ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРДЫ ҰЛЫҚТАЙТЫН ҰЖЫМ

Білім
639 Views

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің биология кафедрасының оқуүрдісінде ғылым мен тәжірибені ұштастыруды, студенттердің шығармашылығынқалыптастыруды өз дамуының негізгі бағыттары деп есептейді. Университетіміздегіғылыми-зерттеу жұмыстарының қайнар көзі еліміздің «Қазақстан-2050»Стратегиясынан және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ ЕңбекҚоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық еңбегінен бастау алады. Жаңа Қазақстанныңтұрақты дамуы, үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттікбағдарламасының басым бағыттары негізінде білім берумен қатар ғылыми-зерттеужұмыстарын ұштастырып келеміз. «Ғалым адамның: ақылы – айқын, жігері – зор,мақсаты – елге қызмет ету» дегендей, біздің ғалымдарымыз осы сөздің растығындәлелдеді.

 ОҚМПУ жараталыстану факультетінің биология кафедрасында үш ғылым докторлары мен профессорлары, он ғылым кандидаттары мен доценттері және оннан астам ғылым магистранттары жұмыс істейді. Биология кафедрасында үш оқытушы-профессорлары: биология ғылымының докторы, профессор Ә.Н.Халиланың, биология ғылымының кандидаттары – Н.М.Байсейтова мен Х.М.Сартаеваның ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушы» грантының иегері болғаны – үлкен мақтаныш. Кафедрада ҚР ҰҒА-ның академигі, а.ш.ғ.д, С.Абдраймов пен а.ш.ғ.д., профессор Т.Өмірзақовтың жетекшілігімен ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаттары: Г.Б.Алпамысова, А.Е.Айтбаева, Г.С.Халикова мен Г.М.Сартбаеваның бірлесіп жүргізген «Ауыл шаруашылығы малдарының генетикасы мен селекциясы және эмбрионды трансплантациялау» жұмыстарының ғылыми жаңалықтары және биология ғылымының кандидаттары мен доценттері – Э.Б.Жаппарбергенова мен Д.Т.Исакованың бактериялардың өзгергіштік қасиеттерін зерттеу барысында ашқан құнды нәтижелері студенттердің ғылыми ізденістерге деген ынтығушылықтары мен қызығушылықтарын арттыруда.

 Қоршаған орта экологиясы бойынша ғылыми-зерттеу ізденістері үлкен жетістіктерге жетуде. Атап айтқанда, б.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісі Н.М.Байсейтованың «Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсері» мен б.ғ.к., доцент М.У.Сәрсембаеваның «Өсімдіктерге радиацияның әсері», б.ғ.к., доцент Х.М.Сартаеваның «Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы Созақ аймағындағы радиациялық әсерлерді зерттеу» атты ғылыми ізденістерін біліммен ұштастыру жұмыстарын жандандыруын ерекше көрнектілікке жатқызуға болады. Ұстаз барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, үйрететін мейірімді абзал жандар. Дүниедегі мамандық атаулының төресі ұстаздық болып саналады. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау», – деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Сондықтан ұстаздарды ұлықтау – ұлағатты тірлік. Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталған Жолдауында ұстаз мәртебесі ерекше мән берілген. Ендеше, ұлттың кемелді жолына жарық беретін, бағдаршам болатын ұстаздар қауымын құрметтеу – біздің басты міндетіміз. Осыған сәйкес Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде ұлағатты ұстаз, ғаламатты ғалым, Биология кафедрасының профессоры, биология ғылымының докторы, Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Халықаралық Экология академиясының академигі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушы» грантының иегері, ҚР Қажылар одағының мүшесі, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Журналистер одағының мүшесі Әбділақ Халиланың 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты конференция ұйымдастырылды. Ұзақ жылдар бойы білікті, өз ісінің шеберлерін даярлауда сүбелі үлес қосып келе жатқан ұлағатты ұстазды ұлықтауға университет басшылығы, Жаратылыстану факультеттің деканаты мүшелері, Биология және Химия кафедраларының профессор оқытушылары, магистранттар мен студенттер арнайы келді. Мерейтой иесінің құрметіне жылы лебіздер, жүрекжарды ақ тілектер ақтарылып, шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.

 Кафедра профессоры, Халықаралық Экология академиясының академигі Әбділақ Халиланың ғылыми жаңалығының құндылығы мен ерекшелігі, ұсынылып отырған жетілдірілген иммунологиялық әдістерді қолдану барысында ауылшаруашылығы малдарының арасындағы гельминттер тудыратын эпизоотикалық жұқпалы аурулар – экинококкоз, фасциолез және паразитті қарапайымдылар тудыратын токсоплазмоз бен трипанасомоз ауруларына шалдыққан жануарларды мүмкіндігінше толық анықтап, қатерлі індет көзін түгелдей оқшаулауға мүмкіндік береді. Иммунологиялық жаңа әдістер кешенін шағын және орта кәсіпкерлікті бизнеске ендіру паразитарлық инвазияға таза емес шаруашылықтағы індетке қарсы шараларды сапалы жүргізуді қамтамасыз етіп, малдарды аса қауіпті инвазионды, індетті аурулардан сауықтыру мерзімдерін анағұрлым қысқартады. Аталған індеттердің адамдарға таралатын негізгі ошағы ауру малдар екенін ескеретін болсақ, онда кафедра оқытушы ғалымдары ұсынылып отырған ғылыми жаңалықтарының әлеуметтік маңызы зор екенін көрсетеді. Дүние жүзінде тұңғыш рет паразитті тіршілік ететін тоғышар құрттар мен қатерлі қарапайымдыларды табиғатта таралуын анықтауға ұсынылған иммунологиялық әдістерді қолдануға болатынын ашқан жаңа жетістіктер кафедра профессорларының жетекшілігімен жас ғылым кандидаттары мен магистранттары ашқан ғылыми жаңалықтары екендігі қуантады.

 Ерекше ескеретін ғылыми жаңалық, профессор Ә.Н.Халиланың жетекшілігімен елімізде тұңғыш рет ірі қара малдардың буаздығын алғашқы айларынан бастап анықтауға арналған иммунологиялық әдістерге алынған Авторлық куәліктер мал шаруашылықтарда мал төлдерінің жоспарлы көбеюі мен өсіп дамуына жағдай тудырады.

 Тәуелсіздік алған еліміздің мемлекеттік тілін жандандыруда ғалымның ерен еңбектер ерекше орын алады. Әбділақ Халила Тәуелсіздік алған елімізде биология саласы бойынша тұңғыш рет докторлық диссертациясын мемлекеттік тілде жазып, қазақтың төл тілінде қорғаған ғұлама ғалым. Ғалымның жазған «Орысша-қазақша және қазақша-орысша биологиялық сөздігі» ізденушілер мен студенттерге өте қажетті көмекші құрал болып табылады. Әбділақ Халиланы дүние жүзінде тұңғыш тоғышар құрттарға қарсы вакцина алу әдісін ашқан жаңалығы үшін ғалымды жұрт «Қазақтың Дженнері» деп таниды. Шындығында, дүние жүзінде тұңғыш ХVIII ғасырда вирустарға қарсы вакцинаның алу жолдарын ашқан, ағылшын ғалымы Э.Дженнер болған. Микробтарға қарсы вакцинаның алу жолдарын ХIХ ғасырда француз ғалымы Луи Пастер ашқан. Ал, паразит құрттарға қарсы вакцинаның алу әдісін дүние жүзінде тұңғыш ХХ ғасырда ашқан және паразиттерге қарсы вакцина алудың негізін салушы қазақ ғалымы биология ғылымдарының докторы, профессор Әбділақ Халила болуы – тек жеке адамның емес, тәуелсіздік алған еліміздің жарқын жемісі.

 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында ерінбей еңбек еткен, талмай ізденген ғылым адамдардың озатынын және абыройлары асқақ болатынын атап көрсетті.

 Елбасы көрсеткен сара жолмен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің биология кафедрасының оқытушы профессорлары нық басып келе жатыр. Ал, қадамы қарышты оқытушы профессорлар ешқашан тайғанақтамайтыны белгілі.

Ә. НҰРЛАҚҰЛЫ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *