ҰШҚАН ҰЯСЫН ҰМЫТПАҒАН

Қоғам
1 344 Views

Кәсіпкер Дмитрий Юнитиннің қайырымдылығы жан сүйсінтеді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясындағы ерекше тарихи датаның бірегейі –Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығы. Расында, азаттықалмасақ, жаңа астана болмас еді. Сондай-ақ елорда Алматыдан Арқа төсінекөшірілмесе, Еуразия университеті де өмірге келмесі анық.

Осы 25 жылдың ішінде 63 мыңнан астам түлек оқу орнын аяқтап, түрлі салада биік белестен көрініп, университет мақтанышына айналуда. Халықаралық, ұлттық компанияларда, мемлекеттік қызметте, сондай-ақ кәсіпкерлікте де өз қолтаңбасын қалдырып жатқан түлектеріміз қаншама?! Соның бірі – Инютин Дмитрий Сергеевич.

Д.С.Инютин 1986 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қаржы» мамандығын тамамдаған. Қазіргі таңда «Shaurma Group» ЖШС бас директоры қызметін атқарады.

2021 жылдың қыркүйек айында Дмитрий Сергеевич өзінің альма-матерінің студенттеріне күніне 100 тегін шаурма таратуды қолға алып, университетіне деген айрықша ықыласын осылайша білдірді. Бұдан бөлек, түрлі қайырымдылық шараларына қатысып, игі істерді жасауға мұрындық болып жүр.

Кәсіпкер «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінен, Қазақстандық КИНЭС рекордтар кітабынан Құрмет грамотасымен марапатталып, Қазақстан журналистер лигасынан, Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінен алғыс хат алған.

Еуразия ұлттық университетінің түлегі екенін ұмытпай, әрқашан ұшқан ұясында білім нәрінен сусындап жатқан студенттерге ағалық қамқорлығын жасап, қайырымдылық шарасын жүйелі өткізіп жүрген атпал азамат, іскер кәсіпкерге біз де ісінің ілгері басып, тасының өрге домалауын тілейміз!

Толғанай НУХАЙ,

ЕҰУ-нің студенттік бастамалар бөлімінің бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *