МАҚСАТ – ЖАҢА БИЗНЕСТІ БАСТАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

Экономика Қоғам
185 Views

Business.enbek.kz порталында 2024 жылғы 20 мамырдан бастап 1-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау жүзеге асырылады. Республика бойынша бірінші лекте 4 500 адамға грант беру жоспарлануда.

Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады.

Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 476 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Өтінім беру үшін қажет:

– Порталда тіркелу;

– грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;

– бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;

– өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға грант алуға үміткер бола алады:

– тіркелген жұмыссыздар;

– жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).

Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

– мүгедектігі бар адамдар;

– қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар адамдар;

– өңіраралық қоныс аударушылар

– аз қамтылған отбасы мүшелері;

– көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы);

– мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);

– асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

Грант алуға өтінімдерді қабылдау бірыңғай терезе – «Business.enbek.kz» порталы арқылы жүзеге асырылады.

Грантты: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.

ӨНІМДІЛІКТІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕСЕБІНЕН ҰЛҒАЙТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Биыл Түркістан облысында 873 мың гектар жердің егістік алқабы игеріледі. Оның ішінде 497 мың гектар жерге жаздық дақылдар, 202 мың гектарға күздік егіс, 175 мың гектарға жоңышқа егілді. Бүгінгі күнге жоспарланған көктемгі дала жұмыстары 85%-ға аяқталды. Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды егіс науқанының барысы туралы баяндады.

Өңір басшысы агроөнеркәсіп кешенінде сұраныстың артуына байланысты егіс құрылымын қалыптастыруда рентабельділігі жоғары дақылдарғабасымдылық берілгенін мәлімдеді. Атап айтқанда, масақты дақылдар 8 мың гектарға(281 мың. га) малазықтық дақылдар 6 мың гектарға (230 мың. га) көкөніс, картоп,бақша дақылдары 3 мың гектарға (129 мың. га) артығымен егіледі. Ал, мақтадақылы 11 мың гектарға (100 мың. га), майлы дақылдар 6 мың гектарға (77 мың.га) қысқарады. Сондай-ақ ерте пісетін әлеуметтік маңызы бар дақылдардың егіскөлемі 2 мың гектарға ұлғайтылып, 22 мың гектарға орналастырылды. Атапайтқанда, қырыққабат 400 гектарға (8 мың га), пияз 100 гектарға (2 мың га),сәбіз 700 гектарға (2 мың га), картоп 1 мың гектарға (10 мың га) артығыменегілді.

Облыста егістікті әртараптандыруда өнімділікті жаңатехнологиялар есебінен ұлғайтуға басымдық берілуде. Осы мақсатта биыл тәжірибе негізінде жаңа әдіспен мақта дақылы 3000 гектардан астам аймаққа егілді. Бұлтехнологияның тиімділігі – суды, энергияны, еңбек ресурстарын және минералдытыңайтқыштарды үнемдей отырып, кемінде гектарынан 60 центнерден өнім алуғамүмкіндік береді. Бұл облыстың орташа көрсеткішінен 2,5 есеге жоғары.

Көктемгі дала жұмыстарына қолданыстағы 22 мың бірлік техника қызмет атқаруда. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында 12 мың трактор, 1 мың дәнсепкіш, 554 соқа, 1 мың қопсытқыш құралдары бар. 2024 жылы 668 техника сатыпалынып, жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы техникаларының паркі 6 пайызғажаңарады. Үкіметтің қолдауымен көктемгі дала жұмыстарына 38 мың 800 тоннажеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді.

Бүгінгі күнге бөлінген 12,8 мың тонна дизель отыны сатып алынып, тауар өндірушілерге босатылуда. Тауар өндірушілер жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілген.

Мақта сапасын арттыру мақсатында Өзбекстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігімен келісіліп, жоғарғы репродукциялы 1 мың 900 тонна мақташиті импортталып, тауар өндірушілерге босатылуда. Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерін минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында «ҚазАзот» АҚ-на аванстық төлем жүйесі арқылы 35 мың тонна аммиак селитрасына алдын ала 60пайыз субсидиясы (3 млрд. теңге) қаржыландырылды.

Сонымен қатар «ҚазФосфат» АҚ-на аванстық төлем жүйесі арқылы 6 мың тонна фосфор тыңайтқыштарының 60 пайыз субсидиясы (720 млн. теңге) мамыр айында төленеді. Бүгінгі күнге, тауар өндірушілерге 48 мың тонна минералды тыңайтқыштар жеткізіліп, 3,2 млрд. теңгеге субсидия төленді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жол картасына сәйкес, 2024 жылы 154 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жұмыстары толық орындалады.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Аграрлық несие корпорациясы арқылы 11,7 млрд. теңге қаржы бөлініп, 1 862 жоба қаржыландырылды. Бұдан бөлек, Аграрлық несие корпорация арқылы қосымша 27 млрд. теңгеге егісжәне жиын терім жұмыстарын қаржыландыру жоспарланды.

Түркістан облысында 22 мың. гектарға су үнемдеутехнологияларын енгізу жоспарланған. Бүгінгі күнге су үнемдеу технологиялары 11мың гектарға жүргізілуде. Сонымен қатар су үнемдеу технологияларын шығаратынжергілікті кәсіпорындар ашу жұмыстары белсенді атқарылуда. Атап айтқанда,«жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» жобасы іске асырылып, зауыт іске қосылды. Сондай-ақ мамыр айында тамшылатып суғару жүйесін шығаратын2 кәсіпорын іске қосылады.

САЙРАМ АТАУЫМЕН ЖАҢА БРЕНД ПАЙДА БОЛДЫ

Қазақстанда Сайрам тарихи аймағының атымен жаңа бренд пайда болды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

– Құрметті әріптестер, сіздердің назарларыңызға тағы бір маңызды ақпаратты ұсынғым келеді. Қазақстанда жаңадан Сайрам географиялық көрсеткіш тіркелгенін ресми мәлімдейміз! Сайрам – Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық ірі қала. Тарихи нысанның атын насихаттап, сауда-саттықта танымал ету мақсатында өтініш беруші серіктестік нан-тоқаш өнімдерін шығаратын «Сайрам» атауын таңдаған. Осылайша елімізде 5 географиялық көрсеткіш тіркелді. Олар: «Түркістан» балмұздағы, «Түркістан» шоколады, «Алматы апорты», «Қарағанды» балмұздағы және «Сайрам» кексі, – деді Талғат Уәли.

Айта кетейік наурыз айынан бастап тауар таңбаларына жедел сараптама жүргізу қызметі енгізілді. Өтініш берушілерге жеделдетілген сараптама жүргізу арқылы 3 ай ішінде тауар белгілерін құқықтық қорғауға мүмкіндік беріліп отыр. Осыған дейін бұл процедура 7 айға дейін созылатын.

КӘСІПКЕР 70 ТОННА ӨНІМ АЛУДЫ КӨЗДЕУДЕ

Сауран ауданында су үнемдеу технологиясын өндіріске енгізу қолға алынуда. Егістік пен бақшалықты тамшылатып суғару және егістік жерлерді жаңа технология жаңбырлатып суару бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру жұмыстары жүргізілуде.

Осы бағыт бойынша Шорнақ ауылдық округінде орналасқан «Мұрат» шаруа қожалығының төрағасы Мұрат Сұлтанбаев жылыжай кешенінде тамшылатып суғару арқылы 0,75 гектар жерге қияр, 1,5 гектар аумаққа болгар бұрышын егіп өсіруде.

Кәсіпкер орташа маусымдық «Ринда F1» қырыққабат өнім түрін 1,5 га жерге егуді жоспарлауда. Бүгінгі таңда жылыжайдың бірінші айналымнан 25 тонна қиярдан өнімі алынды. Алдағы уақытта 70 тонна өнім алуды көздеуде. Шаруа қожалық күніне 10 адамды маусымдық жұмыспен қамтуда. Сондай-ақ жергілікті жұртшылықты экологиялық таза өнімдерін ұсынуда.

«КӘСІБІМДІ ДАМЫТЫП ОТЫРМЫН, ТАПСЫРЫС КӨП»

Бүгінде Түркістан облысында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында тиісті жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.

Осы ретте Төлеби ауданы, Леңгір қаласында тұратын Индира Ахаева жобаға қатысып, мемлекеттік грантты жеңіп алған. Нәтижесінде жеке тұрғын үйінен ою трафаретін жасайтын цех ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр.

«Осы салаға қызығушылық танытып, білім алдым. Бүгінде өте күрделі оюларды кесу арқылы өз кәсібімді дамытып отырмын. Қазір Леңгір қаласындағы 5 тігін шеберханасынан тапсырыс қабылдаймын. Олардың ішінде көрпе, киім-кешектерге арналған оюларды қиямын. Қазіргі таңда ұлттық ою-өрнектерді сәулет және киім дизайнінде, зергерлік бұйымдар мен ыдыстар жасауда жиі қолданады. Сондықтан тапсырыс та көп», – дейді кәсіпкер.

ОТБАСЫЛЫҚ КӘСІПТІ ДАМЫТЫП, ТАБЫСТАРЫН АРТТЫРЫП ОТЫР

Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов Жетісай қаласындағы бірнеше кәсіпкерлік нысандар мен Қазыбек би ауылдық округінде кәсіпкердің жеке қаржысы есебінен құрылысы басталып жатқан 16 пәтерлі тұрғын үйдің, Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Ауыл аманаты» жобасы аясында қаражат алып, жылыжай жұмысын жандандырып отырған кәсіпкердің жұмысымен танысты.

Алғашқы барған нысан Жетісай қаласындағы Қадыровтардың отбасылық матрац шығару шағын цехы болды. Бүгінде 4 азаматты тұрақты жұмыспенқамтып отырған Бауыржан Қадыров күніне 4-5 матрац, айына тапсырысқа қарай 150данаға дейін өнім шығаруға қауқарлы. Қазіргі таңда өндірген өнімдерін ауданаумағындағы жиһаз жасау орындарына өткізуде.

Келесі нысан дәнекерлеу цехы болды. Мұнда қолынан іс келетін 8 ұста темір бұйымдарының кез-келген түрін жасаса, «Нұрлы Әлем» орталығында заманауи ішкі есіктер өндірілуде. Мұнда есіктердің көлемі мен бағасы, дизайны тапсырыс берушінің талғамына қарай шығарылады.

Сондай-ақ, Қазыбек би ауылдық округінде жеке кәсіпкердің қаржысы есебінен құрылысы басталған тұрғын үй нысанының және Ж.Ералиев ауылдық округіндегі жылыжай жұмысымен танысты. Қысқы мерзімде көшет өндіріп, жазда болгар бұрышын, үйіргелік жеріне баклажан өсірумен айналысатын шаруа «Ауыл аманаты» жобасымен былтыр 6 млн. теңге несие алған. Бүгінде өндірілген өнімдерін жергілікті базарлар мен көршілес аудандарда саудалауда. Осылайша жылыжай ісін жандандыру арқылы отбасылық кәсіпті дамытып, табыстарын арттырып отыр.

ТҮРКІСТАНДА «ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР КЛУБЫ» ҚҰРЫЛДЫ

Түркістанда жас кәсіпкерлерден құралған «Жас кәсіпкерлер клубы» атты ұйым өз жұмысын бастады. Клубтың алғашқы отырысына облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Әуелбеков, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев және рухани астананың белсенді кәсіпкерлері қатысты.

Клубтың негізгі мақсаты – кәсіпкерлік бастамасы бар жастармен кездесу, жастар арасында кәсіпкерлікті насихаттау және қолдау, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өзара әрекетін үйлестіру. Кеңес мүшелеріне бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, алдағы уақытта көтерілетін мәселелердің оңтайлы шешілуіне және кәсіпкерлік саланы барынша дамытуға атсалысуға келісті.

«Өңірімізде 200 000-нан астам кәсіпкер бар болса, соныңішінде 70 000-ға жуығы 35 жасқа толмаған жас кәсіпкерлер. Яғни, кәсіпкерлердің үштен бір бөлігі жастар. Бұл дегеніміз жас кәсіпкерлердің үлесі көп, тиісіншемәселелері мен ұсыныстары да көп болады деген сөз. Осы және өзге де жағдайлардыескере отырып, «Жас кәсіпкерлер клубын» ашуды жөн көрдік», – деді ЕрболАсфандиярұлы.

Жиында шаһар басшысының орынбасары Мекенхан Қозыханұлы Түркі әлемінің туристік астанасы атанған Түркістан қаласының атына лайық болуына кәсіпкерлердің орны мен рөлі айрықша маңызға ие екендігіне тоқталды. Сондай-ақ, жас кәсіпкерлердің еселі еңбегін насихаттау бағытында телеарна мен газет-журналдарға жариялау жұмыстарына да баса көңіл бөлу керектігін атап өтті.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНЫ 12 МЫҢНАН АСҚАН

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиында облысты дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Мақтаарал ауданының әлеуетіне, осы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту жолындағы жұмыстарға тоқталып, жоспарларды атап өтті.

– Сіздердің ой-пікірлеріңізді естіп, ауданды әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстарыңызбен танысу біз үшін өте маңызды. Мақтаарал ауданын дамыту мәселесі назарымыздан түскен емес. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Мақтаарал ауданында 2023 жылы 16 елді мекенде 2,4 млрд. теңгеге 23 жоба жүзеге асырылды, биыл 12 елді мекенде 2,3 млрд. теңгеге 16 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 825 млн. теңгеге 143 жоба қаржыландырылды. Бұдан бөлек, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2023 жылы 365 маманға 126 млн. теңге көлемінде бір реттік көтерме жәрдемақы, 92 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 476 млн. теңге көлемінде бюджеттік несие берілді. Облыста АҚШ-тың белгілі инженері Илон Масктің «Starlink» спутниктік интернет құрылғысын орнату жұмыстары басталып, бүгінде Мақтаарал ауданында 14 мектепте толық іске қосылды. Мемлекет басшысы жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Оның бастысы – инвестиция тарту, яғни жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында су үнемдейтін технологияларды кеңінен пайдалану да күн тәртібінде тұр. Осы бағытта жұмысты күшейтуіміз керек. Ауданның әлеуеті өте жоғары. Инвестиция тарту жұмыстарын күшейту қажет, – деген Дархан Сатыбалды мақтааралдықтарды «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысуға шақырды.

Мақтаарал ауданында 2023 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылға қарағанда 1,5 есеге өсіп, 139 млрд. теңгеге жетті. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 22 пайызға өсіп, 12 мыңнан асқан. Құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайып, 10 млрд. теңгеден асып отыр. Алайда негізгі капиталға инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы өнім көлемі, өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі бойынша биылға жоспарланған көрсеткіштер толық орындалмай отыр. Өңір басшысы аудан әкімі мен басқарма басшыларына осы бағытта жұмысты жандандыруды жүктеді.

Кездесуде Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың өткен жылы атқарған жұмыстары және биылғы көрсеткіштер бойынша есебі тыңдалды.

Мәселелер ашық айтылып, өткір сұрақтар қойылған кездесуде ауданның инфрақұрылымын жақсарту, газдандыру, дренаждық жүйелерді жетілдіру,шаруаларға субсидия беру және өзге де түйткілдер айтылды. Тұрғындардыңсұрақтарына жауап берілді.

Кездесуден кейін Дархан Сатыбалды мақтааралдықтар үшін жеке қабылдау өткізді. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бақылауға алынды.

ЖҰМЫСТЫ ЖЕҢІЛДЕТІП, ӨНІМДІЛІКТІ 2-3 ЕСЕ АРТТЫРАДЫ

Агроөнеркәсіптік кешенінің алдына қойған міндеттерді орындау – ағын суды тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Су тапшылығы бүкіл әлемде өсіп келе жатқан алаңдаушылық тудырады. Жаһандық жылыну процесі, жауын-шашын мөлшерінің азаюы, су ресурстарының дұрыс бөлінбеуі, ысырапшылдық сияқты факторлар алдағы уақытта мәселені еселеп арттыруы мүмкін. Осыған орайда, ауыл шаруашылығында су үнемдеу әдістері мен технологияларына кешенді көшу шаралары қабылдануда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы «Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қабылданды. Тұжырымдамаға сәйкес елімізде ылғал үнемдеу технологияларын 1,4 млн. гектарға ендіру қарастырылған. Оның ішінде Түркістан облысы үлесі 16 % немесе 216,3 мың гектарды құрайтын болады. Қазіргі таңда, Түркістан облысында ылғал үнемдеу технологиялары 32,3 мың гектарға орналастырылған.

Су үнемдеу технологияларын ендіріп, өнімділікті арттыруда Мақтаарал ауданында «Хамро-Ата» шаруа қожалығы өз үлесін қосуда. Қытайлық «PengSeng» компаниясымен бірлесіп, осы елдің тамшылатып суару технологиясынпайдалана отырып, 310 гектар егістік алқапқа мақта дақылын егуде. Мақтааралауданына жұмыс сапарымен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шаруалармен кездесті. Облыс әкімі жауапты басшыларға жаңа технологиямен мақтаегу алқаптарын арттыруды тапсырды.

Жобаның жалпы инвестициялық құны 500 млн. теңгені құрайды, қаражат Абдужалил Боев басшылық жасайтын шаруа қожалығына тиесілі. Тартылған инвестициялық көлемі 500 млн. теңге. Жобаның ерекшелігі – дәстүрлі әдіспен салыстырғанда ағын суды 50% үнемдей отырып, өнімділікті 60-70 центнерге арттырады.

Қазіргі таңда, жалпы аудан бойынша ағымдағы жылы 2000 гектарға су үнемдеу технологиясын ендіру жоспарланып отыр. Оның ішінде, 500 гектар мақта, 346 гектар қырыққабат, 793 гектар бақша және жаңбырлатып суғару технологиясымен 30 гектар жоңышқа егіледі. Бүгінгі таңға орындалғаны 1281 гектарды құрап отыр.

Қазақстандық талшық сапасының төмендігінен әлемдік нарықта сұраныс болмауда. Жоғарыда аталған технологияны ендіру есебінен өнімділікпенқатар, мақта талшығының бәсекелестік әлеуеті ұлғаяды. Су үнемдеутехнологияларының тиімділігі – өсімдіктерге қажетті суды тікелей беріп, суды,суда еритін тыңайтқыштарды айтарлықтай үнемдеуді қамтамасыз етеді, персоналдыңжұмысын жеңілдетіп, өнімділікті 2-3 есе арттырады.

Тамшылатып суару жүйесінің тағы бір артықшылығы – тегіс жерлер үшін де, биіктік айырымдары бар аумақтар үшін де жарамды, жерді тегістеу бойынша артық жұмыстарды атқарудың қажеті жоқ.

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын шығаратын жергілікті кәсіпорындар ашылуда. «BNK Group LTD» ЖШС-нің 4,1 млрд. теңгеқұрайтын «Жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты іскеқосылды.

Алдағы уақытта «BNK Group LTD» ЖШС құны 2 млрд. теңге 50 мың гектарға тамшылатып суғару, «Тұран су» ШЖҚ МКК-ны құны 480 млн. теңге құрайтын жылына 9 мың га тамшылатып суғару жүйесін шығару кәсіпорны алғашқы жарты жылдықта іске қосылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *