ҚАЗАҚТЫ КЕМСІТІП, ҚОРСЫНАТЫНДАР БІЛЕ ЖҮРСІН!
«Біз өзбектер бір туғанымызды, туысымызды алыс сапарға жіберіп жатсақ «Досың қазақ болсын» деп бата беріп, тілек айтамыз… Осы бір мақал бүкіл қазақ халқының кім екенін айтып тұр. Қазақ ешқашан досын жауға бермеген, досын сатпаған, досын жолға тастамаған»…
Ислам КАРИМОВ,
Өзбекстан Республикасының тұңғыш Президенті
«Қазақтардың өткен тарихы мен әлем елдері арасында елеулі орны бар. Олар Бату хан армиясының өзегі болды. Қазақтар Козельск, Москва т.т. қалаларды алғандардың және Алтын Орданың әскери-саяси құрылымының тікелей ұрпақтары. Әзірге қазақтың маңыздылығы әлемдік тарихқа байланысты болғанымен, қазақ халқының мол мүмкіндігінің ашылу сәті әлі алда. Ол үлкен Тұранның ояну сәтіне байланысты болады. Оның қозғаушы күші Қазақтар болады».
Гейдар ЖЕМАЛЬ,
ресейлік ислам қоғам қайраткері
«Қазақтарды ұлт ретінде сақтау – Түркілерді сақтау. Таза Түркі – Қазақтар. Қазақ тілі ең таза түркі тілі»
К.КАРПАЙ,
АҚШ профессоры
Қазақтар өздерінің кім екенін білсе, әлемді жаулап алады.
Екатерина ІІ,
Ресей империясының патшайымы
Қазақ туралы, қазақ халқының болмыс-бітімі, ұлт болып қалыптасу жолындағы алмағайып тарихи жолдары туралы керемет айтқан жазбалар жеткілікті. ХІІІ ғасырдағы Қазақ жеріне ат басын тіреп, Батудың қабылдауында болған Рим папасының өкілі Плано Карпини өз жазбаларында былай депті: «Бұл халық (Қазақтар М.Қ.) өз билеушілеріне, о дүниелік болған бабаларының алдында, ел билеген тұлғаларына өте адал болып келеді, бұларда жалған сөйлеп, өтірік айту деген жоқ. Бұл халықтың арасында өзара айтыс-тартыс деген болмайды. Ұрлық-қарлық деген нәрсе бұларда атымен жоқ, сондықтан болар, бұлардың есіктеріне өмірі құлып салынбайды. Бұлардың тіпті малы адасып басқа қораға кіріп кетсе де, оның иесі адасқан малды қайта айдап келеді. Жалпы бұлардың ауызбірлігі, ынтымағы өте берік және тауқыметке өте шыдамды, жолда ашқұрсақ жүрсе де жүзінен күлкісі кетпейтін дарқан, ақжарқын халық».
Қазақтар сан ғасыр осылай өмір сүрген екен, кешегі кеңес заманында да есігіне құлып салуды білмепті. Енді міне соңғы отыз жылда «гендерлік» деген теріс саясаттың салдарынан, қулық-сұмдық, мансапқорлық, екіжүзділік, қылмыс, парақорлық пен жемқорлық, азғындық, арсыздық, дүниеқоңыздық, т.б. жаман қасиеттердің бәрі жастарымыздың бойына көз ілеспес жылдамдықпен дарып барады…
«Қазақты оқытудың қажеті жоқ. Салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары түгелдей тұнып тұрған білім» деген екен П.Семенов-Тян-Шанский.
Ал енді татар жазушысы Мұса Жалил: – Әрбір ұлт өз ұлтын өзге ұлттардан артық санайды. Бұл ұлтшылдық пен соғыс өртін тұтатады. Адамдар білуі керек, ешбір халық қанша мақтанғанмен, Қазақтан асып, Қазақтан артық мемлекет құрып, Қазақтан биік бола алмайды, – дегені көңіл тебірентеді.
И.В.Сталин: Қазақ өздерінің кім екенін білсе, масаттанғандықтан өліп кетуі мүмкін. Оған Қазақтардың миллиондап қырылып жатқанын айтқан кезде Шыңғыс ханның ұрпақтарынан тек қана осылай құтылу керек деген.
Қытай жазушысы, саясаткер Лу Юнь: Қытай мемлекетін құрған Қазақтар.
Ресей Ғылым академиясы, тарих ғылымдарының докторы Дмитрий Петров: Орысқа Ресей мемлекеттігін құрып берген Қазақтар.
Мұрат Аджи, тарихшы-ғалым: Кез келген ұлт өздерінің шыққан тегін тексерсе, олардың бәрі Қазаққа келіп тіреледі. Шыңғыс ханның тегі Қазақтың Адайынан тарайтын Мұңалы.
Ресей мәдениет министрі Владимир Мединский: Ресей тарихында орыстың қазақтан қорықпаған кезі болған емес. (О русском рабстве, грязи и тюрьме народов».
Ресей патшасының қабылдауында болған Михаил Сперанский Қазақтар жайлы былай деген екен:
– Қазақтар көшпелі өмір сүретін өте жауынгер халық. Арақ ішпейді жəне табиғи қиыншылықтарға өте төзімді. Далада соғысудың өнерін жақсы меңгерген…
Ресей патшасы Александр: Оларды бағындырудың жолын ойластырдың ба?, деп сұрағанда Михаил Сперанский:
– Қазақ даласында сексеуіл деген ағаш өседі. Өте қатты, балтамен шауып сындыра алмайсың. Оны тек бір-біріне ұрып сындырады. Қазақтар руға қатты бөлінеді. Оларды бір біріне айдап салып, əлсірету қажет, – депті…
Тарихшы-ғалым В.Белинский: Барлық ұлттардың тегі Қазаққа барып тіреледі. Шыңғыс ханның тегі Қазақ.
«Қазақтарды тарихи жадынан айырып, халықты дүбәралау саясаты отыз бен қырқыншы жылдардың ортасында қатты жүрді. Сүттің бетіндегі қаймағы сияқты болған барлық интеллигенциясы осы жылдары түгел оққа ұшып, ұлт осыдан кейін үлкен тобырға айналып шыға келді. Жаңаша пайымдайтын, озық ойлы, арлы, мінезді ұлтшылдардың бәрін құртып, коммунистер жаңа биліктің айтқанын бас шұлғып қана қабылдайтындарын ғана қалдырды. Былай қарасаң, Совет өкіметі шынымен де құл-құтандардың билігі болатын.
Ең қызығы, осындай сұмдық геноцид бұл халықтың ғасырлар бойғы бізге жасаған ықпалын бәрібір бәсеңдете алмады. Соғыс жылдары Қазақтар баяғы бабалары сияқты (Кресшілерге қарсы соғыста Московияға көмекке келген ордалықтарды меңзеп отыр) тағы да атқа қонып, майданның алғы шебінен көрінді. Әрбір он оқтың тоғызы да Қазақстанда жасалғанын қалай жасырамыз? Мәскеуді қорғағандар, атақты партизандар, тіпті, адамзат шежіресіндегі ең алапат айқаста да аты аңызға айналған қыздардың да көбі осылардың арасынан шығыпты.
Ген деген өзі, қызық нәрсе ғой…
Халықты қанша қырсаң да, оны жоқ қылып жібере алмайсың. Ол түбі бір жерден жарқ етіп шыға келеді….!» (С.А.Караганов, Ресейдің бұрынғы президенті Борис Ельциннің кеңесшісі).
Түрік (Түркия) халқы күні бүгінде де берген уәдесін жұтып, екі сөйлемейтін, бір сөзді мәрт, батыр адамды қазақ деп атайды. Сонымен қатар, малдың жүнінен тоқылған бүкіл бұйым атаулыны және әйелдеріне билігін жүргізе алатын адамдардың бәрін де Қазақ деп атайтын көрінеді.
Адамзаттың ұлы пайғамбары Мұхамбет (ғ.а.с) көптеген хадистері бар. Алайда, пайғамбарымыздың Қазақтар (Түркілер) жайлы арнайы хадисі бар екенін біреу білер, біреу білмес. «Алла Тағала адамдарды сынау үшін жамандықты жаратты. Оны жою үшін түркі халқын жаратты. Оны шығысқа орналастырды», десе тағы бір хадисінде, «Бақ пен ырзықтың тағын Алла Тағала түрік жұртының төбесіне орнатты» дейді. Ал, сол түркі халқының қарашаңырағы бүгінгі Қазақ елі болып табылады. Әрине, біз оны бүгін сезбегенмен ертең сезетін боламыз.
«Әбу Хурайра) былай деді: Алла Елшісі (с.а.у) айтты: «Сендер қысық көзді, қызыл шырайлы, таңқы мұрынды, бет-жүздері қабат-қабат тері қапталған қалқан тәрізді Түріктермен соғыспайынша қиямет-қайым болмайды. Сондай-ақ, сендер аяқтарына жүннен киген бір қауыммен соғыспайынша қиямет болмайды» (Сахих әл-Бұхари).
«Мәртебесі биік Алла Тағала маған Иран мен Византияның алынатынын хабардар етті. Маған олардың әйелдері, балалары, құлдарын да берді. Себебі, қызыл шырайлылардың (түркілер) көмек беруімен мені құдіретті етеді» (Рашиб б. Са).
«Өлкені (дұшпандарға қарсы) қорғаудың күші онға бөлінеді: Оның тоғызы түркілерге, қалғаны өзге ұлттарға берілді. Сараңдық та онға бөлінеді: оның тоғызы парсыларға, қалғаны өзге ұлттарға берілді, жомарттық та онға бөлінеді, оның тоғызы судандықтарға, қалғаны өзге адамдарға беріледі, ар-ұят та онға бөлінеді, оның тоғызы әйелдерге, қалғаны өзге адамдарға беріледі, көре алмаушылық та онға бөлінеді, оның тоғызы арабтарға, қалғаны өзге ұлттарға берілді, тәкәппарлықта онға бөлінеді, оның тоғызы римдіктерге, қалғаны өзге ұлттарға берілді» (ат-Табари).
«Түріктер сізге тиіспейінше байқаңыз, сіздер де түркілерге тиіспеңіздер. Өйткені, Алланың үмбетке берген бұл мүлкі (байлық) мен салтанатын алғаш болып Қантура ұлдары тартып алады» (ат-Табарани).
«Сахих» имам Муслима: Олар өздері келіп тиіспесе, Түрікке тиіспеңіздер! Сіздер олармен соғысатын болсаңыздар, жеңілесіздер!
Түркия Президенті Т.Ердоған: Қытай! Тарт қолыңды Түркілерден!
Қытайдағы (Шыңжаң М.Қ.) Қазақ бауырларымызға жасалынып жатқан, қатыгездік тоқтатылсын. Түбі бір түркілер біріксе қытай еліне аса қауіпті болады осыны ескертеміз. Түркияда менімен қоса 85 миллион Қазақ бар. Қазақстан киелі мекен біздің ата жұртымыз деп мақтанышпен айта аламыз. Әр Түрік кеудесіне қолын қойып Қазақ бауырларымызға құрмет көрсетеді. (Азамат Шынболатов, «Айтарым бар» 2019 ж, 14 желтоқсан).
Құмық тілінде Қазақ – батыр деген мағына беретін сөз. Құмық әдебиеті Қазақ жыраудан басталады.
Дағыстан поэзиясында Қазақ – ер, қайсар, жауынгер болып сипатталады.
Алыста қалған Ноғайлар Қазақтардың мына өсиетін жадтарында сақтап, үнемі айтып жүреді екен:
«Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген. Біріншісі – ұят болады. Екіншісі – жаман болады. Үшіншісі – обал болады.
Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, ұят істі істеме дегені, ұят жанымнан садақа дегені. Бұл қазір «Малым жанымның, жаным арымның садақасы» деп тұжырымдалған.
Жаман болады дегені – жақсы сөз жарым ырыс, жамандықтан аулақ жүр, жақсының жомарттығы, жаманның нәмәрттігі жұғады дегені.
Обал болады дегені – әр бір істің сұрауы бар, адам баласына қиянат жасама, обал мен сауаптың ара жігін ажырата біл дегені».
Қазақ пен Ноғайдың бір туған екендігіне ноғай ақыны Арысланбек Сұлтанбековтың «Домбыра сазын ескен Адайлар» атты әні толықтай куәлік ете алады.
Латыштың (Латвия) филолог ғалымы Галина Шуке өзінің «Латыштар Түрік болған ба?» деген ғылыми зерттеу кітабында «Латыш пен орыстар Түріктерден шыққан», яғни бұл елдің тілдері көне Түрік (Қазақ М.Қ.) тілінен бастау алғанын дәлелдеген.
Ұлы мәдениеті бүкіл әлемді мойындатқан Қазақ елі жайлы, «Кәдімгі тарих» атты фундаменталды ғылыми еңбектің авторы Жорж Луи Леклерк (Бюффон) ХҮІІІ ғасырда былай деп жазыпты: «Бірінші мемлекет, яғни осылай деп аталуға лайық ел өте ескі заманда Каспий теңізінің шығыс жағында дүниеге келген. Бұл халық ғылымды, өнерді және басқа да игіліктерді дүниеге әкелгені үшін де үлкен құрметке лайық… Олар төтенше бақытты болды, себебі олар өте білімді еді, кейін жаттың шабуылына ұшырап, адамзаттың ұлы цивилизациясын қара түнек басты».
Біз Құдайды, Тәңірді, Алланы танып, Жаратушы бір Құдайға сыйынған кезімізде, бүкіл әлем елдері отқа, суға, тауға, тасқа, әртүрлі жан-жануарларға табынып жүрген болатын. Біз жабайы құланды қолға үйретіп, ат қылып мініп, даланы тұлпардың төрт тұяғымен дүбірлеткеніміз де бүкіл дүние жаяу жүр еді. Біз ағаш пен киізден жасалған салтанатты көшпелі үйлерде тұрған кезімізде, өзгелер табиғи үңгірлерді мекендейтін. Біз даланың жабайы аңдары қодасты, таутайлақты, құланды, арқарды, ақбөкенді, киікті қолға үйретіп, етін жеп, жүні мен терісін пайдаланып, сүтін, шұбатын, қымызын ішіп, шалқып жүрген кезімізде өзгелер тек қана аң аулап күн көріп, қара су ішетін. Біз алғаш дән егіп, астық жинап, нан пісіріп жеп жүргенде, өзгелерге мұндайдың иісі де мұрындарына бармайтын еді. Біз шалбар кигенде бүкіл дүние алды мен артына жапырақ байлап, жалаңбұт жүр еді. Біз алғаш темір қорытып, ердің бес қаруын ойлап тапқан кезде өзге елдер қолдарына ағаш таяқ ұстап жүрген болатын. Біз домбыра, жетіген, саз сырнай, дауылпаз сияқты музыкалық аспаптарды ойлап тауып, сол аспаптардың құлағында ойнап жүрген кезде, өзгелердің мұрнына мұндайдың исі де бармайтын еді. Ақындарымыз озық ой, жүйрік қиял, елден ерек тіл байлығының молдығы арқасында домбырамен айтысып жүргенде олар айтарға сөз таба алмай, жандары қиналатын. Біз алғаш Садақ пен жебені ойлап тапқан кезде, өзгелер қолдарымен тас пен таяқ лақтырып жүретін. Біз Алып биді (Әліппені) ойлап тауып, жазу жазып, жыр толғаған кезде қазіргі Еуропа қараңғылық түнегінде жатқан. Біз айбынды Қағанат құрып, əлемді билеп отырған кезде бүгінгі заманның ең озық жұрттары тайпалық құрылым деңгейіне жеткен. Біртұтас ұлы Қазақ (Түркі) халқы «Алаштап» ұран шақырып, сан мыңдаған жылдар бойы салтанат құрды, ғылым мен өнердің озық үлгілерін жасады, рухы биік, аруағы үстем, күш-қуаты артық болды, бүкіл жер, ғалам-ғарышқа қазақи атаулар қойды. Олардың даналығы мен данышпандығы елден ерек болды. Қазақ халқы барлық жақсы істерде бүкіл әлем елдеріне үлгі бола білді. Бүкіл адамзат баласына деген адалдығы мен әділдігі әлемді тәнті етіп, баршаны сөзіне, ісіне, адами қасиетіне табындырды. Қазір оны кім білер, кім сенер, біз сондай да сондай едік, деп!
Дегенмен, Ұлы Аталарымыз «Ат айналып қазығын, Ер айналып елін табар» деген мақалды бекер қалдырмаған болар.
Осы жазылған жәйді ой елегінен өткізіп, санамызды тірілте алсақ, әлі де кеш емес. Алла Тағала сүйген құлдарына ешқашан жамандық жібермеген.
Қазақта «Тегін білмеген тексіз, жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөз бар. Тегіміздің кім екенін және олардың бүкіл әлемге үлгі болған ерлік істерін біліп, оны келер ұрпаққа жалғастыру мақсатында ой толғап, жазылған жайға қосарыңыз болса қосып жазуларыңызды өтінемін!
Әділ ҚЫРАН