«МАХАББАТТЫ БАҒАЛАЙ БІЛЕМІЗ БЕ?!»

Білім
1 121 Views

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Ақпараттық білім беру орталығының (АБО) ұйымдастыруымен студенттер арасында аталмыш университеттің №8 ғимаратында Гуманитарлық оқырмандарға қызмет көрсету бөліміндегі кітапханада«Махаббатты бағалай білеміз бе?!» атты «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті.

Іс-шараға «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушылары, филология факультетінің деканы, филология ғылымының докторы, профессор Болатбек Мақұлбекұлы Тілеубердиев, «Мәдени тынығу» кафедрасының оқытушылары мен студенттері, техникалық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Бота Қулданбаева, оқу залдарының меңгерушісі Ботагөз Жумабаева, көпшілік іс-шара өткізу бөлімдерінің меңгерушісі Сауле Балтабекова, «Театралдық және эстрадалық шығармашылық» кафедрасының меңгерушісі Шолпан Турдалиева және студенттері қатысты. Іс-шараны филология факультетінің студенттік басқару деканы Бекзат Нұртай жүргізді.

Махаббат деген – кіршіксіз ақ орамал, кестелеп ою тоқылған.

Махаббат деген – жас қайың, жерге көлеңке түсірген.

Махаббат деген – таза бұлақ, ешкімнің қолы тимеген.

Махаббат деген – асыл сөз, айтуға мұрша бергізген.

Махаббат деген – қыз бен жігіт, сезімдерін білдірген.

Махаббат деген – шын сезім, жүректі әнмен тербеген.

Бұл әлемді өзіне бағындырған ұлы күш. Адам ақылына сыймайтын іс-әрекетке апаратын құдірет иесі. Махаббатты бастан өткізудің өзі бір бақыт. Алайда, оның ыстығы мен суығы, ащысы мен тұщысы, қуанышы мен қайғысы бір мезгілде ұштасқан махаббатты бағалай білу керек. Филология факультетінің магистранты Азимхан Исабек Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романын көркемдік тұрғыда кемеліне келтіре талдады. ФИ 17-1к2 тобының студенті Иса Шаншар, ФИ 18-15к3 тобының студенттері – Бақнұр Рахымжанова, Ләззат Әбілхасымова, Сезім Мергенбай, Ерғазы Иманберді, Оразбек Бауыржан өздері жазған махаббат жайлы өлеңдерін оқыды. Махаббаттың шынайылығы – адам қашан, кімге ғашық болатынын біліп болмайды. Махаббат – Алланың адамға берген ең басты сыйы. Махаббаттың түрі көп. Ең ұлы махаббат – Жаратушының өзі жаратқан барлық жаратылысқа деген ерекше ұстанымы, барлық ғарыштың басын біріктіріп тұрған ұлы зандылығы. Махаббат деген – жүрек, сезімді толық билеу. Студенттерге рухани тәрбие беретін және патриоттық сана-сезімін жоғары деңгейде оятатын осындай әдеби-шығармашылық кештер мен сан түрлі тақырыптағы жиындар бізде жиі өткізіліп келеді.

Жанат ЕРЕЖЕПОВА,

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Ақпараттық білім беру орталығы гуманитарлық саладағыларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *