«ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ АЛДЫН АЛУ – СКРИНИНГТЕН БАСТАЛАДЫ»

Денсаулық
326 Views

Қант диабеті – ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру. Халықаралық диабет федерациясы бүкіл әлемде қант диабетімен ауыратындар саны артып келеді деп дабыл қағып отыр.

Әлемде 537 млн-нан астам адам қант диабетіне шалдыққан. Бұл жер бетінде 20-79 жас аралығындағы барлық адамның шамамен 10%-ын құрайды. Зардап шеккендердің басым бөлігі, яғни 90%-дан астамы 2 типті қант диабетімен ауырады. 2045 жылға қарай қант диабетімен ауыратын науқастар саны 2 есеге артады деген болжам бар. 2023 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда 439 327 ересек және 5132 бала қант диабетімен өмір сүреді.

Аурудың көрінісі: үнемі қатты шөлдеу, жиі несеп шығару, дегидротация, көру қабілетінің бұзылуы, бұлшықет әлсіздігі, терінің қышынуы және тітіркенуі.

Егер осы белгілердің бірін байқасаңыз, тез арада дәрігерге хабарласыңыз!

Қант диабетінің даму ағзадағы көмірсулар алмасуының бұзылуымен байланысты. Организм қандағы қант (глюкоза) деңгейін түсіре алмаған кезде пайда болады. Қан қоюланып, уақыт өте келе инфарктке, инсультке, соқырлыққа, бүйрек жетіспеушілігіне және аяқтың гангренасы сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Көптеген адамдар өздерінің ауруын білмейді және жиі жағдайда ауруы асқынғанда ғана біледі.

Бүгінде денсаулықты сақтаудың, кез келген кеселдің алдын алудың ең тиімді жолы – скрининг екенін көп жылғы тәжірибе дәлелдеп отыр. Осы арқылы кең тараған ауру түрлерін ертерек анықтап, ұтымды емдеу ісі жүргізілуде.

«Денсаулық сақтау» бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан тегін скрининг жұмыстары барысында науқастар анықталуда. Айта кетерлігі, 40 пен 70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер өздері тіркелген емханаларда скринингтен ақысыз өте алады.

Скрининг – бұл белгілі бір жастағы сау адамдарға қауіп факторлары мен ауруларды ерте сатысында анықтау үшін профилактикалық медициналық тексеру. Скринингтік тексерулер ауруды ерте кезеңде немесе оған бейімділікті анықтауға, оңтайлы емдеуді таңдауға және алдын алу шараларының кешенін тағайындауға көмектеседі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2020 жылғы 30 қазандағы №174/2020 «Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» бұйрығы бойынша жоспарлы жүзеге асырылып отырады. Осы іс шаралардың арқасында көптеген науқастар аурудың ерте сатысында анықталып, диспансерлік есепке алынып, кепілдендірілген тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етеді. Қант диабеті ауруының алдын алуда скринингтік тексерудің маңызы өте зор.

Қазақ халқында, «Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады» деген сөз бекер айтылмаған болар… Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіздер!

Ақдәме ДӘУРЕНБЕКОВА,

Шымкент қалалық №4 емханасының эндокринолог дәрігері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *