ҚҰРБАНДАР МЕН АНТ ҰРҒАНДАР

Қоғам Құқық
21 Views


Саяси қылмысқа тапсырыс бергендер

Тиісті жауапкершіліктен құтылып,

Оны орындағандар «торға тұтылуда»!

«Өзгеше ойлайтын» мыңдаған құрбандардың

Дереккөздік құжаттары құртылып,

Өздері мал құрлы болмай жойылуда!?

Автор.

Эпиграфретіндегі бұл тұжырымым КСРО ДСМ бас психиатры Карпов А.С., Чуркин А.А., ІІМ жауапты қызметкерлері Ковалев А.А. мен Решетов Ю.А.; Ленинградтың Бехтерев В.М.атындағы ҒЗИ директорының орынбасары, КСРО халық депутаты Ю.В. Поповтыңпікірлеріне, сонымен қатар Мәскеу мен Ленинградтың тәуелсіз және мемлекеттікпсихиатриялық зерттеу және ақтау жөніндегі сот-психиатриялық амбулаторлықсараптау комиссияларының мүшелерімен болған ресми талқылаулардағы түсіндірулеріне; тәуелсіз психиатрлар ассоциациясының президенті Ю.С.Савенконың пайымдауларына сүйенген; КСРО ҒА академигі, қоғамдық құқық қорғаушы,Нобель сыйлығының лауреаты А.Д. Сахаровтың ресми мәліметтеріне, сондай-ақ ҚРДСМ 22.07.2021 N 09-1-09/ЖТ-К-3951, 15.12.2023 N ЖТ-2023-02477250 жауапхаттарындағы көрсетулері мен тағы да басқа қолжетімді болған дереккөздергенегізделген.

Құрметті «Әділеттің» оқырмандары мен жазылушылары!

Қадірлі Отандас азаматтар мен басқа да тұлғалар!

Сіздің өзіңізді, жақын туысқандарыңызды, достарыңыз бен таныстарыңызды, осында келтірілген «жағдайлардың» мән-мағынасы қызықтырып, мүдделілік танытсаңыз, онда компартиялық-кеңестік үкіметтің «қылышынан қан тамып тұрған», «ұр да жық» деген дәуірінде орын алған, негізінен 1955-1990 жылдары деуге болатын, саяси психиатриялық қуғын- сүргіннен зардап шегіп, құрбан болған «өзгеше ойлайтындар» деп аталған Адамдар болған.

Осы ретте өзімнің және отбасымның ар-намысы, қадір-қасиеті, кәсіби біліктілігімді сот тәртібімен қорғау, құрбандар ретінде ақталу үшін күресімнің, сонымен қатар одан да «ауыр жағдайдағы» басқа да азаматтардың тағдырлары ойландыруы мүмкін ғой?!

Ал, сол Үкімет Одақты өзінің жеке дара тежеусіз басқарып, қалағанынша билік жүргізуге қолайлы, қажетті және жеткілікті етіп қалыптастырған әрі қызғыштай қорғағаны тарих тағлымынан белгілі.

Оның қатаң ұстанымдарына қатысты, Одақтың жағдайын оңалту туралы ұсыныстар жасаған, сын пікірлерін айтқан және ондағы идеяларын қорғап, қайсарлықпен күрескендерді әртүрлі жалалармен қаралап, «күндіз шам алып, соңына түсіп іздеген» дегендей жағдайда қудалаған. Оның 1917-1957 жылдары «Одақты әртүрлі «зиянкестер» мен «халық жауларынан» тазарттық. Сондықтан, біздің елде Кеңес үкіметіне наразылар жоқ. Барлық халық қолдайды. Тек қылмыскерлер мен «жындылар» ғана қоғамның шырқын бұзады» дегенді ресми түрде мәлімдегені тарихтан белгілі.

Ондай лепіре қаққан кеуделерінің қуысын толтыруларының жолдары мен тәсілдерін іздестірді.

 Сондықтан өздері жауап бермейтін әрі дәлелденуі қиын, жалпы әділетқұмар, шындық үшін шырылдаған, ұлттық теңдік пен тәуелсіздік азаттық және тағы да басқа құндылықтар үшін күрескендерді «жынды» деп жариялаудың құйтырқы технологиясын ойлап тапты және жүйелі түрде қолданысқа ендірді.

Оған ең қолайлысы КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің психиатрия саласының қызметін қолдану болды.

Олар, яғни мемлекеттік медициналық мекемелердің психиатрларымен психологтары өз кезегінде, тапсырыс беруші, компартиялық-кеңестік үкіметтің жоғарғы инстанцияларының нақты бір қызметкерлері нұсқаған — «өзгеше ойлайтын», саяси тұрғыдан сенімсіз әрі «ұнамсыз» деген адамдарға әртүрлі жолдармен негізсіз психиатриялық диагноз(дар) қойып, заңсыз психоневрологиялық диспансердің есебіне алды. Сөйтіп оларды күштеп, стационарлы психиатриялық ауруханалардың «арнайы» үлгідегі бөлімдері мен саяси түрмелерге жатқызып, мәжбүрлеп ем жүргізді. Одан тысқары қалғандарын белсенді бақылауға алды.

Менің өзіндік зерттеулерімде, қолжетімді болған дереккөздерден алынған мәліметтер бойынша, бүгінге дейін ешкім жоққа шығармаған «саяси психиатриялық құрбандар» саны КСРО, Қазақ КСР мен Оңтүстік Қазақстан облысында 1960-1991 жылдары шамамен, тиісінше 1,0-2,0 млн., 57726-115252 және 6364-12728 адамды құраған.

Олардың жалпы емделу жағдайлары мен тағдырларын білу мақсатындағы жазған арыздарыма, ҚР ДСМ жоғарыда келтірілген хаттарында, 2021 жылғы қаңтардағы жағдайға, соттың шешімі бойынша «арнайы» типтегі стационарда мәжбүрлеп емделуде 756 адам, … «жалпы» типтегі ауруханада мәжбүрлеп емделуде 143 адам болды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарымен динамикалық (белсенді. Автор) бақылауда 189546 науқас тұр (осы сандар мен диагноздың симптомдарына ерекше назар аударыңыздар. Автор)?! … 1960-1991 жылдар аралығында стационарлық емдеуден өткен науқастар саны бойынша ақпарат жоқ. Ол адамдарды мемлекеттің қандай билік жүргізу, атқару және күш қолдану органдарының шешімімен және/немесе талап-тілегімен күштеп психиатриялық ауруханаға жатқызғаны туралы мәліметтер министрлікте жоқ, — деген.

Осыған орай Карпов, Чуркин, Попов, Ковалев, Решетов және тағы да басқа мамандардың ортақ: «Қылмыс құрамы болатын істерді жасағандары үшін, дәрігер-психиатрлармен бірге, оларға тапсырыс берген мемлекеттің тергеу, күш қолдану, айыптау органдары да сот алдында жауап беруге тиісті», — дегендерін де білгендеріңіз жөн.

Сондықтан осында баяндалған оқиғаның ауқымдылығы, күрделілігі, қатерлілігі мен тағы да басқа «өзекті өртеген» жағдайларды ескеріп, осы істе біздің ар-намысымыздың қорғалуына және ақталуымыздың созбалануына қатыстары болған, негіздер жоқ деген мемлекеттік органдардың тиісті қызметкерлерінің және ақталу құқығына ие барлық перзенттерімнің қаламағандықтарына қарамай, әрқайсысының аты-жөндерін, бітірген жоғарғы оқу орындары мен алған мамандықтарына дейін, құзыретті органдарға жолдаған өтініштерім мен арыздарымда, «Әділетте» жарияланған мақалаларымда ашық көрсеткенмін.

Солардың қорытындысы ретіндегі, 20.01.2026 жылы Үкіметтік «үш адресатқа» жолданған арыздарымның көшірмесін, Сіздердің толығырақ мағлұмат алуларыңыз үшін қосымша жариялаймын.

Жоғарыдағылардың барлығын ескеріп, оларда келтірілген мемлекеттік қызметкерлердің республика Конституциясында, ар-намыс Кодексінде, ал дәрігерлердің Гиппократтың «Не повреди», — дегеніндей, «Халыққа адал қызмет етемін, құқығын, денсаулығын қорғаймын», — деп берген анттарын бұзып, бізді «құрбандыққа шалғандары» мен «ақ тауға негіздер жоқ» деп, оны 30 жылдай созбалауларының себеп-салдары үшін кінәлі «МЕН»! деп ерлік жасау кезегін «Соларға» қалдырамын әрі жауабын күтемін?! Нәтижесінен газеттің алдағы сандарында хабардар ететін боламын.

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев мырзаға

Астана. Ақорда

Көшірмесі: ҚР Парламентіне

Астана. Үкімет үйі

ҚР Премьер-министрі

О.А.Бектенов мырзаға

Астана. Үкімет үйі

Күмісбек Аманқұл Күмісбекұлынан

ЖСН 440306300282, ұ/т: 87780080605

Мекен-жайы: Шымкент қаласы (индекс: 160005), Темірлан тас жолы, №34 үй, 31 пәтер

Арыз

(менімен бірге сегіз перзентімді саяси тұрғыдан заңды және толық ақтаудың 1993 жылдан бергі уақытта созбалануының себеп-салдары туралы)

Арызда көрсетілген, қылмыс құрамы сотпен анықталған «жағдай» 1972-1993 жылдары орын алған. Оны «жоғарғы инстанцияның» тапсырысымен Шымкент қаласының психиатриялық ауруханасының психологы мен психиатрлары Богданова Г.П., Жұмалиева Б.Е., Жаворонко Л.П., Жаманбаев Е.К., Димурова И.Н., Борисов С.П., Чумакова И.С., Матяжев В.А. және ҚР ДСМ бас психиатры м.ғ.к., доцент Беспалов Ю.И., Алматы ММИ психиатрия кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Зальцман Г.И. өзара келісіп ықпалдасқан топ ретінде жүзеге асырған.

Оларға қарсы күресім мен ар-намысты қорғау туралы талап арызымды Шымкент қаласының Дзержинский/әл-Фараби аудандық соты 19.08.1991 ж. №2-560-90 (іске қатысы жоқ, тарап емес белгілі бір қоғамдық ұйымның «президенті» Абсейітов Райымбектің маған қысастық арыздарына байланысты, ҚР Жоғарғы Сотының 07.06.1993 ж. №3 іс/359 қарсылығымен және облсоттың 24.06.1993ж. №44г-34к қаулысымен бұзылған. Іс сол соттың қайта қарауына жіберілген), 23.09.1993ж. №2-345 және шеккен моральдық зиянды өтету жөніндегі талап арызым Шымкент қалалық соты 02.11.2001ж. №2-253 шешімімен қанағаттандырылған.

Жауапкерлер кінәларын жазбаша мойындағандарымен, шеккен моральдық зиянды өтегендерімен, соттың 23.09.1993ж. №2-345 шешімімен міндеттелгендей, менен ресми түрде жазбаша кешірім сұрамады (10.02.1998ж. №49, 31.03.1998ж. №1447 жауаптары).

Осындай жағдайдағы менің құқығымды қорғау және отбасымның мүшелерімен бірге саяси психиатриялық қуғын-сүргін құрбандары ретінде саяси тұрғыдан заңды және толық ақтауды (әрі қарай мәтін бойынша «бізді ақтау») сұранған арыз-шағымдарым кезең-кезеңімен:

  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, ҚР Президенті, «Елбасы» Н.Ә.Назарбаевқа 30.03.1990ж. тапсырыс хат №573, 13.05.1991, 13.11.1995, 14.03.1996ж. №к-5784, 16.10.1997ж. №к-8870;
  • ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевқа 20.11.2020, …22.04.2023, 28.11.2023 ЖТ-2023-02418803, 07.02.2024 № ЖТ-2024-03095280, 06.03.2024;
  • ҚР Парламентіне, оның депутаты Е.Бөлегеновке, құрбандарды ақтау комиссиясына 20.08.1997, 11.02.1998, 13.03.1998ж. және депутаттар: Б.Кесебаеваға 12.04.2020 №ЖТ-к-1784, А.Перуашовқа 02.02.2021 ж. №ФЛ-к-193, М.Тәжмағамбетоваға 02.12.2021 №ЗТ-Қ-78, К.Балабековке 12.11.2023ж. №ЖТ-к-1842, … 02.12.2024ж. 263/ЖТ-к-235;
  • Мәжіліс төрағасы Н.З.Нығматуллинге 20.11.2020 ж., Е.Қошановқа 27.11.2023 және 08.02.2024ж. №23…198…132 санмен жолданған арыз-шағымдарда толық көлемді мағлұматтар берілген. Дәлелдеме ретінде жоғарыда көрсетілген сот шешімдерінің көшірмелері, оларға негіз болған Мәскеудің «Организация Защиты и реабилитации жертв психиатрического террора» (01.06.1989ж. №14/5), «Международный независимый исследовательский центр по психиатрии (07.10.1990ж. №07/10-08) және Ленинград қаласының «Государственный институт усовершенствование врачей экспертов» пен «Фонд социальной психиатрии и клинической психиологии» ұйымының сот-психиатриялық амбулаторлық сараптау комиссиясының қорытындысын (22.04.1991ж.), «Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві» КММ Қор. 40, тіз.79, іс.94 партиялық дербес ісімдегі мені «қаралау» және оларды қате деп есептеген КОКП пен ҚКП партиялық бақылау комитеттерінің қаулылары: (Шымкент ОПК бюросының 04.12.1985ж., республикалық ПК бюросының 29.05.1986ж., Одақтық ПБК 14.03.1989ж. және обкомның 15.12.1990ж. бюросының шешімі) мен басқа да Заңнамалық мән-мағынасы бар архивтік құжаттар тіркелген болатын.

Осылар мен басқа да жағдайларды ескеріп, бізді 1972-1993 жылдарғы «құрбандар» ретінде ақтау туралы арыздарымды қараған облыстық сот пен прокуратура жиынтығында: «… Дәрігер психиатрлардың Сізге негізсіз психиатриялық диагноз(дар) қойғаны жала жабу, қорлау, ар-намысымызды таптау болып табылмайды. Заңсыз ПНД есебіне алғаны конституциялық құқықтарыңызды шектеу, тосқауыл қою, қадір-қасиетіңізді мұқату, кәсіби біліктілігіңізді кемсіту емес.

Сіз күштеп психиатриялық ауруханаға жатқызылмағансыз және мәжбүрлеп емделмегенсіз. Сіз және отбасы мүшелеріңіз саяси көзқарастарыңыз үшін жазықсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылмағансыздар. Жауапкерлер шеккен моральдық зияныңызды өтеген.

Сондықтан Сізді және отбасыңыздың мүшелерін саяси психиатриялық қуғын-сүргіннен зардап шеккен құрбандар қатарына жатқызуға және ақтауға негіздер жоқ», — деген (Облсоттың төрағасы Достаев Ж. 26.06.1996ж. №4г-3п, Әлімбеков М. 30.06.1997ж. №4г-352; облыс прокурорының орынбасары Ибраев К. 28.11.1997ж. №12/446-97, бірінші орынбасары Мамытов К. 12.10.1997ж. №15/581-97, прокуроры Левкин А. 08.01.1998ж. №15/581-98 және ҚР Бас прокурорының орынбасары Оңғаров С. 06.05.1998ж. №8/218-98).

Бұларды Шымкент қаласының Дзержинский ауданы прокуратурасының тергеушілері А.Аубакиров 28.09.1992ж. және Б.Есенбеков 10.06.1993ж. дәрігер-психиатрлардың маған қатысты толық аяқталған және бірнеше рет қайталаған қылмыстарын жасырып, олардың іс-әрекеттерінде ҚР ҚК-нің 143-бабында көрсетілген қылмыс құрамы жоқ деп, қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан. Оны Н.К.Мамытовтың дұрыс деп тапқанын (7.07.1999ж. №15/851-98) ортақ мүдделестік деуге болады.

Өйткені, менің жеке айыптау арызымды қараған Шымкент қалалық соты, аталған дәрігер-психиатрлардың іс-әрекеттерінде ҚР ҚК 129 және 130 баптарында көрсетілген қылмыс құрамының барын анықтаған (28.07.1999 жылғы қаулы. Судья О.Қадірсізов).

Ал, «ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігі» ММ Сіздің 15.08.2023 және 17.02.2024 жылғы хаттарыңызды (арыздарыңызды КАК) қарап: «… Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеті/бағыты 1920-1950 жылдары Қазақстанда орын алған қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың ақталмаған санаттарын толық анықтау, заңды және саяси тұрғыдан ақтау. Өтінішіңізде көтерілген ұсыныстар (талап-тілектер КАК) 1972-2023(?) жылдарға қатысты болғандықтан, Мемлекеттік комиссия жұмысының қызметіне кірмейтінін/құзіретіне жатпайтынын хабарлаймыз, …», — деген.

Осы жерде, ҚР билік басындағы жеке дара жоғарғы лауазым иелерінің, әсіресе прокуратура мен соттардың кәсіби біліктіліктері мен азаматтық парыз-қарыздарын орындаудағы қабілет қасиеттерін салыстырмалы түрде бағалауда, Сіздің(дердің) бізді ақтау жөнінде шешім қабылдауда ескерулеріңіз, өздеріңіздің қандай тұлға және қызметкер екендеріңізді пайымдауларыңыз үшін:

  • В.П. Сербский атындағы жалпы және соттық БҒЗИ бөлім меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Б.В.Шостакович; КСРО ІІМ басқармасының сарапшысы, т.ғ.к. А.А.Ковалев; ДСМ Бас психиатры А.А.Чуркин, А.П.Карпов; тәуелсіз психиатрлар ассоциациясының президенті м.ғ.к. Ю.С.Савенконың;
  • Мәскеу қаласының психиатр-сарапшылары М.Г.Царегородцев, Н.П.Панченко, А.И.Тепанов, О.В.Ухов, А.В.Дорохин;
  • Ленинградтың психиатрлары мен психолог сарапшылары м.ғ.д., МБПА академигі, Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері Р.М.Войтенко, А.А.Склизков, В.Г.Саковская;
  • дербес психиатр –сарапшы, м.ғ.к. А.Н.Земсков;
  • Ресей ҒАА, профессор, қоғам қайраткері Э.Т.Бикуловамен және тағы да басқа құқық қорғау, заң мен медицина саласының мамандарымен болған ресми талқылауларда және жеке кездесулердегі түсіндірулерінде, сонымен қатар қолжетімді дереккөздерден алынған ақпараттарда: «Адамға психиатриялық диагноз(дар) қойып, ПНД есебіне алу, бірінші кезекте шетелге кету және қайтып келу, сайлау-сайлану, бала асырап алу, қарулы күштер қатарына шақырылу және қызмет ету құқығынан айыруға негіздер беретінін; солармен қатар отты-реактивті қозғалтқышты техникалармен, әскери қару-жарақтармен жұмыс істеу, қаржылық-материалдық құндылықтармен операциялар жасау және тағы да басқа жағдайларына шектеулер қоюға себеп болады дегендерін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдім.

Жоғарыдағыларды ескеріп, Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына бізді ақтау фактын анықтау туралы талап арыз табыстағанмын.

Оны қараған судья П.Сафарбаева, Мен ұсынған материалдар/мәліметтер жеткіліксіз деп, талап арызды қанағаттандырудан бас тартты (28.05.2025ж. №5242-25-002/13642 шешім).

Оған берген апелляциялық шағымымды қараған алқа, сот шешімін өзгеріссіз, шағымды қанағаттандырусыз қалдырды (26.08.2025ж. №2а-1587-2025 қаулы).

Енді бұл істі ҚР кассациялық сотына қайта қарауға жіберуге дайындаудамын.

Сондықтан ҚР Конституциясының 4, 40, 49, 60/ 1, 2, 3, 64, 67-баптарын басшылыққа алып,

Сізден/Сіздерден сұранарым:

  1. Менің жағдайыма байланысты, бізді ақтауға негіздер беретіндей етіп, 14.04.1993 ж. №2200 Заңның 1, 3-баптарына, Мен 30 жылдай ұсынып келген: «… психиатриялық емханада күштеп емдеуді қоса алғанда» дегеннен кейін «… сонымен қатар негізсіз психиатриялық диагноз(дар) қойылған, заңсыз психоневрологиялық диспансер есебіне алынған, бірақ психиатриялық ауруханаға күштеп жатқызылмаған, мәжбүрлеп ем жасалмаған, рухани денінің саулығы сот-психиатриялық сараптау комиссиясының қорытындысымен расталған және соттың тергеу тексеруімен дәлелденген шешімі бар Адам(дар)», — деп тұжырымдалған толықтыру енгізу бастамашылық құқықтарыңызды/міндеттеріңізді жүзеге асыруларыңыз.
  2. Президенттің 24.11.2020 ж. №456 Жарлығымен құрылған Мемлекеттік комиссия 2022 жылы дайындаған және Үкіметтің тексеруіне өткізген «жаңа үш Заң» жобаларының Парламент депутаттарының талқылап, қысқартылған мерзімде қабылдап, жариялылыққа берілуін қадағалап, қамтамасыз ету, көшірмелерін маған беру.
    1. Ол заңдарда:
  3. құрбандарды ақтау жұмыстарында 2020-2023 жылдары заңды күші жоқ ұсынысты қолданылған 1920-1950 сияқты «басқа жылдармен» шектеуге жол берілмеуі тиісті;
  4. менің жағдайымдағыдай, сырттай негізсіз психиатриялық диагноз(дар) қойылған, заңсыз ПНД есебіне алынған, белсенді бақылау жүргізілген адамдар «жаңа санат» түріндегі құрбандар ретінде зерттеліп, ақталуға жататын арнайы бағытын ашуды міндеттеу;
  5. Мұндай ресми құжат, кассациялық тәртіппен бізді ақтау мәселесін қарайтын ҚР кассациялық сотына табыстауым үшін қажет.

Тіркелді: Еске салу ретінде 3 (үш) парақ.

Арыз иесі: А.КҮМІСБЕК

20.01.2026ж.

Еске салу ретінде:

Біздің ақталуымыздың 1993 жылдан бері созбалануының басты себептері 14.04.1993 жылғы №2200 Заңның 1,3-баптарындағы «кемтарлығы» мен 24.11.2020ж. №456 Жарлықтың «жетіспеушіліктернен» яғни менің жағдайымдағыдай негізсіз психиатриялық диагноз(дар) қойылған, заңсыз ПНД есебіне алынған, «өзгеше ойлайтын» деп аталған және «түбірімен жойылуға» тиісті болған, рухани денінің саулығы сот-психиатриялық сараптау комиссиясының қорытындысымен расталған және соттың тексеру-тергеу шешімдерімен дәлелденген, менің және/немесе осындай жағдайдағы адамдардың «жаңа санат/бағыт» ретінде Заң мен Жарлыққа ендірілмегенінде деп есептеймін. Себебі, Заң мен Жарлыққа «мен ұсынғандай» толықтырулар ендіру немесе «жаңа Заң» қабылдау қажеттілігі жөнінде ҚР басқарушы, билік жүргізуші, атқарушы, Заң шығарушы, құқық қорғау, сот орындарының басшыларына 1993-2025 жылдарғы өтініштерімде, шағымдарымда, талап арыздарымда жазғанмын, сот талқылауларында мәлімдегенмін.

Бірақ, олар менің сондай, адам құқығына қатысты аса маңызды ұсыныстарымды ескермеді, яғни немқұрайдылық, жауапсыздық, әрекетсіздік танытты.

Онысы үшін ҚР Конституциясының, оның негізінде қабылданған азаматтық, қылмыстық процесті кодекстерінде, халықаралық шарттарында және тағы да басқа Заңнамаларда қарастырылғандай, орын алған қателікті дер кезінде түзетпеген, кемтарлықты қалпына келтірмеген, осы ретте бізді алалап, ақталу мүмкіндігімізден айырғаны үшін, жалпы әлемдік тәжірибеде қолданылатындай, кімге болса да жауапкершілік жүктелетінін жеткізу:

а) Осы күнге дейін Сізге/Сіздерге жазған арыз-шағымдарымда хабардар еткенімдей, және «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінде жарияланған, назарларыңызға ұсынған сын мақалаларымда келтіргенімдей, КСРО, Қазақ КСР/ҚР азаматы ретінде ар-намысымды сот тәртібімен тұңғыш рет қорғаған, оған қатыстары болған дәрігер-психиатрлардың кінәларын мойындатқан, болған материалдық шығынымды төлеткен және шеккен моральдық зиянымды өтеткен жалғыз және соңғы тірі, ақталу талабы/ құқығына ие әрі оны мемлекеттің құзыретті, өкілетті және міндетті органдарынан талап етуші Адаммын.

б) Жоғарғы техникалық білімді инженер-механикпін. Отбасылы, бір некеден 9 (тоғыз) перзентім болған. Бүгінде олардың аман-есендерінен 30 (отыз)-дай немере-шөберелі Атамын. ҚР Журналистер Одағының мүшесімін. Республикалық «Ұлт тағдыры» ҚБ бұрынғы ОҚО бөлімінің төрағасымын. «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің «Ақпараттық қамсыздандыру және қауіпсіздік бөлімінің» меңгерушісімін. КСРО-дағы саяси қуғын-сүргін, тергеу ісінде медициналық әдістердің қолданылу тарихы (1965-1991 жылдары Қазақстандағы жағдай мен материалдар негізінде)» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациялық ғылыми-тәжірибелік ізденушімін.

Президент Қ.К.Тоқаевтың 24.11.2020ж. №456 Жарлығымен құрылған мемлекеттік комиссияның Түркістан облысы мен Шымкент қаласының өңірлік кіші комиссиясының мүшесімін (болғанмын).

в) 1985-1991 жылдары ар-намысты қорғау, жалпы әділеттілік үшін күресімде Қазақ КСР-да, кейіннен тәуелсіз Қазақстанда мені қолдайтын бір тұрлаулы тұлға табылмаған. Кезінде соны байқаған облсоттың алқа мүшесі – жалғыз В.Миллер ғана не істеуім керектігі және қайда бару қажеттілігі туралы ақыл-кеңесін берген еді.

Соның бағыттауымен 1989-1991 жылдары Мәскеу, Ленинград қалаларына барып жүріп, амбулаторлық жағдайда жоғарыда келтірілген «психиатриялық террор құрбандарын қорғау және ақтау ұйымдарының, денімнің рухани саулығы туралы «оң» қорытындыларын алып келдім.

Сол үшін В.Миллердің жоғарғы парасаттылығы мен асыл текті азаматтығына айтар алғысым, құрметім шексіз. Осы арызды жазу мүмкіндігіне ие болғаным үшін, қайда жүрсе де басымды иіп тағзым етемін.

г) Оған дейін «уәждеріңіз негізсіз», сондықтан арызыңыз қанағаттандыруға жатпайды деген сот пен прокуратура, «оларды» өздерінің шешімдерімен, қарсылық қаулыларымен «негізді», «дәлелді» деп тауып, Конституциямен кепілдендірілген, бұзылған құқықтарымды қалпына келтірген.

д) Енді 1993 жылдан бері біздің ақталуымыз созбаланып, сол соттар мен прокуратуралардың «мәліметіңіз жеткіліксіз» деп бас тартқандарын қалай түсініп, қалай қабылдап, кімді/кімдерді кінәлауым керек?

Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеті 1920-1950 жылдарғы құрбандарды ақтау. Сіздің қудалалануыңыз 1973-2023 (?) жылдары болғандықтан, мемлекеттік комиссиясының қызметіне/құзіретіне жатпайды дегені тек бізді алалап, қорлау ғана емес, Мемлекеттік комиссияның құрылуының мақсатына күмән туындатып, жалпы ҚР мәртебесін мұқалту деп есептеймін.

е) Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік органдар тарапынан бір ғана азаматының құқығы бұзылып, сот тәртібімен қалпына келтірілмесе және қылмыстың бір ғана жаңа түрі анықталып, оны жою, алдағы уақытта қайталанбауы және тиісті жауапкершілік жүктейтіні, қолданыстағы заңға толықтыру енгізетіні немесе «жаңа Заң» қабылдайтыны белгілі. Ал, біздің жағдайымызда бәрі керісінше болып тұр.

ё) Бізді ақтау жөніндегі сұрақтар 1993 жылдан бері көтеріліп оның «оң» шешілуі созбалаңға салынғандықтан, қалыптасқан жағдайды тікелей көзбе-көз баяндап түсіндіру мақсатындағы Президент Қ.К.Тоқаевтың, Парламент депутаты К.Балабековтың, мәжіліс төрағасы Е.Қошановтың атына арыздар жазғанмын. Оларымды тікелей табыстауға барғанымда, қабылдау бөлмелерінде, тиісті қызметкерлері: «Сізді қабылдай алмайды» деп түсіндіріп, есік алдынан қайтарған болатын.

Оның себептерінің әртүрлі болуын ескеріп, «мәңгі қозғалтқыш» (вечный двигатель) болмайтынын ескеріп, бұдан былай жалғаспауы мүмкін осы арызым Мемлекеттік органның ең жоғарғы сатысының мұрағатында уақытша болса да, ал «сендердің» деп айтуға құқығым бар, барлығыңның жадтарыңда өмір бақи жаңғырып, А.Күмісбеков кім болған! Мен кіммін? – деген сұрақтың жауабын іздеулерің үшін, осы «еске салуды» арызға тіркеудемін.

Арыз иесі: А.Күмісбек

20.01.2026ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *