АСПАНДА БІР ЖҰЛДЫЗ БАР КЕРІ АЙНАЛАР, КЕРІ АЙНАЛСА, ОЛ ЖҰЛДЫЗ ЖЕР АЙНАЛАР

Таным
325 Views

Түркия еліндегі болған зілзала бүкіл әлемнің назарын аудартты. Бауырлас елдің тартып жатқан азабын, түркі тілдес ағайындардың да қабырғасын қайыстырып, жүрегіне он төрт балдық сызат түсірді. Түркі халқының бастан кешіп жатқан қиын қыстау кезеңі көзді ашып жұмғанша өтер кетер.

Айтпағымыз біздің ел, біздің жер. Түріктердегі жағдай кезінде Алматы қаласында орын алған. Мың тоғыз жүз сексен үшінші жылы Алматылықтар түн ұйқысын үйіндінің астында өткізгендігі баршамыздың есімізде. Одан берменде қаншама дүмпулер орын алып келеді. Дәл кешегі Түркиядағы жеті сегіз балдық дүмпулер орын алса әсем қаламызбен өзге қалалардың қирамауына кім кепіл? Билік оған дайын ба деген сұрақ туындайды. Жаман айтпай жақсы жоқ. Бүгін бір мақаланы көзім шалып қалды. Еліміздегі сейсмолог мамандар Түркиядағы жағдай елімізде де орын алуы мүмкін дейді. Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды. Елімізде жел тұрса қирап жатқан үйлер. Жер сілкінсе үй түгілі үйінділерін таппай қалатын шығармыз. Жалпы елдегі сейсмикалық жағдай қалай? Мамандар айды аспанға шығаруды әдетке айналдырып алған ба?

Әлде болжамдары шынайы келіп жатса ел қайтпек? Еліміздің оңтүстік-шығыс аймағында бір екі балдық дүмпулер аптасына бірнеше мәрте орын алып тұрады. Алматы халқы бұл жағдайға еттері үйреніп қалған десек артық айтпағандығымыз. Осыдан екі жұма алдын Шым шаһарда жер қозғалған жайты бар. Сейсмикалық жағдайды бақылайтын бақылаушылар алда жоғары балдық жер сілкінісі орын алуы мүмкін деп отыр. Шығыс Қазақстан облысынан бастап, Қызылорда облысына дейін жерасты дүмпулері 7-9 баллға дейін жетуі мүмкін сейсмикалық қауіпті жерлер бар. Әсіресе, Алматы облысы бұл жағынан Орталық Азиядағы өте қауіпті аймақта орналасқан. Бұрын бұл жерде күшті жойқын жер сілкінісі бірнеше рет болған. Мәселен, 1887 жылғы Верный жер сілкінісін және 1911 жылғы Кемин жер сілкінісін айтуға болады.

Сейсмологтардың сесті пікірі елді қорқыту деуге келмейтін шығар. Ол табиғи құбылыс. Кезінде ата-бабамыз жерасты дүмпуін, табиғи апаттарды төрт-түліктің іс-қимылынан сезген.Тіпті керек десеңіз адамның денесінің сыртқы және іш ағзаларымен сезген.

Жер сілкінер бұрын ауада біртүрлі магнит өрісті тымық ауа пайда болады да, адамдардың өкпе тыныс алуы ауырлап, жүректері қысып, мінездері тарылып, көңіл күйлері нашарлап, рухы әлсіреп, басы ауырып, сіркесі су көтермей бей-жей мазасыз күй кешеді. Бұл жер сілкінерден бұрынғы табиғи орта мен жаратылыстың адам организміне берілген белгі деп қабылдаған жөн.

«Мөлдір ауада жүріп жатқан магнит өресінің сонау шырқау аспандағы жұлдыз, күн, ай сынды аспан шырақтары мен жер шары арасындағы тартылыс күштерінің және жер асты терең қойнауындағы қатпарлы қазыналардың тартылыстық өзгерісінен, жерге ауыр қысым түсіп, жойқын қопарылыс пайда болып, зілзала туатынын атам қазақ бағзы заманда айтып кеткен екен», — дейді этнограф Болат Бопайұлы. Мынадай халық өлеңі содан қалған: Аспанда бір жұлдыз бар кері айналар, Кері айнала, ол жұлдыз жер айналар. Жер айналса керіге ісің кері кетіп,Мұз боп қатып жүрекке шер байланар. Ұршықтай жер айналып тұрып алса, Жол таппай зілзаладан бас айналар».

Мәселен жеті қазынаның бірі — иттер тағатсыздана үріп, жылай ұлып, үй айнала жүгіріп, иесіге бір апаттың боларын алдын ала, әр түрлі әрекетімен де, ұлыған жан дауысымен де хабар беретін.

Жер сілкінетінін, үлкен зілзала болатынын күн ілгері сезіп білетін үй мысығы, бір жерде тұрақтамай, үйден сыртқа қашып шығуға әрекеттенеді. Онымен тынбай, өз бетін өзі тырмалап, не үйдегі сырмақ, текеметтерді тырнағымен түтіп, болмаса үй іргесін қазып, мияулап қарадай мазасы кетіп, иесіне белгі береді. Мысық ескі аңыздардағы деректер бойынша, басқа әлемнен жер бетін уақытша тазартуға келіп, қайтатын уақытта ұйықтап қалып, ақыры жер бетін мекендеп қалған деседі. Сондықтан оның екі көзі көктегі күннің жүруімен ілесіп, көз қарашығы жалпайып, жіңішкеріп өзгеріп отыратыны содан екен. Мысықтың көзі күні-түні бірдей көреді. Ол адам баласы көре алмайтын тылсымдарды көреді, естімейтін дыбыстарды естиді. Адам сезбейтін бейнелерді сезеді. Былайша айтқанда, қазіргі замандағы ең озық жер сілкінісін бақылай алатын аппарат деуге болады.

Зілзала болатынын төрт түлік мал да сезеді. Жер сілкінерден бұрын оны төрт түлік мал да алдын ала сезеді де, олар да тосын қылықтар танытады. Мысалы: кешке қарай төбесі жабық қораға кірмей, далаға қашады. Түнде бауырын жерге басып жатпай тік тұрып алады. Күйіс қайтаратын малдар күйіс қайтармай қояды. Жылқы кісінеп, айғырлар азынап, түйе боздап, сиыр мөңіреп, қой, ешкі маңырап, қозы-лақ шулап, жалпы төрт түлік малдан ерекше маза кетеді. Мазасының кететіні соншалық, байлаулы жылқы шылбыр, шідерін үзуге талпынып тулайды.

Түйелер бұйдасын, сиырлар жібін үзуге ұмтылып, сыртқа шығуға тырысады. Бұл дегеніміз мақұлық жануарларға берілген Алла тағаланың табиғи түйсігі болса, бір жағынан оны бағып өсіріп, тұрмысына тұтынып отырған адамдарға берілген, апаттан сақтану дабылы, ескертуі деп білген дұрыс. Ал, ауыл тауықтары тұтаса шулап-шұрқыраса, онда бір апаттан хабар беріп тұр деп қабылдаған. Жабайы қарға, торғай, сауысқан, ұзақ сияқты дала құстары жазық даланы бетке алып, тақыр жерлерге қонақтап, улап-шулап, шиқылдап бір ұшып, бір қонып, әуеге көтеріліп, үй төбесінен қайта-қайта айналып, аспаннан саңғырығын тастаса, онда олар зілзала боларын анық біліп, адам пенделеріне хабар беріп жатыр деп, дереу сақтық шараларын жасау қамына кіріседі.

АЛ АДАМДАР АҒЗАСЫМЕН ҚАЛАЙ СЕЗГЕН?

«Атам қазақ аспан есебін, жұлдыздар қозғалысын, жұлдыздардың орын алмасуына қарап, уақыт есебін дұрыс есептей білумен бірге, ауа райын жақсы болжай білген ғой. Соған қарағанда жоғарыдағы өлеңді бекер шығармаса керек, бір ұшқыр ой ғасыр түбіндегі аталар парасатына жетелей береді. Иә, иә. Осындай түрлі, тірі оқиғалардың нәтижесі жалпы адамзат, пенделігіне айтпаса да түсінікті. Әр пендеге, әр алуан ой туғызатыны ықтимал… Жалпы айтқанда, адамдар баласы табиғаттың осынау тылсым құбылыстарына қарап әртүрлі болжамдарға келетіні ақиқат»,Тағы бір қызығы табиғи жүйе заңдылығының адамзат рухы мен сана түйсігіне берілетін әсері. Көңіл- күйдің болмай, мең-зең күйде болуы. Жоқтан өзге нәрсеге алаңдай беруі. Қалыпсыз жағдайда сезінуі т.б. Бұл дегеніміз жаратылыс заңдылығымен берілген табиғаттағы көзге көрінбей жүріп жатқан тылсым жұмбақ магниттік өрістің әсері екенін әлі күн мойындағымыз келмейді ғой.

Апат айтып келмейді. Қазақ қашанда қиыншылықтардың алдын алып отырған дана халық. Даналығының арқасында талай зұлмат кезеңдерді жеңіп шыққандығы. Бастысы тәубемізбен шүкіршілікті ұмытпайық.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *