Кезінде КСРО азаматы, коммунистік партияның мүшесіболған, қазіргі Қазақстанның бір азаматының Одақ кезіндегі саяси, экономикалық,құқықтық, ұлттық және тағы басқа мәселелерге жеке көзқарастары меніс-әрекеттеріне қатысты партия қатарынан шығарылу мен оның қателік ретіндетанылып, мүшелігінің қалпына келтірілгеніне байланысты барлық деңгейдегі партияұйымдары мен комитеттері қаулыларының «қаралау» мақсатындағы құжаттарының негізгі бөлігі бұрынғы компартиялық, қазіргі «Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен «жоқ болып кетіп» (1992 жылы), қайтадан табылғаны (2020 жылдыңжелтоқсаны) туралы газеттің өткен сандарында жазған болатынбыз.
Қазіргі кезде дәл «сол азаматтың» өзінің ұзақ жылдар бойы саяси-ұлттық тұрғыдан қудалануы мен Конституциялық құқықтарының өрескел бұзылуларына кінәлі деп есептеген мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың лауазымды қызметкерлеріне қатысты қойған ар-намысты қорғау мен шектірген моральдық зиянды өтету туралы азаматтық істер қаралған және олар бойынша қабылданған процессуалдық шешімдерге қатысты түпнұсқалық құжаттардың (1991-2001 жылдар) Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық сотының архивінен бүгінге дейін табылмағаны, ал Абай аудандық сотында өртеу жолымен жойылғандығы белгілі болды.
Мұндай жағдайдың кездейсоқтық, яғни осы ретте нақты «осыазаматтың» саяси-ұлттық, құқықтық-экономикалық және тағы басқа іс-әрекеттерінеқатысты қысастық жасау ма? Жоқ, әлде қандай да бір болмасын мемлекеттік билікжүргізу жүйелері мен оның негізгі партиясының, соттарының іс-тәжірибесіндекездесіп тұратын құбылыс па? Немесе олардың басқа да себеп-салдары болуы мүмкін ба? — деген сұрақтарға жауап іздеу жөнінде журналистік зерттеулер жүргізілетін болады. Олардың нәтижелерінен оқырмандарымызды газеттің алдағы сандарындахабардар етеміз.
«Әділет-ақпарат»