ӘЙГІЛІ ҚАЛАМГЕР – ҒАЛЫМ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Мерей
188 Views

Мамырдың 21-ші жұлдызында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде көрнекті қоғам қайраткері, түркітанушы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және Күлтегін сыйлығының лауреаты Қойшығара Салғараұлының 85 жылдық мерейтойына арналған «Дала өркениеті: тарих, мәдениет, тағылым» атты халықаралық ғылыми конференциясы болды. Жиынға көрнекті қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары мен белгілі түркітанушы ғалымдар қатысты.

Онлайн/офлайн форматта өткен алқалы басқосуда қазақ ғылымының қайраткерлері Бауыржан Омаров, Сауытбек Абдрахманов, Бүркіт Аяған, Қаржаубай Сартқожаұлы, Серік Негимов, Сатай Сыздықов, Рақымжан Тұрысбек, Амантай Шәріп және басқалар ғылыми баяндамалар жасады.

Қойшығара ағамызға «ЕҰУ-нің Құрметті профессоры» атағы беріліп, университеттің Күлтегін медалі кеудесіне тағылды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса сөз сөйлеп, Ақжол партиясының алтын медалін құрметпен табыстады. Сондай-ақ жоғары мемлекеттік мекеме басшыларының құттықтаулары табыс етілді.

Қойшағаңның «Адамзат өткен ұзақ жол» кітабының тұсаукесері болды. Конференцияда Қойшығара ағамыздың азаматтық, ғалымдық, қаламгерлік жолы хақында ордалы ойлар ағытылды. Енді суреттер «сөйлесін»…

М.БАЛҚЫБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *