ӘЙТЕНОВТЫҢ АРТЫНДА НЕ ҚАЛАДЫ?

Саясат
463 Views

Әйтенов дегенде табиғат шіркіннің төбе шашы тік тұратын болды. Фейсбук деген бір сиқыр бар. Қарамайын десең де, қарайсың. Не жоқ десеңізші?! Әсіресе Шымкент қаласы әкімдігінің жұмысы жөнінде ақпараттар бірінен бірі асып түседі.

Наурыздағы миллиондардың қалай сіңгенін ойлап бас қатып жүргенде, жақында Ғалымжан Оразымбеттің парақшасынан мына ақпаратты оқып шалқамнан түсе жаздадым.

Шымкент қаласы 2000 жылдық хронологиясы бар тарихи ғибадатхананың сақтаушысы ғана емес, сонымен бірге басталғаны айту. Қызғалдақтың шығу тегі қазіргі Шымкент қаласының маңымен тығыз байланысты.

Ғибадатханасы несі? Қаланың ғибадатхана болғаны ма? Не бірге басталған? Түсінсем бұйырмасын. Мемлекеттік тілді де осылай қорлай беруге болады екен ғой. Жеке адам емес, мемлекеттік мекеме. Шымкент қаласының туризм басқармасы.

Мен түк түсінбей отырғаныммен бұл тілді түсінетіндер бар екен. «ImpresFrio Media Group» ЖШС. Наурыз мейрамын 500 миллионға жуық қаржыға өткізгендердің ішінде бой көрсететін бұл фирма «Tulip Road» қызғалдақтар фестивалін 22,5 млн. теңгеге онлайн өткізіпті. Ал, әйтпесе.

Наурыз айында қалалықтар жолда көше бойлап, көз қуантып, Шымқаланың сұлулығына көрік қосып, жайқалып тұратын қызғалдақтарды таппай жүрген.

Сөйтсек, табиғаттың бұл сұлулығы да әкімдіктің пәрменімен виртуалды әлемге өтіп кеткен екен ғой. Жалпы Шымкентке Әйтенов әкім болып келгелі табиғаты шіркіннің «төбе шашы тік тұратын» болды.

Неге дейсіз бе? Бұл туралы келесі санда сараптамалық материалдан толығырақ оқитынболасыздар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *