15 ЕЛДІҢ СТУДЕНТТЕРІ ЕҰУ-ҒА ОҚУҒА КЕЛДІ

Білім
262 Views

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне 15 мемлекеттен 180-нен астам білім алушы келді. Олар қазақстандық жоғары оқу орнында «Welcome to ENU» академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алады.

Тесс Линель елімізге Бельгиядан келді. Ол Universite de Monsу ниверситетінде магистратурада оқиды және академиялық ұтқырлық бойынша Еуразияұлттық университетіне келуді ұйғарған. Тесс биыл ЕҰУ-да оқуын тағы бірсеместрге ұзартты.

«Тіл деңгейін көтеру мақсатында ЕҰУ-ға оқуға келдім.Франция мен Бельгияда оқып жүрген кезімде Орталық Азия елдеріне қызығушылық танытып, көптен бері Қазақстанға барғым келетін. ЕҰУ өзім оқитын университетпен серіктестік орнатқанын білген бойда осында тағылымдамадан өтуге бел будым. Сонымен қатар, маған бұл жерде үлкен сенім артылып, сабақ өткізуге мүмкіндік берілді. Қазір мен ЕҰУ-да ауызша аударма бойынша практикалық дәрістер өткіземін және француз тілін үйретемін», деп түсіндірді Тесс Линел.

Биылғы көктемгі семестрге «Welcome to ENU» академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша әлемнің 31 оқу орнынан студенттер оқуға келді. Оның ішінде Бельгия, Франция, Венгрия, Польша, Қытай, Оңтүстік Корея, Тайланд, Вьетнам, Үндістан, АҚШ, ТМД елдері бар. Шетелдік жастар үшін оқу 13 факультетте қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тегін жүргізіледі.

Атап өткен жөн, шетел университеттерінің білім алушыларына арналған «Welcome to ENU» академиялық ұтқырлық бағдарламасы 2020 жылы іске қосылған. Оның аясында 4 жыл ішінде Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Германия, Франция, Бельгия,  Үндістан, Польша, Словакия, Литва, Жапония және т.б. елдерден 800-гежуық шетелдік студент ЕҰУ-де білім алды.

ЕҰУ-нің ақпараттық орталығы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *