«БАНКРОТ» ДЕП ТАНЫЛҒАН БОРЫШКЕРДІ НЕ КҮТІП ТҰР?

Заң Қоғам
761 Views

Елде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы дайын болды. Дегенмен құжат 23 ақпанға дейін қоғамдық талқылаудан өтеді. Егер заң қабылданса, «банкрот» деп танылған азаматтар мынадай шектеулерге тап болады:

Біріншіден, 5 жылға дейін қаржы ұйымдарынан қарыз берілмейді.

Екіншіден, 3 жыл бойына Қазақстаннан шыға алмайды. Шет елге тек өзін немесе жақын туысын емдету үшін бара алады. Сондай-ақ жақын туысының жерлеуіне қатыса алады.

Үшіншіден, қарыз алуға, кепіл болуға, басқа да келісімдер жасауға итермелеуіне тиым салынады.

Мұнымен қоса, кредиторлар борышкер банкроттық туралы арыз бергеннен бастап оны мазаламауы керек. Бүкіл берешегі бойынша өсімпұл, айыппұл тоқтатылады. Жеке банктік шоттарынан ақша өндіріп алуға да тыйым бар.

Еске салайық, мұндай жеңілдікке қарызы 4 миллион 900 мың теңгеден аспайтын тұлғалар ғана ілігеді.

Елімізде жеке тұлғаларды банкрот деп тану туралы заң қабылданса, екі миллионға жуық адам бұл мүмкіндікті пайдалануы мүмкін. Бірақ, олардың барлығына бұдан кейін несие берілмеуі ықтимал.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *