ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ БАСТАМАЛАРЫ

Рухани жаңғыру
1 615 Views

«Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі».

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы сәуір айында жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жалғасы болып табылатын осыдан бір жыл бұрын жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Ұлы Дала Елінің тарихынан терең сыр шертетін қазақ халқының тұнып тұрған шежіресі іспетті. Олай деуге толық негіз бар. Себебі, мақалада сан ғасырлық тарихымызға, атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнерімізге, салт-дәстүрімізге, әдет-ғұрпымыз бен бай мәдениетімізге баса назар аударылған.

Ұлтымызды ерекшелеп тұратын, мақтаныш ететін өз сипаты, мәдениеті бар. Қазақтың кең жазирасының «Ұлы дала» деп аталуында ұлы мән жатқандай. Атқа міну мәдениетінің басталуы, тау-кен өндірісі ошақтарының пайда болуы, аңшылық өнері, Алтын адамның табылуы, Түркі әлемінің бесігі атануы, ең алғашқы алма жемісі мен қызғалдақтың тамыр жаюы, Батыс пен Шығысты экономикалық, мәдени тұрғыдан байланыстырған көпірге айналуы – ұланғайыр даланың «Ұлы» атты иеленуіне дәлел. Осы айғақтарды әлем халқына кеңінен таныстыру – жаһандану көшіне ілесу жолындағы бір міндет. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында осы мәселені алға қойған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеуге мемлекеттің барша азаматтары жұмыла атсалысуы қажет. «Ұлы даланың жеті қыры» тек қазақ халқы ғана емес, дүйім түркі жұртының төл тарихындағы өзекті мәселелерді қозғайды.

Ел еңсесін көтеріп, етек-жеңін жинап, дамыған озық отыз елдің қатарында болу секілді асыл мұраттар жолына шыққан сәтінде «Мәдени мұра», «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» идеялары халқымызды рухани тұрғыдан қанаттандырып, бір серпілткені рас. «Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгендей» ғасырлар қойнауында қалған рухани құндылықтарымызбен қайта қауыша бастадық.

ТАМЫРСЫЗ ТАЛ БОЛМАЙДЫ, ТАРИХСЫЗ ЕЛ БОЛМАЙДЫ

«Кеңістік барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады».

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.

Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы жоғарыда келтірілген ізгі мұраттарды одан сайын жандандырып, жалғастыра түсері сөзсіз. Бұл туралы Мемлекет басшысының өзі де қорытынды сөзінде «Осыдан біржарым жыл бұрын менің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалам жарыққа шықты. Жоғарыда аталған жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырамын. «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы», – деп қадап айтып өткен.

Ұлы даланың жеті қырының бірі ретінде «Атқа міну мәдениетіне» тоқталуы да бекер емес. Жылқы малы – қазақ халқының жеті қазынасының бірі. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қаласа, жылқы малының алғаш рет қазақ даласында қолға үйретілгендігін ұмытпаған жөн. Сонымен қатар қазақ жерінде ерте заманда пайда болған кәсіптің бірі – металлургия кәсібі. Бұл кәсіптің түп тарихы жөнінде де осы мақалада жіті тоқталып: «Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қоладан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді»,– деп атап өтті. Ұлы даланың ұлы тұлғаларын насихаттауды да «Тарихи сананы жаңғырту» деген екінші тарауында ұмыт қалдырмауға тиіс екенімізді нақтылады.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына бір пікірлері мақаланың мазмұнын ғана емес, мақсатынан да хабардар етіп тұрғандай:

«Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек. Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы – біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз».

Иә, тарихымыздан білетініміздей сақ заманында «аң стилі» деп аталынған бейнелеу өнері кең таралған болатын. «Аң стилі» өнері сәндік сипатта қолданылып, әртүрлі бейнелермен қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді.

«Жaяу жүpce – біp қaзaқ,

Атқa мінce – мың қaзaқ», – дeмeкші, epтeгідeй eжелгі көне зaмaнның өзіндe дaлaның дүлдүлі іспеттес cәйгүлікті қoлғa үйpeтіп, aдaмзaт бaлacынa aтқa міну мәдeниeтін қaлыптacтыpып, тacты тaлқaндaп, бoлaтты бaлқытып, тeміpдeн түйін түйіп, дaлa зaңынa бac ұpғaн дaнышпaн қaзaқ eкeні тaйғa тaңбa бacқaндaй жaзылғaн бұл мaқaлaдa.

Тaуындa жaтқaн тacын түpтceң тapиxы cөйлeйтін дaлaмыздaн Aлтын aдaм тaбылып, Ұлы Жібeк жoлы жүpіп өткeн aлтын eтeк Aлтaйдың Түpкі әлeмінің aлтын бecігі aтaнуы – зaңдылық дeп білeміз. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері, қару-жарағы қазақ даласындағы шеберлердің алтын өңдеу техникасының қаншалықты жоғары деңгейде болғандығы да мақалада баса айтылған. Сонымен қатар қазақ жерінің бүкіл түркі халықтарының қара шаңырағы болғандығын, яғни Алтай – Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі Түркі әлемінің алтын бесігі екенін, халықаралық қатынасты дамытудың құралы болған Ұлы Жібек Жолының тарихи маңызы жайында да сөз қозғалады. Елбасы тек қазақ жерінің тарихында орын алған маңызды тарихи оқиғаларға тоқталып қана қоймай, болашақта жүзеге асырылуы тиіс нақты міндеттерді де алға қоя білді. Мақаланы санасы сергек, болашақты ойлайтын азаматтардың бәрі қолдап, мақсаттарға жету жолында қойылған міндеттерді орындауға үлестерін қосуда.

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР – ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

«Өнерді таулардың бұлағынан, қойдың құлағынан, апамның киізінен, қошқардың мүйізінен үйрендім».

Әбілхан ҚАСТЕЕВ.

Осы орайда мүлгіп жатқан қазақ даласына білімнің нұрын шашып, сауатсыздықтың бұлтын сейілткен Ұлы Абай Құнанбайұлының есімін қоса кетсек артық болмас. Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы бастамасымен қолға алынған жалпыұлттық бағдарламалар жұмысымызға бағыт болып, Шымкент қаласында да бірқатар игі жұмыстар атқарылуда. Ұлы Абай есімін тілге тиек етуіміздің өзіндік жөні бар. Себебі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Шымкент қаласы Көрме орталығында «Дәстүрлі қолөнерді қолдайық!» атты қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі болып өтті.

Аталған жәрмеңкеде ұлттық қолөнер бұйымдарын жасаушы шеберлермен бірге мектеп оқушылары жасаған бұйымдар да қойылды.

Көрме-жәрмеңкеге заман талабына сай жүннен, қыштан, ағаштан, темірден жасалған қолөнер бұйымдары мен әртүрлі металдан жасалған зергерлік бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды. Түркістан облысының аудандары мен Шымкент қаласынан қатысқан он саусағынан өнер тамған 50-ге жуық шебер қатысып, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеді.

Көрме орталығына ағылған жұрттың қарасы қалың. Келушілер ұлттық нақыштағы қолөнерді тамашалап қана қоймай, ықыласпен сатып алып жатты. Төменгі бағадағы сапалы, қазақы бұйымдар көптің көңілінен шыққаны байқалды. Әсіресе, шеберлер: «Отбасылық бұйымдар сұранысқа ие болып жатты»,– дейді.

Қолөнер шебері Марина Мәлікова: «Біз отбасымызбен қолөнермен айналысамыз. Мақсатымыз – ұмыт қалып бара жатқан қазақ қолөнерін барынша дамытып, шәкірттерге үйрету. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», одан кейінгі «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары, бізді шығармашыл тұлға ретінде қолөнерімізді жетілдіруге мол әсерін тигізуде», – деп ағынан жарылды.

Аталмыш шара «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген қазақ нақылын толықтырғандай. Атадан балаға мирас болған құнды жәдігерлеріміз насихатталған көрмеде киізден жасалған бұйымдар да көздің жауын алды. Оның негізгісі – киіздер, құрақ көрпешелер, сондай-ақ киізден жасалған жас келінге төсейтін кілемше. Бұл кілемшенің айналасындағы ала жіп, келін өзгенің ала жібін аттамасын деген ниетте тоқылған екен.

«Біз жыл сайын жас мамандарды, кәсіпкерлерді осы салаға белсене тартып отырмыз. Қолөнершілердің бір жылдағы туындылары келер жылы қайталанбасы үшін арнайы әділқазылар алқасы сайланды. Олар қолөнер саласында, тағы басқа да түрлі салада қызмет атқаратын сарапшылар. Шараның негізгі мақсаты – жергілікті қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету әрі олардың шығармашылығын дамытуға серпін беру. Сондай-ақ «Ұлы даланың жеті қырын» ұлттық дәстүрді жаңғырту арқылы дәріптеу», – деді «Көрме орталығы» МКҚК директорының орынбасары Ғибадат Нажмеденов.

Рухымызды жаңғырта отырып жасалған, жасампаздық жолындағы игі жәдігерлеріміз көрменің шырайын келтіріп тұрды. Көрмеде қолдан жасалған табиғи материалдар мен ұлттық нышандар бейнеленген көптеген заттар қойылды. Ұлттық киім-кешектер, ою-өрнектерінің түрі мен нышандары кеңінен суреттеліп, тамашалауға келген көпшілікті ерекше күйге бөлегені анық.

Қopытa кeлгeндe, ұлттық caнacы жaңғыpып, pуxaни жaңғыpу жoлындa тapиxын түгeндeп, aтынa қaйтa мінгeн қaзaқтың кeудecін eшкім бaca aлмaйтыны анық. Рухани мұраларымызды насихаттап, қайта жаңғырту, қазіргі жаһандану уақытында тарих қойнауында жатқан асыл қазынамызды ұлт игілігіне жарату мақсатында ұсынылып отырған барша еңбектің құндылығы да осында. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қaзaқтың тapиxындa қaзaқ ұялaтын eштeңe бoлғaн жoқ», – дeгeн cөзімeн ойымызды түйіндей келе бoлaшaқтa ұлт тapиxындa мақтанып, мәртебе тұтатын жақсы үрдістер көп болатынына берік ceнім білдіpгіміз кeлeді.

Аягөз ДҮЙСЕНБАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *