ЕҰУ-ДЫҢ 10 ҒАЛЫМЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ СТИПЕНДИЯ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Білім Қоғам
169 Views

Қазақстандық 50 ғалымның ішінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 10 ғалымы мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды.

Олардың арасында ЕҰУ ғалымдары Толқын Азатбек, Әбдіраш Ақылбеков, Урпаш Шалболова, Жібек Рахматуллина, Фатима Абуова, Асылай Құрманбаева, Айман Ақылбекова, Елбек Өтепов, Әнуар Алдоңғаров, Гүлдар Баубекова жыл сайынғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар алу конкурсында жеңіске жетті. Байқауды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі өткізді.

Ғылыми стипендиялар қырық жасқа дейінгі дарынды жас ғалымдарға беріледі.

Атап өтерлік жайт, жақында ЕҰУ-дың 5 ғалымы республикалық байқаудың қорытындысы бойынша 2023 жылдың үздік ғылыми қызметкері атанды.

Мұндай жетістіктерге жеткен ғалымдар аталған университетте жеткілікті. Өйткені бұл оқу ордасы ғылыми-зерттеу университеті болып табылады.

Жамила РАЙХАНОВА,

Халықаралық Журналистер одағының мүшесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *