ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІН БІЛГЕН ЖӨН

Қоғам
1 115 Views

Күн сайын Қазақстанда жұмысшылар мен қызметшілердің бірі үйлеріне оралмайды. Адамдарбейқамдығы, қауіпсіздік техникасы ережелерін білмеу және жұмыс берушілертарапынан да, өздерінің де салғырттығы үшін өмірі және денсаулығымен төлейді.

Әлемде жылына екі миллионға жуық адам көз жұмады, түрлі дәрежедегі жарақаттары бар жазатайым оқиғалар 207 миллионға дейін есептеледі! Өкінішке орай, Шымкент жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегін қорғау саласында да үлкен жетістіктерге жете алмайды.

Құрылыс алаңдарында қызметкерлер ең қауіпті жарақаттарға және мертігуге ұшырайды, өйткені технологиялық процесс қауіпті құралдар мен механизмдерді, өте ауыр және өткір металл бұйымдарын пайдалануды көздейді. Осының бәрі әрбір қызметкерді қауіпсіздік техникасының ережелерін барынша дәл сақтауға міндеттейді. Біз кейде тиісті құжаттарға өз қолымызды қойып, өз міндеттеріне кірісу үшін қажет құжаттардағы белгі сияқты қараймыз.

Сол уақытта жұмыс беруші өзінің қызметкерінің өндірісте жарақат алмауы үшін мүдделі болуы тиіс. Ол үшін көп еңбек ету керек және елеулі сома салу керек, нәтижесінде қалыпты еңбек үшін тиісті жағдайы бар дені сау ұжым кәсіпорынның игілігі үшін барлық күш-жігер мен талантын жұмсайтын болады.

Осы іс-шараны өткізудің мақсаты – өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулардың ауқымы мен салдары туралы ақпараттандыруды арттыру болып табылады. Қызметкерлердің денсаулығын сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне мемлекеттік мекемелердің тізбесінде бірінші орында мән беріледі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларға жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *