ЖОЛДАР ҮШІН СУПЕРАСФАЛЬТ ЖАСАҒАН

Білім Қоғам
399 Views

ЕҰУ ғалымдарының жаңалығы жұртты елең еткізді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары Superpave технологиясын өндіріске енгізужұмыстарын бастады. Озық әдіс асфальтбетонды жобалау кезінде климаттық факторларды, көлік жүктемесін, қозғалыс қарқынын және шикізат сапасын ескереді. Оның арқасында жол төсемінің беріктігі қамтамасыз етіледі.

ЕҰУ базасында еліміздің құрылыс, жол құрылысы секторында аккредиттелген қызметтердің толық циклін қамтамасызететін Қазақстандағы алғашқы құрылыс-техникалық инженерлік орталық құрылды. Ондасупер асфальтқа арналған экологиялық тиімді технологиялар әзірленеді.

Университет ғалымдары отандық стандарттарды әзірлеу кезінде қазақстандық өндірушілердің материалдарын қолданады. Бүгінде асфальтқа арналған арнайы қоспалар дайындалды. ЕҰУ ғалымдары инновациялық асфальт-бетонды өндіріске енгізудің алдында оның үлгілерін заманауи жабдықта сынақтардан өткізеді. Оның барысында көліктердің ұзақ мерзімді жүру иммитациясы жасалады, әртүрлі жүктемелер кезінде сораптың пайда болуы, жаңбыр мен қарды тәрізді климаттық жағдайларға төзімділігі тексеріледі.

«Superpave технологиясының артықшылығы – біздің еліміздің климаттықжағдайларын және басқа да ерекшеліктерін ескереді. Битум қоспасы облыстың ерекшеліктерінесәйкес жасалады. Бірегей аспаптардың көмегімен асфальттың ескіру үрдісіимитацияланатын сынақтар жүргізіледі. ЕҰУ зертханасында сәтті жүзеге асырылып жатқан Superpave технологиясының тағы бір маңызды ерекшелігі – зертханада нақтыжол учаскесіне толығымен сәйкес келетін үлгіні жасау. Егер үлгіні зертханадасынау кезінде нормаларға сәйкес нәтижелерді көрсетсе, дәл осындай нәтижелер жолдынақты пайдалану кезінде де қол жеткізіледі. Бздің жоба инновациялық жол жәнеқұрылыс материалдарын әзірлеуде жасыл технологияларды пайдалану арқылы тұрақтыдамуға жол ашады», — деп атап өтті ғылыми жоба жетекшісі, ЕҰУ инновацияларды дамыту департаментінің директоры ӘселЖексембаева.

Бүгінде ЕҰУ ғылыми зертханаларында Еуропа мен Азия ғалымдары бірлесе зерттеулер жүргізуде.Коллаборацияның нәтижесі бұл елдерде супер асфальт технологиясын енгізудіңсәтті тәжірибесіне жол ашуы ықтимал. Бұл ретте ЕҰУ зерттеушілері шетелдікстандарттарды Қазақстанның барлық аймақтарының климаттық ерекшеліктеріне барынша бейімдеуге баса назар аударады.

Жамила РАЙХАНОВА,

Халықаралық Журналистер одағының мүшесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *