ПОЛИЦЕЙ АРУ ӘЙГЕРІМ– РҺD ДОКТОРЫ

Мерей
605 Views

8 наурыз –Халықаралық Әйелдер күні мерекесі қарсаңында, өздеріңізге ішкі істер саласындаабыройлы қызмет атқарып жүрген полицей арудың бірі және бірегейі жайлы ақпаратұсынбақпыз. Жаны нәзік болса да, ерлермен қатар иық тіресіп, полицейлерқатарында жүрген білікті де білімді тәртіп сақшысының бірі – полиция капитаны Әйгерім Төрегелдиева. Ол 1983 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Бала кезіненполицей болуды армандаған. Яғни, күнделікті форма киіп жұмысқа шығатын әкесінкөріп өскен кішкентай қыз, соған қарап еліктеген. Бүгінде бала қиялы шындыққаайналып, Әйгерім шенділер қатарында осынау мәртебелі қызметтің жауапкершілігінсезініп, үдесінен шығып жүр.

Осы жолда білімге құмар кейіпкеріміз, алдына мақсат қояды. Арманмен алға қадам басады. Инемен құдық қазғандай білім қуады. Содан орта мектепті бітіргеннен кейін, туған қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ-дің заң факультетіне оқуға түседі. Жоғары оқу орнын 2004 жылы тәмамдап, алғашқы еңбек жолын осы университеттің оқу бөлімінде бастайды. 2007-2009 жылдар аралығында аталған университеттің магистратурасын бітіріп, құқық магистрі академиялық дәрежесін алған. Бұдан кейін 2012-2015 жылдар аралығында магистр оқытушысы қызметін атқарады. Осы жылдарда заң факультетінің докторантурасында оқыған ол, бүгінде РһD докторы ғылыми дәрежесін алған жан. Ал, ішкі істер саласындағы қызметіне 2015 жылы кіреді. Қиын да қауіпті саладағы қызметі мен отбасын қатар алып жүрген сақшы Әйгерім бүгінде бір ұл, бір қызды тәрбиелеп отырған аяулы ана.

Полиция капитаны Ә.Төрегелдиева өз сөзінде: «Уақытымның көп бөлігі жұмыста өтеді. Халықтың амандығы мен тыныш ұйқылары үшін күнделікті қызметтеміз. Өзіме бекітілген аймақта әрбір тұрғынның хал-жағдайын, мәселесін біліп, көмек қажет кезде қолғабыс етуге тырысамын. Елдің ақ батасы мен сенімін көргеннен кейін қанат біткендей, жұмысымды мінсіз атқаруға құлшыныс артады. Өз жұмысымды жан-тәніммен қалап келгендіктен, маған онша қиынға соқпайды. Қайта осы саланың қыр-сырын меңгеріп, еліміздің қылмыссыз қоғам болуына өзімнің үлесімді қосып жүргенімді мақтан етемін. Барша қыз-келіншектерді, әріптестерімді мерекелерімен құттықтаймын. Көктемнің күніндей құлпырып жүре беріңіздер!» – деп өзінің ой-пікірін білдіріп, әйелдер қауымын мерейлі күндерімен құттықтады.

Біз де, өз кезегімізде 6 жылдан бері Түркістан қалалық полиция басқармасы ЖПҚ-нің учаскелік полиция инспекторы лауазымында қызмет етіп келе жатқан аруға сәттілік тілейміз. Антына адал, қызметін мінсіз атқаруға барын салатын Әйгерімге «биік белестерді бағындырып, генерал болыңыз» демекпіз. Айтпақшы, әке жолын жалғаған қыздың соңынан ерген інісі де осы саланың қызметкері. Бүгінде Төрегелдиевтер әулетінде үрдіске айналған бұл шенді қызметтің жауапкершілігі шынымен ауыр. Соны қайыспай көтеріп, ілгері қарай қарыштай қадам басқан отбасының жауапкершілігі, оның ішінде Әйгерімдей жаны нәзік қыз баланың қайсарлығы көрген жанды тәнті етпей қоймайды. Ендеше, сөз соңында Әйгерімге артыңыздан ергендерге үлгі болып, ішкі істер саласында абыройлы қызмет атқара беріңіз дейміз!

Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *