Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған аса қатерлі кеселдің бірі. Бұл кеселдамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Аталған мақсатта Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен барлық еңбек ұжымдарында «Адалдық сағаттарын» өткізу жоспарланғанболатын. Осыған орай Шымкент қаласының №19 мүгедектерге арналған спорт клубыныңғимаратында «Нұр Отан» партиясы Абай аудандық филиалының кеңесшісі ЖанболатЕржанұлы Оралбайдың қатысуымен жиын болып өтті.
«Біздің басты мақсат – дамыған отыз елдің қатарына кіру. Ал бұл үшін ең алдымен жемқорлықты жою керек. Бұл – зерделеуді қажет ететін үлкен мәселе. Сондықтан әрбіріміз қай жерде жүрсек те қызмет барысында да, отбасында да талқыға салып, көтеріп, қазақтың қанында бар тазалықты сақтап, «Кісінің ала жібін аттамау» сынды тәрбиелік маңызы бар сөздерді санаға сіңіріп отыруымыз ләзім»,– деді мекеме директоры Музрафша-Жахангир Исақұлы Аблаев.
Іс-шара директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Дана Тұрдықылышқызы Ізтаеваның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ іс» атты баяндамасымен жалғасын тапты. Ол өз сөзінде « Жемқорлыққа қарсыкүресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардыңбұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру сыбайлас жемқорлық пенқұқықбұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын алу және барлықмемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде күрес жүргізуікерек. Яғни жемқорлықпен күресу – жалпыға ортақ міндет», – деп сыбайласжемқорлықпен күресу жолында сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет екенін тілгетиек етті.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселе әрқашан Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың назарында екені даусыз. Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттен әркімнің де аулақ болғаны жөн. Мұндай заңбұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.
Жиында «Жемқорлықпен күресу мәселесі күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та өзінің Жолдауында жеке тоқталып өтіп, «Орталық жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілеріне жемқорлыққа қарасты сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажет», – деп тапсырма берген болатын. Яғни сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан белгілеу керек екенін нақтылап атап өтті. Бұл – қоғамдық дерт. Сол себепті болашақ ұрпағымызды жемқорлықтан азат етуді ойлап, тәрбиені дұрыс бағытта беру қажет. «Нұр Отан» партиясы өз тарапынан жемқорлықтың алдын алу жолында көптеген шаралар жүргізуде. Атап айтсақ, осы қараша айынан бастап жоғарғы оқу орындарында «Таза сессия» атты студент жастар арасында анонимді сұхбат өткізіледі. Бұл жерге студент жастардың ойын білу мақсатында арнайы жәшіктер орнатылды. Тағы бір партиялық арнайы жоба – «Құтты мекен». Бұл жобада қазіргі таңда мемлекет тарапынан салынып жатқан ғимарат, мекемелерге партиялық арнайы бақылау жүргізіледі», – деді сөз алған «Нұр Отан» партиясы Абай аудандық филиалының кеңесшісі Жанболат Ержанұлы Оралбай.
Шара соңында мекеме қызметкерлері Жанболат Оралбайға көкейдегі сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты.
Иә, осы орайда айта кетеріміз, сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. «Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние, байлық неге керек, денсаулығың болмаса, Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз әрбір салада еңбек етіп жүрген қызметкерлердің бағыт-бағдары іспеттес болуы қажет. Шынында да біз әділ болып, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана «Мәңгілік Ел» болуға жол ашамыз.
Президентіміздің Жолдауында: «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты сөздер бар. Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен кез келген Қазақстан азаматы Жолдауда көрсетілген тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделік танытуды өздерінің басты міндеті деп санағаны абзал.
А.СӘКЕНҚЫЗЫ.