, әйелдердің бала тумау саны жоғарлап бара жатыр. Жоғары да айтылып кеткендей сау адамды науқас қылатын дәл осы тағамдар.

ТАҒАМДАРДЫҢ ҚҰЛАҚШАЛАРЫНА (этикетка) ҚАРАҢЫЗДАР!!!

ФАСТ-ФУД ТАҒАМДАРЫНЫҢ ОҢ ЖӘНЕ ТЕРІС ЖАҚТАРЫ

Ауруды уақытша тоқтататын қасиеті бар. Химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа қосылған. Көктем, жаз айларында қала сыртына шығып дем алғанда жәндік, шыбын-шіркей шағып алғанда ашып немесе ауырып тұрған жеріңізге осы кока-коланы құйып жіберсеңіз кәдімгідей жеңілдеп қаласыз.

Кока-кола тотты жақсы кетіреді. Үйдегі қолданыстан шығып қалған металл заттарды бірнеше сағат осы сусынға салып қойып, ысқылап жусаңыз, тазарып шыға келеді.

Кока-кола терезені жақсы тазартып жуады. Сусын құрамындағы лимон қышқылы терезеңізді немесе автокөлігіңізді жуу кезінде жақсы нәтиже көрсетеді.

Кока-кола дақты және иісті жақсы кетіреді. Кір жуғыш ұнтақпен бірге араластырып киімдеріңізді жусаңыз нәтиже жаман болмайды.

Фаст-фуд тақырыбын зерттеу барысында, біз бұл құбылыстың оң жақтарын тапқымыз келді, бірақ өкінішке орай дәмді және жылдамдығынан басқа өзімізге қажетті ештеңе таба алмадық. Ешқандай пайдасы туралы сөзді кездестірмедік. Тағам біздің ағзамызға дәм мен рахаттан бөлек пайда әкелу керек.

Осы мәселе төңірегінде дәрігерлердің пікірлерімен таныса келе білгеніміз, барлық дәрігерлер мен диетолог мамандардың пікірлері бір арнада тоғысады. Олардың ойынша фаст-фудтың екі түрі болады: зиянды және өте зиянды.

1. ҚҰНАРЛЫҒЫ

Фаст-фудт өнімдерінде құнарлық шектен тыс көп, бірақ құрамында пайдалы дәрумендер мен минералды заттар мүлдем жоқ.

2. МАЙЛАР

Фаст-фуд мейманханаларындағы барлық түскі ас трансгенді майларды қосу арқылы әзірленеді. Бұл майлар өсімдік майлары мен маргариндердің бірнеше қайтара қайнатылғаны. Бұл майлар адам қанындағы холестерин мөлшерін көтереді, зат алмасу процесін нашарлауына әкеп соғады, жүрекке, бауырға т.б. адам ағзаларына зиян келтіреді. Бұл өнімдердің онкологиялық ауруға душар ету қауіпі жоғары.

3. ШАМАДАН ТЫС ТҰЗДЫ ҚОСУ

Тұз жүрекке, бүйрекке өте зиян. Біздің ағзамызға аз ғана мөлшерде тұз керек, атап айтсақ тұздың құрамына кіретін натрий. Натрийдің көп мөлшері ағзаға кері әсер береді. Бұлардың барлығынан біздің ағзамызға зияны болмаса, пайдасы жоқ.

«Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан.

Жоғарыда айтылға шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, кириешки, картошка фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс дер едім».

Осы жұмысты зерттеу барысында көптеген мәліметтерге қанықтым және біз қазіргі уақытта өз ағзамызды біртіндеп улап жатқанымызды байқадым. Бұрын чипсидың, кириешкидің құрамында не бар екенін білмейтінмін. Сондай-ақ кока-кола сусынының қалай жасалатынын осы уақытқа дейін жете білмеген едім. Оған қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде көзім жетті.

Бақыткүл СЫЗДЫҚОВА,

№18 Ж. Еділбаев атындағы мектеп гимназиясы.

Түркістан қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *