ҰЛТТЫҢ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫ– БІЛІМІНДЕ

Білім Руханият
838 Views

Шымкент қаласы жыл санап түрленіп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсіп, өркендеп, білім сапасыда артып келеді. Халқының саны да бұрнағы жылдармен салыстырғанда едәуір молайып, ел-жұрттың тұрмыс-тіршілігі де жақсара түсуде. «Шымкент – сәулетті қала.Тарихқа тұнып тұр. Астана, Алматыдан кейінгі Қазақстанның үшінші қаласы –Шымкент дегенді мен бұрын да айтқанмын. Халқының саны бір миллионға жетерлікқаланың көркі бүгінгісінен де көркем болады» және «Мұндай қалалар тұрғындарүшін қолайлы, қауіпсіз, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жаңартылған жәнемәдениеті жоғары болуы тиіс», — деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі бар. Бүгіндешаһарымыз жаңа жобалары және мәдениетімен, ауқымды жұмыстарымен және еңбекқор,қонақжай, қайырымды халқымен, сондай-ақ, жаңашылдыққа ұмтылуымен күн санапжаңғырып, дамып келеді. Ендеше, көркем қаланың кереметтей сәулетіне, мұндағыбілім сапасының да сай болғаны жөн.

Иә, білім – адамзаттың сарқылмас қазынасы. Адамзат тарихында ұлт болсын, ұлыс болсын, жеке адам болсын тек білім арқылы ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Біліммен ғана басқалардан озады. Ұлы суреткер жазушымыз Мұхтар Әуезов: «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім»,– деп тегін айтпаған. Біз үнемі айтып жүретін, ойшылдық, көрегендік, адамгершілік, парасаттылық деген ұғымдардың бәрі де біліммен тікелей байланысты. Адам бойында болатын тапқырлық, шығармашылық қасиеттері біліммен ғана кемелденеді. Білімсіз адамның бойынан бұл қасиеттердің бірін де табуға болмайды, болған күнде де жартыкеш, жансар күйде кездеседі. Бір ұлттың, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі – білім ғана. Осындайда Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «XXI ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз» деген үлкен парасаттылықпен айтылған көреген пікірі еске түседі. Ұлттың білім қорының, біліктілік сапасының қандай екенін мектебінен көруге болады. Мектеп даналардың түлеп ұшар тұғыры, талантын шыңдар білім ордасы. Ұлттың рухани байлығы білімінде, ұстанар бағыты тәрбиесінде болса, ал осы білім мен тәрбиенің сарқылмас кәусар бұлағының көзі – мектепте екені даусыз. Мектеп қабырғасы – әрбір адамның алдағы өмірін қалып­тастырар алғашқы табалдырық. Сондықтан да әрбіріміздің алда қандай адам боларымыз да мектепте алған білімімізге, тәлім-тәрбиемізге байланысты.Осы тұрғыдан келгенде тәуелсіз қазақ елінің бүгінгі құдіреті, болашағының кепілі – кемел білім берер мектебінде десек, Шымкент қаласы №15 Д.Менделеев атындағы мектеп-лицейі дәл сондай құтты білім ошағының бірі.

Білім ордасы болғандық­тан, әрине, мектеп ұжымының негіз­гі назары – білімде. «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні ғаріп» деген қағиданы берік ұстанған мектеп басшысы Жанар Ержанқызы мен ұстаздар қауымы алдында отыр­ған шәкірттеріне барынша сапа­лы білім беруге бар жігерін салады. Са­бақ беру барысында заман көші­нен қалмай, жаңа әдіс-тәсілдерді де сәтті пайдаланады.

Күн санап ақпарат кеңістігі өркендей түскен заманда жас ұрпаққа сапалы білім беру мұғалімнің, ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді. Осы орайда қала мектебінің бүгінгі бет-бейнесін жаңа қырынан көрсетіп келе жатқан «Д.И.Менделеев атындағы №15мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұжымы бұл күнде «Ата-ана – оқушы – ұстаз» атты үштік одақ аясында бір мақсатта жұмыс істеп келеді. Үш одақтың ынтымағы мен бірлігі жарасып, ұрпағымыздың болашағы жарқын, қадамы нық болуы үшін аянбай еңбек етуде.

Орта білім беру мазмұнын жаңарту үшін ұйымдастырылған педагогикалық курстарда мұғалімдеріміз өз білік-білімдерін жетілдіріп, заман талабына сай жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, оқушыларды білім нәрімен сусындатуда. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекеге қабілеттілігі айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуының сөзсіз қажетті алғышарттары саналады. Сол себепті мектебімізде оқушылардың «Тілдік құзыреттілік» курстарын аяқтап, химия, биология, информатика пәндерін қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруіне үлкен көңіл бөлінеді. Сондай-ақ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің Білім беру факультеті бірлесіп дайындаған деңгейлік бағдарламалардың тиісті сертификатын алған, І, ІІ, ІІІ деңгейлі ұстаздар заманауи талаптарға сай білім беріп, мұғалімдермен коучинг, тренинг, шебер сабақтар өткізіліп, өз тәжірибелерімен бөлісіп отырады. Және айта кетеріміз Шымкент қаласы «Дарын» мектебінің ұйымдастыруымен өткен IT Camp жобасы аясында 100 мың теңгелік сертификатты жеңіп алып, II жүлделі орынды иеленген шәкіртіміз Дайырбек Рысбековті мақтан етіп айта аламыз және «Назарбаев зияткерлік мектебінде» өткен «Шаңырақ» онлайн байқауынан «География» бірлестігі бойынша І орынды қанжығасына байлаған үздік мектеп.

Қазіргі уақытта әрбір педагог үшін өз білімдерін шыңдау, дамыту басты мақсат болып табылады. Себебі, білім бір орында тұрмайды, ол үздіксіз дамып отырады. Әр күн сайын біз жаңа ашылулар, жаңалықтар оқып,көруімізге болады. Сол жаңалықтардың бірі – жаңаша тәсіл – Lesson Study деп аталатыны белгілі. Lesson Study – мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study-ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study-дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Білім деңгейін арттыру мақсатында мұндай әдіс-тәсілді де жетік игеріп алған мұғалімдер шәкірттерімен сапалы жұмыс жасауда.

Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы сыныптан тыс жүргізілетін үйірменің рөлі зор. Оқушылардың шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыру мақсатында мектебіміздің оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бір бөлігі ретінде үйірмелер жұмыс істейді. Атап айтсақ, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, күрес, гандбол, дойбы, ұлдар мен қыздар футболы, би, домбыра және сананы шынықтыратын шахмат т.б. үйірмелеріне шәкірттер қызыға қатысады. Түрлі спорт, өнер салалары бойынша да оқушыларымыздың халықаралық, республикалық және қалалық деңгейдегі жетістіктері жетерлік.

Биылғы оқу жылы әлемді жайлаған «COVID-19» короновирус инфекциясының салдарынан онлайн режимде өтуде. Ұстаздар қауымы мен оқушылар, ата-аналар оқу мен тәрбие саласындағы кедергілерге қарамастан, барлық жұмыстарды қашықтан өз дәрежесінде өткізуде.

Мектеп – келешек ел басқарар, ұлт мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі де, қасиетті ұя. Сол мектептің негізгі тірегі – білімді де білікті ұстаз. Қазіргі заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім, спорт, өнер бәйгесінде, дүбірлі жарыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару – ұстаздардың ерен еңбегінің нәтижесі. Осы орайда айтар болсақ, біздің мектебімізде білікті ұстаздар мен білімді оқушыларымыз жетерлік. Үш жылдың ішінде мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз жыл сайынғы өткізіліп жатқан халықаралық, республикалық, қалалық пән олимпиадаларына, ғылыми жобаларға, спорттық жарыстарға, түрлі байқауларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болып, көптеген жетістіктерге қол жетіп, мектебіміздің абыройын асқақтатты. Шәкірт жетістігі – мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жемісі. Олай болса, адамды ұлы мақсаттарға жеткізетін ұлы күш – білім, оны жас ұрпақтың бойына дарытушы ұстаздар қауымы екені даусыз.Қара танымай партаға қонжиған қара­­домалақтан білімді де тәрбиелі азамат өсіріп шығару – сол мектеп аталатын киелі шаңырақтың шеберханасында ғана жасалатын ұлы іс деп бағалауға тұрарлық.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің ертеңі–бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп өз сөзінде айтқанындай, білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі ұстаз қауымының алдында тұрған үлкен мәселе. Міне, осындай үлкен жетістікті арқалап келе жатқан №15 Д.Менделеев атындағы мектеп-лицейінің жетер жетістігі, алар асуы, бағындырар белесі әлі алда. Міне, «Оқу мен тәрбие егіз» ұғымын өз ісінде жүзеге асырып келе жатқан мектеп ұжымының еңбегі өзгелерге үлгі боларлық. Болашақта мектептің ұстаздары бәсекеге қабілетті, білімді оқушылар тәрбиелеп, жағымды жаңалықтар мен бөлісер жетістіктері арта береді деген нық сенімдеміз.

Мақпал АЛИЕВА,

Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейдің

директордың бейін жұмысы жөніндегі орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *