Аудандық газетіміздің шыға бастағанына 90 жыл болыпты. Былтыр, яғни 2024 жылы ауданымыздың құрылғанына 60 жыл толған күнін атап өткен едік. «Аудан құрылмай тұрғанда аудандық газет қалайжарық көреді?» деген сұрақ тууы заңды… Қазақстан, қазақ халқы сияқтыбіздің туған өңіріміздің тұрғындары, кешегі колхоздары, кейінгі кеңшарлары,үлкен аумақты алып жатқан он-сан ауылдары талай аласапыранды бастан кешкені белгілі. Соның бірі колхоздастыру басталған кезеңде біз Арыс ауданының құрамында болдық. Сол кезде аудандық «Социалистік жол» газеті шығып тұрды. Талай жылғытарихымыз соның беттерінде сақталған.
Алып одақтың билік тізгініәйгілі Н.Хрущевке бұйырған соң ол ойына келгенін істеп бақты. Біресе аудандарды бір-біріне қосты, біресе бөлді. Осындай жүйесіз, тиянақсыз жадағай, жалаң реформалардың салдарынан біздің елді-мекендеріміз Арыс ауданынаналынып, Сайрамға қосылды, одан Түркістанға өтті… бұл, әрине, елдің дамуынаүлкен кедергі келтірді.
Құдай жарылқап, ақыры 1964 жылы Бөген ауданы жеке шаңырақ көтерді. Содан соң ғана өңіріміздің етек-жеңі жиналып, даму жолына түсті. Географиялық жағынан қолайлы орналасқаны бар, оған өңір жұртының еңбекке етене жақындағаны қосылып, сондай-ақ аудан басшыларының іскерлігі де әсер етіп, жаңа құрылған ауданымыз көп айтпай-ақ озаттар қатарына қосылды. Осы орайда аупарткомның тұңғыш хатшысы болған Владимир Байжановтың ерекше іскерлігін атап өткен жөн болар. Ол 6-7 жылда қыруар жұмыс атқарды. Еңбегі елеусіз қалған жоқ. 1971 жылы облыстық партия комитеті хатшысы қызметіне жоғарылады. Одан кейін келген басшымыз Төлепбек Назарбеков те 2-3 жылда үлкен сенімге ие болып, облысқа ауысты. Ауданға келген үшінші басшы Рашид Нұғманов та әріптестерінің жолымен қызметі өсті, Шымкентке шақырылды. Айтпақшы ауданда бір жылдай ғана 2- хатшы міндетін атқарған Сергей Терещенко тіпті қызмет сатысымен жылдам өрлеп, Қазақстан Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы лауазымына дейін жетті… Сол бір жылдары Бөген ауданы кадрлар даярлау орталығының біріне айналды десек, артық айтқандық емес. Аудан 20 жылдай уақытта 100 жылға пара-пар келетін даму жолынан өткен сияқты.
Жаңа ауданның «Коммунизм таңы» — «Заря коммунизма» атты жаңа газеті дүниеге келді. «Дүние кезек»дегендей, бұл басылым талай жыл Арыс қаласының да төл газеті міндетін атқарды.Жаңа ауданның табыстарын шолып өттік қой. Аудандық газет халықтық қозғалысыныңалдыңғы сапында жүрді. Рухани өсудің жаршысы атанды. Басылымның тікелей араласуымен ұлттық спорт — күрес, айтыс өнері Қазақстанның басқаөңірлеріне қарағанда жылдам, жүйелі дамыды. Темірланда тұңғыш рет қазақшакүрестен республикалық жарыс өтті. Өтіп қана қойған жоқ, дәстүрге айналды. Редакциякүш атасы Қажымұқанды ұлықтау ісіне де белсенді араласты. Соның да себебімендейік, Темірланда Қажымұқан көшесі, Қажымұқан стадионы қатарға қосылды.»Бадам» кеңшарының аты Қажымұқанға жол берді. Ұлы дала батырының кесенесіжаңартылды.
Сол алпысыншы, жетпісіншіжылдары аудандық газеттің редакциясында бір шоғыр талантты журналистереңбек етті. Олар: Пәйіз Кәдеев, Бердуәлі Тұрмағанбетов, Оңғар Өмірбеков,Дүйсенхан Нақымов, Нармахан Бегалиев, Нұрабай Шапатаев, Зұлпыхар Жүзбаев, Сабыр Әлібеков, Роза Дәулетова, Лилия Горбащенко, Нэлли Ким, Сергей Фролов, Слам Нұрмағанбетов,Нүридін Шәмшіұлы, Тұңғышбай Төрегелдиев, Дидар Бегалиев, Өмірзақ Тасболатов,Ильичбек Мұртазаев, Базаркүл Қалбырова, Жұбай Мұртазаева. Кейін олардыңбір тобы облыстық, республикалық газеттерге қызметке жоғарылады. Кейбірікәсіби жазушы болып шықты дегендей… Сол жетпісінші жылдарғы журналистердің бірі Нүридін Шәмшіұлы әлі де саптан түспей, «Ордабасы оттарын» шығаруғатікелей атсалысып келеді. Уақыт талабына орай аудандық газет жұмысын жаңаша ұйымдастыратын тәжірибелі маманҒалымжан Зиябек келіп, басшылықты қолға алды. Қысқасы алпыстағы аудан да, тоқсандағы газеті де бүгінде облыста алдыңғы сапта тұр.
Менің білуімше ауданға әкім болғандар Ислам Әбішев, Алмасбек Мамытбеков, Түркістанды түлектен, марқұм Әліпбек Өсербаев, қазіргі облыс әкімінің орынбасарлығына жоғарылаған Нұрбол Тұрашбеков ауданның өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосты. Ауданда олардың өз қолтаңбалары қалды деп айта аламыз.
Азат Оралбаев.
Сөйтіп, келіп-кетіпжүргенде Темірланның түрлене бастағанын байқадық. Алдымен Шұбарсу ауылы қыздыңжиған жүгіндей жинақыланды. Күре жолдың бойындағы Төрткүлден де оң өзгерістер көзге түсті. Темірланның жаңаруы Қарауылтөбеденкөрінетін болды. Арыс өзеніне жақындаған тұстағы жабайыланған ағаштар ретке келіп, айналасы қоршалып, суағар жүйесі іске қосылып, көкшалғындар пайда болды. Гүлзарлар көбейді. Темірлан мүлде жаңарды. Жол, аяқжол жөнделіп, жарықтандыру жүйесі іске қосылды. Абаттандыруды кешендітүрде жүргізу қолға алынды. Әр келген сайын жаңа істерге куә болып, біз де қуанып жүрдік. Шәмші аллеясы бойкөтерді. Қажымұқанға арналған кешенді құрылыс ғимараттары алыстан менмұндалаптұрады қазір. Ұзын сөздің қысқасы, бүгінгіаудан әкімі Азат Оралбаев ілгерілеудің, дамудың сиқырлы кілтін тапқандай.Ол жеті қат көкте де, жеті қат жер астында да емес екен. Ол көпшіліктің тілегімен батасында. Қуанышы мен ризашылығында болып шықты. Халықты тыңдайбілсең, ұйыта, ұйыстыра, ұйымдастыра алсаң, ашылмайтын қақпа,алынбайтын қамал жоқ емес пе? Иә, солай.
Біздің байқауымызша, әкімнің жұмысын аудан тұрғындары да, облыс, республика басшылары да қолдап, көңілдеріне түйіп жүргендей. Құдай қаласа, Ордабасы анау бір алпысыншы, жетпісінші жылдардағыдай шаруашылығы алға басқан аудан болуымен бірге кадрлар дүкені атанған кезеңіне қайта оралғандай. Жігіттердің мансабы өсіп жатса, таңдана қоймаспыз…
Тоқсанға келген газеттіңжурналистеріне не айтуға болады? Ахаң, Ахмет Байтұрсынов атап көрсеткендей,халықтың қырағы көзі, сақ құлағы болудан шаршамаңыздар дейміз дағы. Ауданның, аудан халқының қандай болмағы оның айнасына – Сіздерге де тікелей байланыстыекенін бір сәт те естен шығармағайсыңдар, құрметті әріптестер!
Захардин ҚЫСТАУБАЙҰЛЫ,
Қазақстанның Құрметті жазушысы.