«ӘРБІР ҒИМАРАТ ЖОҒАРЫ ТАЛҒАММЕН САЛЫНСЫН»

Экономика Қоғам
240 Views

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыс аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан және енді жүзеге асатын жобалардың сәулетіне қатысты талқылау өткізілді. Оған сәулетшілер, жауапты басқарма басшылары, қала әкімдігі мен өзге демекемелерден өкілдер қатысты.

Жиында Түркістан қаласында салынатын 80 орынға арналған перзентхананың сыртқы әрлеу жұмысы, жасанды көлі бар саябақтағы көпір меннысандарды сәндеу, шағын қонақжайдың ішкі дизайны мен сыртқы көрінісіне қатыстысәулеттік үлгілер талқыланды. Мамандардың ұсыныстары тыңдалды. Облыс әкіміәрбір нысан қаланың сәніне сән қосып, идеологиялық мәнге ие болуы керектігінжеткізді.

– Әкімшілік-іскерлік орталығы мен мәдени-рухани орталық маңындағы нысандар мен жобалар тұрақты бақылануда. Қаланың өзге аумақтарындағығимараттар мен архитектуралық жобаларына да баса мән берілуі тиіс. Әрбір ғимарат жоғары талғаммен салынып, сәулетін арттыруда білікті мамандардың кеңесіназарға алынсын, – деді Дархан Сатыбалды.

Сарапшылар жиында Арыстан баб кесенесіне іргелес аумақты абаттандыру, этноауыл салу жобасы, Кентаудағы Хантағы маңында балаларға демалысорнын ашу және өзге де жобаларды талқылады. Түркістан қаласындағы сәулеттікжобаларды жүзеге асыру бойынша тұжырымдама жасау жөніндегі ұсыныс берілді. Бұл ретте ол тұжырымдама туризм саласын дамытуға үлес қосуы тиіс. Қалаға және облыста жүзеге асатын әрбір нысан сарапшылар талдауынан өткізіледі.

ТҮРКІСТАНДА ДЕМАЛЫС САЯБАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Түркістан қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысымен Белсенді демалыс саябағының құрылысы басталған. Мұнда тропикалық өсімдіктері бар жылыжай, сахна, трибуна, 2 субұрқақ, ойын алаңы, 2 скейтбординг және шатырлар салынады. Сонымен қатар саябақта түрлі ағаштар, бұталар, гүлдер егіліп, көгалдар төселген. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 50 пайызы аяқталды.

Аталған саябақтағы жұмыстарды қадағалаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшылармен және мердігермен кездесті. Жұмысты жүйелі әрі сапалы атқаруды тапсырды.

Одан кейін өңір басшысы теміржол вокзалы маңындағы жұмыстармен танысты. Вокзал жанындағы 4,0 гектар жерге абаттандыру жұмыстарыжүріп жатыр. Осында 1 гектар жерді көгалдандыру, 0,25 гектар жерге жаңа асфальтжабындысын төсеу, 0,5 гектар жерге жаяу жүргіншілерге арналған жолаяқ салужұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар Тұран бағын көгалдандыру мақсатында 14гектар аумаққа түрлі ағаштар отырғызылып, 3 дана су мұнарасы орнатылған.

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫМЕН 29 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 49 мың оқушыны қамтитын 63 мектеп салынады. Оның 29-ының құрылысы биыл басталып, 2024 жылы аяқталады. Ал қалған 34 мектептің құрылысы 2024 жылы басталады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен салынатын бұл білім ұялары өңірдегі үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін түбегейлі шешуге серпін бермек.

Аталған ауқымды құрылысқа байланысты облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен ұлттық жобаны жүзеге асыру жөніндегі алгоритмжасалды. Алгоритмге сәйкес облыс көлемінде арнайы жұмыс тобы құрылып, құрамынаоблыс әкімінің орынбасарлары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері, басқарма басшылары, депутаттар, білім саласы және инфрақұрылымғақатысты мекеме өкілдері енгізілді. Жұмысшы топтың отырысы айына кемінде 1 ретөткізіліп, өзекті мәселелер талқылануда. Әрбір білім ұясының құрылысы қатаңбақылауға алынды. Инфрақұрылымы, инженерлік жүйелері, жері, суы мен газы,электр жүйесі, жалпы әрбір өзекті мәселесін шешу жолдары жоспарланып, нақтыжұмыс жүріп жатыр.

Оқушылардың саны зерделеніп, қауіпсіздігі де басты назарға алынған. Сонымен бірге мектептердің жобасы, қолданылатын құрылыс материалдары мен жиһаздары бойынша да ортақ стандарт қабылданған. Ол мердігерлерге ұсынылды.

Жүйелі әрі жедел жұмыстар нәтижесінде 2023 жылы құрылысы жоспарланған 29 мектептің 19-ының жер телімдері бөлінді. Құрылыс-монтажжұмыстарын жүргізетін мердігер мен жобалаушы мекемелері анықталды. Ал қалған 10мектеп бойынша «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы тарапынан сатыпалу конкурсының ашылуы өткізілуде.

ДЕПУТАТТАР ТҮЛКІБАСТАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫНА БАРДЫ

ҚР Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Алишер Сатвалдиев және аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов Түлкібас ауданындағы Күмісбастау ауылындағы құрылысы жүріп жатқан «Beibars Botters» ЖШС-не барып, жұмыс барысымен танысты.

«MАСТЕР-А» ЖШС мердігерлік ететін бұл кәсіпкерлік нысан ауыз су және көптеген хош иістері бар алкогольсіз сусындарды өндіруді көздейді. Жобаның жалпы құны – 7 600 млн теңге.

Аталған өндіріс ошағы жылына 65-85 мың тонна өнім өндіріп, алғашқы кезеңде 96 адамды жұмыспен қамтиды деп жоспарланған. Өткен жылдың шілдеайында басталған «Beibars bottlers» жобасының құрылысы 2024 жылдың наурыз айынадейін аяқталады деп көзделіп отыр.

Кездесу барысында депутаттар бұл жобаның сәтті іске асып, өсіп-өркендеуіне сенім білдіріп, аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы мен кәсіпкерлікнысан басшылығына ел үшін атқарып жатқан еңбектері үшін алғыстарын айтты.

ДЕПУТАТ ҚОС МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАДЫ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Абдиев жұмыс сапарымен барды.

Халық қалаулысы Қ.Абдалиев ауылдық округіне қарастыАмангелді елді мекеніндегі «Амангелді» жалпы орта білім беретін 150 орынға арналған қосымша мектептің құрылыс барысымен танысып, құрылыстың қалайжүргізіліп жатқандығына бақылау жасады. Кездесу барысында мердігермен жәнетапсырыс берушімен нысандарды салу процесінде туындайтын проблемалықмәселелерді талқылады.

Аталған нысан құрылысы 2022 жылдың мамыр айында басталған, қаржының жетіспеушілігіне байланысты құрылыс тоқтап, биыл наурыз айында қаржысыбөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Соныменқатар, депутат құрылысы жүріп жатқан Сарапхана ауыл округі, Майлыошақелдімекеніндегі 200 орындық «А.Байтұрсынов» атындағы жалпы орта мектебіне дебарды. Аталмыш білім ошағының құрылысын «Өмірзақ» ЖШС жүргізуде. Құрылыс 2021жылы басталған. Биыл желтоқсан айына дейін аяқталуы тиіс.

Мәжіліс депутаты қос нысанды аралау барысында құрылыстың бірқатар атқарылуы тиіс жұмыстарын атап өтті.

– Мектеп құрылысын осы жылдан кешіктірмеу керек. Бұл нысан партия тарапынан қазір толық бақылауда. Біздің сайлауалды бағдарламамызда дәл осы нысандарды енгізген. Осында келу мақсатымыз – жұмыстарды өз көзімізбен көріп, бақылауға алу, – деді Мәжіліс депутаты.

Сондай-ақ, Ерлан Абдиев құрылыс барысы қарқынды екенін, алайда сапасына да баса мән беру керектігін айтып, облыстық құрылыс басқармасына жұмыстарды қадағалауға алуды қатаң түрде тапсырды.

Құрылысы жүріп жатқан қос нысан да «Amanat» партиясының бақылауында.

ӘКІМ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАП, САПАСЫН БАҚЫЛАУДА

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округі, Дихан баба елді мекеніне арнайы барып, мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарының сапасын бақылады. Мәдениет үйін аралап көрген аудан басшысы жауапты мердігер мекеме өкіліне жұмыстың сапасына мән беріп, мерзімінен кешіктірмеу керектігін ескертіп, жауапты бөлім басшысына нысандағы құрылыс жұмыстарының барысын қадағалауда ұстауды тапсырды.

Айта кетсек, нысанның ішкі әрлеу жұмыстары толығымен аяқталып, қазіргі таңда ауа желдеткіштері мен газға қосу жұмыстары жүргізілуде.

Содан соң, аудан әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округі, Жонарық елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарымен танысты.

Айта кетсек, бүгінгі таңда аталған нысан ғимаратының қабырғасы тұрғызылып, шатыры жабылған. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтап, тұрғындар игілігі үшін пайдалануға беру жоспарлануда.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына алдағы уақытта да құрылыс жұмыстарының барысын өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді.

Сонымен қатар, аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округі, Құрама елді мекенінде құрылыс жұмыстары басталған спорт кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылыстың жағдайымен танысқан аудан әкімі тиісті бөлім басшысына құрылыс жұмыстарын сапалы бастауға және қатаң бақылауға алуды тапсырды.

АУДАН ӘКІМІ МЕКТЕП ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Бірлік ауылдық округі Еркінабад ауылына жұмыс сапарымен барып, осындағы 200 орындық мектеп ғимаратының құрылысымен танысты.

Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен құрылысы жүріп жатқан нысанның бас мердігері – «Казспецстрой 2020» ЖШС, авторлық қадағалаушысы – «Мелиосервис-К» ЖШС болса, «Абил Строй Инжиниринг» ЖШС техникалық жағынан қадағалап отыр.

Жалпы құрылыс нысанының конкурстық құны 522 миллион теңгені құрайды. Заманауи мектеп ғимараты 2024 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Аудан басшысы құрылыс нысанының жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес сапасын тексеріп, кейбір орын алған кемшіліктер бойынша мердігер мекеменің басшылығына ескертулер берді. Сондай-ақ, нысанды өз уақытында тапсыру керектігін атап өтті.

Айта кетейік, жаңа мектеп ғимаратында оқушылар үшін барлық жағдайлар қарастырылатын болады. Атап айтқанда, физика, химия, информатика, технология кабинеттері, мультимедиялық және лингафондық кабинеттері соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталады. Сондай-ақ, кітапханасы, спорт залы, асханасы болады.

АПАТТЫ КӨПІР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Келес ауданындағы Ошақты ауылдық округі, Саңырау елді мекеніндегі апатты көпірге жөндеужұмыстарын жүргізу керек екендігі жайында тұрғындар тарапынан өтініш түскенболатын.

Тұрғындардың мәліметінше, жауын-шашын салдарынан көпір тіреуіштерінің айналасы опырылып, қауіпті жағдайға жеткен. Мәселені қолға алу мақсатында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев шұғыл түрде апатты көпірді қалпына келтіруге тапсырма берді. Нәтижесінде аталған көпірге Келес аудандық «Келес қызмет» КММ-нің арнайы техникалары жұмылдырылып, ауыл тұрғындарының атсалысуымен көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

– Аудан басшысы дербес бөлім басшыларымен бірге Ошақты ауылдық округінің елді мекендерін аралап, түйткілді мәселелерді көрген болатын. Саңырау елді мекеніндегі көпірдің жағдайын көрген Жәнібек Есенұлы апатты көпірді қайта қалпына келтіруге тапсырма беріп, бақылауға алды. Соның нәтижесінде қажетті техникалар жұмылдырылып, көпір қалпына келтірілді, – деді Ошақты ауылдық округінің әкімі Нұрмаханбет Нархозиев.

Еске сала кетсек, аудан әкімі Ошақты ауылдық округін аралау барысында 10-ға жуық мәселені көтеріп, шешу бағытында іс-шара жоспарын бекіткен болатын. Оның ішінде елді мекендерді көгалдандыру, көпірлерге қорғау шарбақтарын орнату, тұрғындарға кезекпен жер телімдерін үлестіру мақсатында қажетті шараларды атқару жұмыстары бар. Сондай-ақ, аудандағы Атақоныс және С.Саттаров ауылдарында егілген ағаштарды көгерту сынды мәселелер аудан әкімінің бақылауында.

ЖҰМЫС САПАЛЫ ЖҮРГІЗІЛСЕ ҒАНА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КӨҢІЛІ ТОҚ БОЛАДЫ

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов жұмыс сапарымен Қараспан ауылдық округіне барды. Бірінші болып Батыр ата ауылына табан тіреген аудан басшысы ауылға табиғи газ құбырын тарту жұмыстарының барысын көзден кешірді. Қазір мұнда 244 үй (абонент) бар. Мердігер мекеме тарапынан жер астынан 19 шақырым болатын газ құбыры тартылған. Биыл Қараспан а/о бойынша 8 елді мекен табиғи газбен қамтылады деп жоспарланған. Елді мекендерге газ тарту жұмыстарында кемшіліктердің орын алып жататындығын алға тартқан аудан әкімі оларды ретке келтіру үшін сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.

Төреарық елді мекенінде болған аудан әкімі фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылысымен танысып, медициналық нысанның мерзімінде пайдалануға берілуін бақылауға алуды тапсырды.

Қараспан ауылын табиғи газбен және таза ауыз сумен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды көрген аудан әкімі мердігерлерге, ауыл әкімі мен сала мамандарына бірқатар ескертулер жасап, жұмыстың сапасына және уақтылы жүргізілуіне қатаң бақылау жасау керектігін айтты. Қазіргі таңда Қараспан а/о 4 елді мекенде ауыз су тарту жұмыстары жүргізілуде. Олар биыл бітіп, тапсырылуы тиіс. Келесі жылы 3 нысан (е/м) жүргізілсе, нәтижесінде а/о барлық елді мекен таза ауыз сумен қамтылатын болады.

Аудан басшысы Қараспандағы мәдениет үйінің жай-күйімен де танысты.

Сапар соңында көшпелі мәжіліс өтіп, ауыл әкіміне, тиісті сала басшыларына Қараспан ауылдық округінде өзекті болып отырған мәселелер (күл-қоқыс, полигон маңын тазарту, абаттандыру және т.б.) бойынша тапсырмалар берілді.

ҚАЛАМЫЗДЫ ЖАҚСАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БАРЛЫҚ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАЙМЫЗ

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова Нұрсая тұрғын ауданындағы Ардагер көшесінде орналасқан 1,3, 5 (бұрынғы 104, 105, 106) көппәтерлі коммуналдық-арендалық үй тұрғындарыменкездесті.

Кездесуде шағын ауданды дамыту, көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру, жарықтандыру мен спорт алаңқайларын салу мәселелері сөз болды. Одан бөлек, қысқы жылыту маусымына дайындық жайы талқыланды.

Еркін форматта өткен кездесуде тұрғындар қоқыс контейнерлері ойын алаңына тым жақын орналасуына байланысты басқа орынға ауыстырып беруді өтінді. Сондай-ақ, бұған дейін қойылған 4 қоқыс контейнері 108 пәтер үшін аздық ететін айтты. Қала басшысы өтінішті назарға алып, сала басшысына мәселені зерделеп, тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды. Қоқыс жәшіктері санын 10-ға жеткізіп, белгіленген орынға сырттан келіп қоқыс тастау жағдайларын болдырмауды және осы аймақтың тәртібін қадағалауды жүктеді. Сондай-ақ, тұрғындар өтінішіне сәйкес футбол алаңшасының қоршауы сырланып, балаларға арналған әткеншектер мен ойын алаңшалары салынатын болды.

Қала тазалығы бәрімізге ортақ міндет екендігін айтқан әкім, тұрғын үй төрағаларына қоғамдық тәртіп пен тазалыққа белсенді болуға шақырды.

«Сіздердің әрқайсыларыңызды тұрғындар белсенді көшбасшылық, ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз үшін төраға ретінде таңдап сайлады. Көп пәтерліүйде, оның ауласында тәртіп ұйымдастыра аласыздар деп үміттенді. Сондықтан,тұрақты түрде сенбілік ұйымдастырып, тұрғын үй ауласының санитарлық тазалығын сақтауда белсенді болуға шақырамын. Өз кезегінде, мен Сіздердің сүйіктіқаламызды жақсартуға бағытталған барлық бастамаларыңызды қолдауға дайынмын», –деді Гүлжан Мамытқызы.

Кездесуде, тұрғындар сыртқы жарықтандыру, спорт алаңшалар салу, түн тыныштығын бұзатын бұзақылар мен маскүнемдермен күресу сынды мәселелер көтерді. Шаһар басшысы кейбір мәселелерді қаржы мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен шешілетін айтса, бірқатар ұсыныс-тілектерді шешу үшін тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *