ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА ҚАТЫСТЫ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қоғам
221 Views

Түркістаноблысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елінен келген инвесторлармен кездесті. Işiklar Holding холдингіжаңа жобаға 12 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы құюға дайын. Зауыт «Turkistan»АЭА аумағында жүзеге асады. Шетелдік компания құрғақ құрылыс қоспаларынаарналған қаптамалар өндіретін зауыт ашуды жоспарлауда. Құрғақ құрылыс қоспаларына арналған қаптамалар өндіріс орнының іске асырылу мерзімі –2023-2024 жыл. 1 кезеңде 50-ден астам жұмыс орындары ашылады. Кездесу барысындатараптар жобаны жан-жақты талқылап, ұсыныстарын жеткізді.

Облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткеніндей, білім сапасын арттыру, ауыл шаруашылығын дамытып, жоғары деңгейдегі қайта өңдеу ісінің жаңа өндірістік бағыттарын құруға ерекше назар аударуда екенін атап өтті. Тараптар инфрақұрылым мен химия өнеркәсібі салаларын дамытуға қатысты жобаларды да талқылады. Облыс басшысы Түркістан өңірінде жүзеге асып жатқан ауқымды жобаларға тоқталды.

– Түркістан облысы жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін өте ыңғайлы инвестициялық алаң. Біздің елдеріміз арасындағы әріптестік қарым-қатынастардың берік негізі және ұзақ мерзімді перспективасы бар. Соңғы жылдары көптеген салаларда қазақ-түрік қарым-қатынастарының дамуында жоғары серпін байқалады. Түркістан аймағын дамыту үшін қазақ-түрік ынтымақтастығы ерекше маңызды екенін атап өткім келеді. Бүгінде облыста түрік капиталының қатысуымен құрылыс, сауда, өңдеу және басқа да салаларда 51 кәсіпорын жұмыс істейді. Сонымен қатар, түрік инвесторларының қатысуымен облысымызда бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылды. Жобаның өңірімізде жүзеге асуына қызығушылық танытқаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Біз өз тарапымыздан жан-жақты қолдау ұсынуға дайынбыз. Бүгінгі ұсынып отырған жобаңыздың өзектілігі ерекше. Түркістан қаласы бүгінде үлкен құрылыс алаңына айналды. Алдағы 5 жылда 4,4 млн. шаршы метр тұрғын үй енгізу жоспарлануда. Түркістан қаласында халық санының өсу болжамдарын ескере отырып, тұрғын үй нысандарын салу мен жаңғыртудың ауқымды жоспары әзірленді. Бұл саланың серпінді дамуына, атап айтқанда, құрылыс материалдарын және басқа да ілеспе өнімдерді өндіруге, соның ішінде құрылыс қоспаларына арналған қаптамаларды өндіруге ынталандыру болып табылады. Оның үстіне «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы қызметінің басым бағыттарының бірі құрылыс материалдарын өндіру болып табылады және осы саладағы жобаларды жүзеге асыру сіздің компанияңызды жергілікті нарықпен қамтамасыз етеді. Біз сіздің жобаңыздың сәтті жүзеге асуына мүдделіміз және қолдан келген көмекті көрсетуге дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.

Өз кезегінде түрік инвесторы Түркістан өңірі мен облыс орталығының экономикалық даму бағытын жоғары бағалап, бірқатар жобаларға қызығушылық танытты.

Түркия холдингінің бағыты бұдан басқа да бірнеше желіні қамтиды. «Işıklar Holding» 1974 жылы химия, агроөнеркәсіп, энергетика және экономиканың басқа да салаларында өз қызметін жүргізетін компаниялар тобы ретінде құрылған. Сондай-ақ, бүгінгі күні компанияның Болгарияда ауданы 11000 га аңшылық алқабы бар, оның өндірістік қуаты 6 МВт болатын Түркия аумағында екі орналастыру нысаны және ГЭС бар.

Анықтама: холдинг кәсіпорындарының жалпы қуаты жылына 380 миллионнан астам қағаз қап шығаруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Холдингтің барлық өнімдерінің 42% – ы 50-ден астам елге экспортталады. Сонымен қатар, компанияда тоқыма бұйымдарын өндіру бар, оны Түркістан облысындағы одан әрі кезеңдер үшін де қарастыруға болады.

ТҮЛКІБАСТАҒЫ ТОННЕЛЬ ЖЫЛ СОҢЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына жұмыс сапарында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің Шақпақ баба ауылындағы жер асты жолының (тоннель) құрылыс жұмыстарымен танысты.

Жобаның жалпы құны – 8,5 млрд. теңге. Оның ішіне Жаскешу – Шақпақ ауылдары аралығындағы 40 шақырым автомобиль жолының құрылысы да қамтылады. Тоннелдің ұзындығы – 840 метр, ені – 13 метр. Құрылыс бірнеше жыл бойы әлі жалғасып келеді. Нақтырақ айтсақ, Тұрар Рысқұлов елді мекенінің айналма жолын (40,5 шақырым) және әрқайсысының ұзындығы 840 метр болатын екі жолақты тоннель салу жоспарланған. Қазіргі уақытта жолдың құрылысы аяқталып, жалпы ұзындығы 3,8 шақырым құрайтын тоннелге кіреберіс жолдары қалып отыр. Ал тоннелдің құрылысына келсек, «Тараз-Шымкент» бағытында бұрғылау-жару жұмыстары және монолитті бетонмен тұрғызу жұмыстары толық аяқталған. Жол жабыны мен дренаж құрылғысы үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Оң жақ тоннель, яғни, «Шымкент-Тараз» бағыты бойынша бұрғылау-жару, сондай-ақ 345 метр монолитті бетонмен салу жұмыстары атқарылуда. 2023 жылдың соңында аяқтау көзделіп отыр.

Облыс әкімі құрылыс жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқанын сынға алып, бас мердігер «EVRASCON» компаниясы (Әзербайжан республикасы) өкілдеріне жұмысты ширатуды тапсырды. Осы құрылысқа қатысты мемлекеттік орган басшыларына жобаны қадағалап, соңына дейін жеткізу керектігін айтты.

Одан кейін Дархан Сатыбалдыға Түлкібас аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жағдайы таныстырылды. Бұл ғимарат 1904 жылы салынған. Алғашында шіркеу болып ашылған. 1987 жылы «Түлкібас аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» болып аталған.

Аталған спорт мектебінің спортшылары 2022-2023 жылдары облыс чемпионатында 7 алтын, 10 күміс, 14 қола, Қазақстан Республикасының чемпионатында 6 алтын, 3 күміс, 6 қолаға қол жеткізген.

Қазіргі таңда ғимарат тозған. Спортшыларға арнайы киім ауыстыратын, жуынатын бөлмелері қарастырылмаған, қолайлы жағдай жасалмаған. Осыған байланысты Шақпақ баба ауылына заманауи жаңа спорт мектебін салу қажет. Спорт мектебінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы бөлінуі тиіс.

Өңір басшысы бұл мәселе зерделеніп, тиісті шешім қабылданатынын жеткізді. Бұқаралық спорттың маңызды екеніне тоқталып, жауапты басшыларға мәселені бақылауға алуды тапсырды.

САУРАННЫҢ КЕЛБЕТІ ЖАҢАРАДЫ, ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ДАМИДЫ

Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Жібек жолы ауыл округ тұрғындарымен кездесуінде осылай деді. Ежелгі Сауранды мекен еткен халықтың саны бүгінде 3 мыңға жуықтап қалады. Байырғы Дешті-Қыпшақтан қалған ауылшаруашылығымен айналысып отыр. Мал шаруашылығы күн көріс көзі. Едәуір ілкімді тірлік бар. Былтырғы жылы ауылшаруашылық саласына 70 млн.теңге инвестиция тартылған. Ескі Сауранның да келбеті жаңарады. Инфрақұрылымы дамиды.

 – Сіздер ауданның тарихи жүрегінің тұрғынысыздар! Күллі Азияны аузына қаратқан Сауран көнермейді, керісінше жаңарады. Жібек жолы жанданады. Сіздер нәпақаларыңызды жер анадан айырып отырсыздар. Ауыл округ бойынша 5 963 га жайылымды жер болса, тағы да қосымша 12 350 га жер ортақ жайылымды жер беріледі. Қазіргі таңда елді мекен шекарасы 110 гектарға кеңейтіліп жатыр. Алдағы уақытта инфрақұрылым жүргізілгеннен кейін тұрғын үй құрылысын салу үшін жер кезегінде тұрған Сауран елді мекені-267, Ескі Сауран-119 азаматтар қамтылатын болады. Кезінде 428 млн.теңге жұмсалып 500 метр скважина қазылған. Бірақ суы сапасыз. Өзім барып көрдім. Алдағы уақытта мамандармен бірлесіп бұл мәселенің де шешілу жолын қарастыратын боламыз,– деді аудан әкімі.

 Халық тарапынан АТК каналы арқылы егістік алқаптарына ағын суды жеткізу жөнінде ұсыныс айтылды. Тұрғындар ұсынысына үстіміздегі жылы Сауран ауданының мәслихат жиналысында «Тұран су» мекемесінің орынбасары мен «КазСуШар» РМК мекемесінің инженерінің қатысуымен, «ҚазСуШар» РМК мекемесінің теңгеріміндегі Р-46, Р-47, Р-48 каналдарын «Тұран су» мекемесінің теңгеріміне өткізу және Р-45 каналынан бастап 80 см биік орналасқан жерлерді төмен түсіріп, механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуге келісілім берілді. Бұл жұмыстар жүргізілген жағдайда, ағын су Жібек жолы ауылына ағын су таратылатын болады деген жауап берілді.

 Көне Сауранды туристік аймаққа айналдыру бойынша қарқынды жұмыс жасалынбақ. Келешекте Сауран ауданы тарихи мәдени орталыққа айналуы мүмкін.

 Халық күткен көп мәселе қаржы мен уақытқа тәуелді. Алдымен халық мұқтаж мәселе шешіледі. Кездесу соңында ауыл тұрғындары аудан әкімінің төрт айда атқарған жұмыстарына оң бағасын берді. Тұрғындар тарапынан айтылған мәселені оңтайлы шешу үшін сала басшыларына тапсырмалар берілді. Айтылған мәселе назардан тыс қалмайды деп екшеді аудан басшысы.

АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

2023 жылғы Жетісай ауданының егістік алқаптарына 663 млн. м3 ағын су лимиті бекітілген болса. Бүгінгі күнге дейін нақты алынған су көлемі 244,49 млн. м3.

Жетісай ауданы бойынша егістік алқаптарда егілген ауыл шаруашылығы дақылдарын суғару жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Әйтсе де, бүгінгі таңда шаруалардың ағын суға деген сұранысы 26,5 м3/сек болғанымен нақты келіп жатқаны 19,3 м3/сек құрап, егістік алқаптарға бекітілген 663 млн. м3 ағын су лимитінің 244,49 млн. м3 алынған.

Десе де, ауданда ағын судың жетіспеушілігі 10-мамырдан бастап сезіле бастады. Сол кездегі шаруалардың ағын суға сұранысы 17,30 м3/сек болған болса, нақты келгені 12,2 м3/сек болған.

Бүгінгі күнге аудан бойынша 22 мың гектардан астам алқапқа бақша және көкөніс дақылдары егілген. Қазіргі таңда 656 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 5,5 мың гектардан астам алқапқа егілген көкөніс және бақша дақылдарына ағын су көлемі жетіспеуде.

Аудан аумағында «Достық» каналы бойында соңғы орналасқан Қызылқұм, Абай, Ж.Ералиев, Мақталы ауылдық округтеріне ағын су көлемі жетіспеуде.

Қызылқұм ауылдық округіне қарасты егістік алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ететін шаруашылықаралық К-30 каналынан сұраныс 8 м3/сек, ал, нақты келіп жатқаны 6,6 м3/сек. Ауылдық округ аумағында 1,5 мың гектарға жуық көкөніс және бақша дақылдары егілген. Бүгінгі күнге 133 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 800 гектар егістік алқапқа ағын су жетіспеуде.

Абай ауылдық округіне қарасты егістік алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ететін шаруашылықаралық К-30 каналынан сұраныс 8 м3/сек, ал, нақты келіп жатқаны 6,6 м3/сек. Ауылдық округ аумағында 1,6 мың гектарға жуық бақша және көкөніс дақылдары егілген. Бүгінгі күнге 82 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 560 гектар егістік алқапқа ағын су жетіспеуде.

Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты егістік алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ететін К-32 каналынан сұраныс 1 м3/сек, ал, нақты келіп жатқаны 0,35 м3/сек. Ауылдық округ аумағында 4 мың гектардан астам алқапқа көкөніс және бақша дақылдары егілген. Бүгінгі күнге 121 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 1100 гектар егістік алқапқа ағын су жетіспеуде.

Мақталы ауылдық округіне қарасты егістік алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ететін К-34 каналынан сұраныс 2,5 м3/сек, ал, нақты келіп жатқаны 1 м3/сек. Ауылдық округ аумағында 1800 мың гектарға жуық көкөніс және бақша дақылдары егілген. Бүгінгі күнге 124 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 750 гектар егістік алқапқа ағын су жетіспеуде.

Жылы су ауылдық округіне қарасты егістік алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ететін К-21 каналынан сұраныс 6 м3/сек, ал, нақты келіп жатқаны 4,5 м3/сек. Ауылдық округ аумағында 2,5 мың гектарға жуық көкөніс және бақша дақылдары егілген. Бүгінгі күнге 196 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 1150 гектар егістік алқапқа ағын су жетіспеуде.

Атамекен ауылдық округіне қарасты егістік алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ететін К-25 каналынан сұраныс 5 м3/сек, ал, нақты келіп жатқаны 2,5 м3/сек. Ауылдық округ аумағында 2,2 мың гектарға жуық көкөніс және бақша дақылдары егілген. Бүгінгі күнге 235 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 1200 гектар егістік алқапқа ағын су жетіспеуде.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қажетті ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі мен «Қазсушар» РМК ТФ басшылары тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Нақтырақ айтар болсақ, аудан басшысының тапсырмасымен Мақталы ауылдық округіндегі К-27 каналына 350 м3/сек және К-34 каналына 200 м3/сек насостар қойылып, шаруаларға ағын су жеткізіп беру жұмыстары жүргізілуде.

ОРДАБАСЫДА ЕСКІ ҮЙЛЕР ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Ордабасы ауданының орталығы Темірлан елді мекенінде орналасқан “Черемушка” мөлтек ауданында тұрғын үйлерді жаңғырту жалғасып жатыр. Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Т.Рысқұлов көшесіндегі нөмірі 1-ші үйде жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Қазір жұмысшылар аталған үйдің тозығы жеткен шатырын ауыстыруға кіріскен. Содан кейін қасбеті, кіре берістері (подъездер) ретке келтірілетін болады. Сондай-ақ, үйдің сыртында әр пәтерге арналған жасалған арнайы қоймаларда да жаңартылады.

Аудан әкімі тиісті бөлім басшысына мердігер тарапынан жүргізіліп жатқан жұмысты қатаң бақылауда ұстауды, ал, мердігерге жұмысты сапалы жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ тұрғындардың сын-ескертпелерін де назар аударуды міндеттеді.

Жалпы, “Черемушки» мөлтек ауданында 23 көп қабатты тұрғын үй орналасқан. Барлығы кондонминиум нысаны ретінде әділет басқармасында тіркеуден өткен.

Аталған үйлердің құрылысы 1978 жылы жүргізілген және бүгінгі таңға дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Осыған байланысты, 2020 жылы «Темірлан ауылындағы көп қабатты тұрғын үйлерді жаңғырту» жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалған.

2022 жылы жергілікті бюджеттен 94 163,00 мың теңге бөлініп, 9 көп қабатты үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Яғни, тұрғын үйлердің шатырларын ауыстыру, қасбет пен подъезд қабырғаларын бояу, тұрғын үй отмоскасын қою, балкондарды жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы 3 көп қабатты үйге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Қалған үйлер бөлінген қаржыға байланысты кезең-кезеңімен жөнделмек.

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ҮШІН ТИІСТІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Сызған ауыл округінің тұрғындарымен кездесті. Өткен кездесулерде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу барысына тоқталып, ағымдағы жылы атқарылар жұмыстарды баяндады.

– Сызған ауыл округі тұрғындарының өтініштеріне орай тиісті жұмыстар жасалуда. Қозмолдақ елді мекенінің Момбеков көшесіне көше жарықтандыруы жүргізіліп, іске қосылды. Төреханов және Берістемұлы көшелері мен Басбұлақ елді мекенінің Басбұлақ-1 және Басбұлақ-2 көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаржысы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сызған ауылындағы электр желілері мен трансформаторына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ орталықтандырылған ауыз сумен қамту үшін де тиісті жұмыстар атқарылуда, – деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.

Ашық аспан астында өткен жиында тұрғындар алдыңғы кездесулерде айтылған өтініштерінің аяқсыз қалмай, тиісті жұмыстар жасалып жатқанын айтты. Бұл үшін алғыстарын жеткізіп, ағымдағы жылға бірқатар ұсыныс-пікірлерін жолдады. Ұлы Отан соғысының ардагері Мырзахмет Жылысбаев ақ батасын арнап, аудан басшысының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Аудан басшысы айтылған әрбір мәселені назарға алып, шешу жолдарын талқылап, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Есептік жиын соңында бірқатар тұрғындар жұмыс мәселесі бойынша жүгініп, көкейде жүрген сауалдарын қойды. Сала мамандарына көтерілген мәселелердің шешу жолын қарастырып, тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды.

ТҰРҒЫНДАРҒА ТАБИҒИ ГАЗ МЕРЗІМІНДЕ БЕРІЛУІ ТИІС

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов бүгінгі өткен аппараттық жиында тиісті сала мамандарына елді мекендерге газ тарту жұмыстарындағы кемшіліктерді тез арада қалпына келтіруді, жұмыс сапасын қатаң бақылауға алуды және көгілдір отынның тұрғындарға мерзімінде берілуін тапсырды.

Сондай-ақ тұрғындармен газ беруші мекеме арасындағы келісім-шарттарға мән беру керектігін ескертіп, салаға жауапты орынбасарына, бөлім басшысына және ауыл әкімдеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Биыл ауданда 17 елді мекенді (Бірлік, Жамбыл, Ақжол, Мақташы, Бейсен, Қараспан, Төреарық, Көлтоған, Берген, Батар ата, Ынталы, Аманкелді, Елшібек батыр, Спатаев, Төрткөл, Қарақұм, Бірлік) табиғи газбен қамту көзделген. Аталған елді мекендер газға қосылған жағдайда аудан бойынша қамту деңгейі 47,4%-ға жетеді. Яғни, 27 елді мекен және 60 815 адам көгілдір отынға қол жеткізетін болады.

Одан бөлек, 13 елді мекенге газ тарту үшін ЖСҚ әзірленді. Олар: Жусансай, Аққойлы, Сарыарық, Ақпан, Нұра, Бадам, Дербес, Мамыр,Ордабасы, Ақбұлақ, Қарабастау, Дихан, Қалаш елді мекендері.

Оның 8-і 2024 жылға өтпелі (Бөген, Көкарал, Еңбекші, Шұбар, Береке, Сарытоғай, Тоқсансай, Шұбарсу).

Нәтижесінде аудан бойынша газбен қамту деңгейі 82,5% немесе 109 289 адамға жететін болады.

Аппараттық жиында алдыңғы жылдары отырғызылған ағаш көшеттерінің өнімділігі, күтіп ұстау мәселелері қаралды. Аудан басшысы ауыл әкімдеріне, тиісті сала мамандарына әр ауыл округтердегі белгіленген жерлерге отырғызылған көшеттерді мерзімінде суғаруды, түптерін қопсытуды, қоршауға алуды, қураған ағаштардың орнын ауыстыруды тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *