ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА

Білім
1 013 Views

Жуырда киелі өңірге Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Күләш Ноғатайқызы арнайы іссапармен келді. Күләш Ноғатайқызы сапар барысында Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты «Балдырған» бөбекжай-балабақшасында болып, қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті оқыту, яғни ерекше білім қажет ететін балалармен психологиялық-педагогикалық түзету жұмыстарымен танысты.

Ерекше білімді қажет ететін балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу керек екендігіне бағыт-бағдар берді.

Сонымен қатар еліміздің бас ұстазы қаламыздағы М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясында болып, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша өтіп жатқан апробация жұмыстарымен танысып шықты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *