«ҚАСЕКЕҢЕ ҚАРАЖАТ ЖОҚ» ДЕГЕН ШЕНЕУНІКТЕРДЕ ҰЯТ ЖОҚ

Саясат
287 Views

Елімізде әкімдер әкелеріне көшенің атын беріп,ата-бабаларына арнап алып ескерткіш тұрғызып, керек десеңіз ауыл мен қаланың атын атағысы келетін заманда өмір сүріп жатқан жоқ па едік?! Алайда тарихи тұлғаларға ескерткіш түгілі көшенің атауын бергісі келмейтін, батырлардың аты түгілі, жасаған ерлігін естігісі келмейтіндер көбейді.

 Шығыс Қазақстан билігі халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың Өскемен қаласының елеусіз жанар-жағармай бекетінде тұрған ескерткішін орталық саябаққа ауыстыруға құлықсыз танытқаны ұлттың тамырына балта шапқандық емес пе? Саны бар сапасыз дүниеге қаражатты үйіп төгетін өскемендік әкімдерге не жау тиді? Жау оғына кеудесін тосқан батырдың ескерткішін төрге шығарса болмай ма? Сол саябақтың қақ ортасында 1938 жылы салынған Сергей Кировтың ескерткіші атам заманнан бері мемлекеттің қорғауында келген деседі. Сол ормандай орыстың жерін қорғап қалған батырымызға Өскеменнің орталық саябағында орын бір жапырақ жер бұйырмағаны ма? Мемлекеттің қаржысына уақытқа дейін Өскеменде қанша ма жобалар жүзеге асырылды. Қанша ма ескерткіштердің ашылу салтанаты өтті. Сонда басқарушы билік Қасекеңнің ескерткішін орнын ауыстыруға, оны мемлекеттің қорғауына кіргізбеуіне не себеп?

Авто жағармай бекетін күзетіп тұр ма дерсің Қасекеңді!? Ал, Кировты төрге шығарыппыз-ау…

Нұр-Қасым ӘЛІМБАЙ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *