ДОМАЛАҚ АНА: ДЕРЕК ПЕН ДАҚПЫРТ

Таным
2 115 Views

ДОМАЛАҚ АНА: ДЕРЕК ПЕН ДАҚПЫРТ

 

«… слова домуллах в Средней Азии употребляется также при обращении к человеку образованному как особая форма выражения уважения     и почтения…»

Бұл түсініктеме ХІХ ғасырда жазылған Ибадулла мен Мұхаммед Шариптың «Тауарих-и Амир Хайдар» кітабынан алынды.

*   *   *

Қасиетті Нұрила анамыз туралы 2004 жылы «Оңтүстік Қазақстан» газетінде (№100, 13.07.04) «Домалақ ана шынымен домалақ болған ба?» атты қысқаша ма-қала жариялаған болатынмын. Ол ма-қаланы оқырмандар оқыған да болар. Мақала ешкімге әсер етпеді ме, әлде оқыса да мән бермеді ме, әйтеуір сол «баяғы жартас – бір жартас» Нұрила анамызды әлі «Домалақ ана» деумен келеді. Біреуді сынағанда оның кемшілігін айтып, «ұзынтұра, тапал, төртпақ, сопақ, домалақ» деп кемсітеді. Бұл қасиетті Нұрила анамызға жарасатын ат емес. Сондықтан бұндай атты баяғы ілгеріректе өткен мезгілдерде бір қиямпұрыстың көре алмай жолдан қосқан, бұрынғы «домуллаһ» атын әдейі өзгертіп айтып, елге жайғаны даусыз. Ол аз болғандай кейінгі кезде «Домалақ ана» деген есім «парсының «Диһнат маме» деген сөзінің өзгерген қазақшаланғаны» деушілер шыға бас-тады. Тіпті Нұрила ана кесенесіне барған шетелдік саяхатшыларға солай деп тү-сіндіріп те жүр…

Бұл өңделіп, толықтырылып қайта жа-зылған мақаланы оқығандардың арасынан жақтаушы да, қарсы да пікір білдірушілер көптеп шығулары мүмкін. Сондықтан мақаланың аяғына дейін шыдап оқып көріңіздер:

…Сонау-у, өткен әлимсақтан бергі көне заманды өз көзімен көріп келген тірі пенде жоқ. Сонда да сол заманда өмір сүрген ата-бабалардың айтып, жазып, сызып кеткен теберіктерін ақтара зерттеп, оның әрбір үтір, нүктесіне үңіліп, қалабарді кемшіндеу тұстарына жорамал жасап, ақиқатқа дәл келер тұжырым айту зиялы да, ұлттық сезімі бар әркімнің-ақ парызы деп білген жөн. Сонда пікірталас туар еді. Ал айтыс-талассыз шындыққа жету де мүмкін емес. Бірақ та шындық осы екен деп, не болса соны айтып, ділмарсу да жараспас. Оралымды ойға – тыңдар құлақ әрқашан табылары шындық.

Ақпарат кеңістігінде небір қилы тарихи дүниелер өріп жүр. Сол дүниелер арасын-да қасиетті Нұрила анамыз хақында да ақпараттар «жетіп артылады». Және олар бірінен бірі айна қатесіз көшірілген мақа-лалар. Тіпті ішінара студенттерге арнал-ған курс жұмыстары, жоғарғы сынып-тарға арналған зертхана жұмыстары да бар. Солардың бірінен үзінді келтірейін:

«…Домалақ ана қазақ даласына VII ға-сырда жеткен Араб халифатының әс-кери өкілдерінен бұрын бейбіт мақсатпен келген, ислам дінін уағыздаушыларының бірі болған араб дегдарының қызы. Өзі де елді имандылыққа шақырып, жас кезінен сәуегейлігімен танылған. Осын-дай игі ісімен, тартымдылығымен Бәй-дібек бабамыздың назарына іліккен. Шай-қы Мизамбекқызы, Нүрила – қазақ халқы-ның абыз аналарының бірі, 6-7 ғасырда өмір сүрген. Бәйдібек батырдың үшінші әйелі Албан, Суан, Дулаттың анасы. Шын аты – Нүрила, өзгені де баласындай көрген төңірегіне аналық мейірімін шаш-қан барынша кішіпейіл, алдағы күннің жа-йын ойлап, айтар сөзі ақихатқа айналған болжампаз, көреген қасиетін құрметтеген ұрпақтары сол заманның өзінде-ақ оның атын атамай, жаратылысынан бойы аласа болғандығына қарағанда «Домалақ ана», «Домалақ ене» атап кеткен. Нүрила – Мақтым Ағзам қожа-ның немересі. Мақтым Ағзымның жалғыз ұлы Әли-Сылан ержүрек батыр болды. Әкесі әскерден келмеген, анасынан тағы айырылған Нүрила нағашы атасында тәрбиеленеді. Домалақ ананың өмірі, адамгершілігі жайында кезінде Әбілқазы Баһадүрхан жазған. Оның «Инсаният-и диһнат маме» деген сол кітабы араб, парсы, түркі тілдерінде басылады. Иранның «Даролфонуи» кітапханасында 1653 жылғы басылымы әлі сақтаулы. Домалақ ананың қадір-қасиеті ертеден-ақ танылған».

«…Домалақ ананың елге ақылдылығымен, даналығымен, тазалығымен аты шыға бастағаны осы кез еді. Оның да-налығы, әулиелігі, тапқырлығы жайындағы әңгімелер ел арасында кең тараған. Соның бірі – «Домалақ ана» атауы жөніндегі ел аузында айтылатын аңыз. Ел ішіндегі деректерге қарағанда Дома-лақ анаға «Диһнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара Қайдар деген кісі оның даналығына тәнтті болып қойған екен. «Диһнат мама»-парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағана бере-ді. «Диһнат мама» сөзі уақыт өте ке-ле тілдің даму заңдылығына орай ды-быстық өзгерістерге ұшырап, «До-малақ анаға» айналған. Домалақ ана ел арасындағы даулы мәселелерге араласып, бітімгершілікпен шешімін табуға өз үлесін қосқан. Домалақ анадан ұрпақтарының бәрі де білімімен, ақылдылығымен ерекшеленіп, ел билеген».

«…Құдай оңдасын, әруақ қолдасын, Адал жүріп, адал тұрыңдар. Алдарыңнан жарылқасын! — деп, оң батасын береді. Осы кезде әлгі қарақшылардың бастығы: — Диһнат мама! — деп оған тағзым етіпті. — Сіз маған шын ана болдыңыз? Құдай-ақы, нағыз әулие, киелі ана екенсіз, біз енді түсіндік! Бұл Қара Қайдар ата-лып кеткен қарақшылардың бастығы түркімен жігіті екен. Оның шын аты Айдар Нүркелеұлы еді. Кезінде Қызыл Қожаханның әскербасы болыпты. Ол өле-өлгенше Нүриланы «Диһнат ма-ма» деп, Боралдайда болса Боралдайға, Ташкентке барса Ташкентке, Түр-кістанда жүрсе Түркістанға әдейі ба-рып, сәлем беріп, Нүриланың батасын алып жүретін бопты. Жұмысы оңғарылып, ақ жолға түсіпті. Міне, содан былай карай Бәйдібек бидің кіші әйелі Нүрила «Домалақ ана» аталып кетіпті». Аққұс Сатыбалдыұлы (1806-1897) жазған шежіреде бұл оқиға осылай хикая етілген. Бұл шежіре кітап 1841 жылы Ташкент баспасынан жарық көр-ген. Бәйдібек баба, оның үш әйелі, олар-дан өсіп таралған ұрпақтар, әсіресе До-малақ ананың әулиелік керемет қасиеттері жөнінде жазылған бұл шежіре Аққұс ақсақалдан бұрын Әбілғазы Баһадүрдің «Инсанияти Диһнат мама» аталған кі-табында жазылған. Бұл кітапты кезінде атақты Төле би оқып, баласы Қожабекке көшірткен. Ол қолжазба 1713 жылы Ташкентте Төле бидің жарлығымен басылып шыққан. Оны Төле бидің жиені Шина Қарабатырұлы көшіріп алып, Бабасейіт әулетіне таратқан. Одан бүткіл Дулат ұрпағына жайылып кет-кен».

Осы бір ғана мақаладағы жазылғандарды (ғаламторда дәл осындай бірі-бірінен көшіріліп, одан қалаберді өздерінше қосып басылған мақалалар өте көп) зерделеп, ақылға салып, ғылыми фактілерге назар аударар болсақ мына-дай жағдайларды айта кету артық болмас. Ең әуелі естен шықпас басты мәселе Домалақ анадай қасиетті адам туралы «болсын-болмасын» әртүрлі, шындыққа жанаспайтын нәрселерді айта беруге болмайтын шығар. Себебі бұл кісі бір отбасының не бір әйгілі адамның ғана анасы емес, бұл кісі қазақ ішіндегі бес-алты рулы, іргелі елдің анасы болып есептелінеді. Қалаберді әрбір қазақтың құрмет тұтар қасиетті анасы.

Жоғарыдағы мақалада: «…Домалақ ана қазақ даласына VII ғасырда жеткен Араб халифатының әскери өкілдерінен бұрын бейбіт мақсатпен келген, ислам дінін уағыздаушыларының бірі болған араб дегдарының қызы» делінген анық-тама шындыққа келмейді. Себебі жоға-рыда «…Нүрила – Мақтым Ағзам қожа-ның немересі.» деп көрсетеді. Бұл сөздер біріне бірі қарама-қайшы болып тұр. Себебі, бұл кездері «қожа» қайда, «араб» қайда, «дегдар» қайда? Ташкент қайда, Шаш қайда? Түркістан қайда, Яссы қай-да? Осы, ҮІІ ғасырда Араб халифатының әскери өкілдерінен бұрын бұл маңайға ислам дінін уағыздаушылар келген емес. Исламды бейбіт жолмен уағыздаушылар Х-ХІ-ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы аласапырандардан кейін келе бастаған.

Жалпы, «дегдар» дегендері кімдер, арабтардың бәрі қожаға жата ма, қожалардың бәрі арабтан шыққан ба? Әуелі осыларды анықтау үшін тарихи құжаттарды ақтарып көрейік.

Тарихта Ислам ҮІІ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында Сауд Арабиясының территориясында пайда болып, олар сол дінді әлемге тарату үшін ең әуелі өздеріне көрші елдер болып табылатын Сирия мен Месопотамияға (қазіргі Ирак жеріндегі көне мемлекет, қазақшасы Өзен аралағы, яғни Ефрат пен Тигр арасындағы) 634 жылы басып кіреді. Одан соң 640 жылы Мысырды, 644 жылы Исфаханды, 647 жылы бүкіл Солтүстік Африканы, 649 жылы Кипрді, 652 жылы Жуздан мен Тохаристанды, 654-668 жылдарда Мей-мургке, Балх пен Хорезмге, Кавказға, Каспий жағалауындағы Дербентке ша-буыл жасап, Пенжаб пен Халкедонды алады. 671 жылдан келесі ҮІІІ ғасырдың басына дейін Мервті (Түркіменстандағы Мары қаласы), Гератты, Константинопольді (қазіргі Стамбул), Пайкентті (қазіргі Бұхара шаһарының құландысы, Афра-сияб салдырған көне қала), Хорасан мен Мауереннахрды, Византияның бір бөлігін, Хазарстанды (Дербентті) түгелдей, Соғ-диананың астанасы – Кешті (қазіргі Қашқадария уалиятындағы Шаһрисәбіз шаһары), Сурһан-Дариядағы Наһшаб ша-һарын (қазіргі Термиз) басып алады. Дәл осы шаһарда араб әскерлерінің бас қол-басшысы Абдаллах ибн Хазим шейіт бо-лады да оның орнына Кутейба ибн Мүсі-лім отырады. Міне, осы қолбасшы қазіргі Бұхара облысындағы Ромитанды ірі ша-буылмен алып, соғдылықтар мен түркіт-терді және ферғаналық түркілерді кері ығыстырғасын әскерінің бетін Шаш (қа-зіргі Ташкент) шаһарына қарай бұрады. Бұл 707 жыл еді, яғни ҮІІІ ғасырдың басы.

Кутейба ибн Мүсілім мен оған қарсы соғды, түркіт, түргеш әскерлерінің ара-сында 707 жылдан 712 жылға дейін қыр-ғын соғыс болады. Бұның соңы Кутейбаның 713 жылы Ходжант, Ұстараушан (Ұратөбе) және Ферғана алабын бағындыруымен бітіп, енді ол келесі 714 жылы Шаш шаһарына (қазіргі Ташкент) шабуылға шығып, оны бағындырады. Сол жылы ол Қошқар еліне (орысша деректерде Кашгария), астанасы Бесбалыққа, (қазіргі Құлжаға) жорыққа шығар алдында халиф Халид ибн Уалидтің қайтыс болған ха-барын естіп, халифатқа қайтады. Бірақ оны жолай өз әскербасыларының бірі өлтіреді де арабтардың исламды тарату жорығы уақытша тоқтайды.

Ал енді осы ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда біздің өлкеде не болып жатыр еді, соған аздап тоқталайық. Дәл сол уақытта түркі жұрты: Түрік қағанаты, Қырғыз қағанаты, Хазар қағанаты, Түркеш қағанаты және ол қағанаттарға бағынбай көшпелі өмір сүре-тін қыпшақтар, бұлғарлар, қарлықтар, түркіттер, қангарлар (қаңлылар), ғұздар, басмылдар, ұйғырлар, қидандар және Тибет болып өмір сүрді. Олардан басқа әртүрлі тайпалар тұратын Хорезм мем-лекеті болды. Түркілердің көршілері – түркі емес мемлекеттер – Қытай, Угорь, Хуттал, Халифатқа кіретін Соғдиана, Парсы аймағы (Хорасан, Мазандаран, т.б).

Осылардың ішіндегі біздің ата-баба-ларымыз деп есептейтін түркі, әсіресе қазіргі қазақтың ішіндегі және оған жақын халықтар қай жерде тұрды, соны екшеп көрейік. Қазақ тарихын айтқанда жоғарыда көрсетілгендердің ішінде ең әуелі есі-мізге түсетіні қаңлы мен қыпшақ. Одан кейін қарлықтар, түргештер, оғыздар, түркіттер, көк түріктер, ғұздар. (Осы ғұз-дар да бәлкім оғыздар болар, бұлар қазақтың кіші жүз тайпаларына тән). Бас-мылдар мен қидандарды қазаққа жақындату қиындау. Ал енді біздің руымыз алғашқыда осылардан шыққан деп айтар біреулер шықса олардан кешірім өтінемін.

Қыпшақтардың сол ғасырлардағы ме-кені: батысы Тобыл өзенінің шығыс қап-талының орта шенінен, теріскейі қазіргі Омбы қаласы маңы, Құлынды даласының Бараба даласына шекаралас жері, шы-ғысы жазықтың Алтайға тірелген жері, түстігі Қарқаралы таулары болыпты.

Қаңлылардың шекарасының батысы Орал өзеніндегі Угорлар елі, теріскейі Қыпшақтар, шығысы Торғай өзені, түстігі Арал мен Үстірт болыпты.

Қарлықтар – қазіргі география ғылымы бойынша «карлуктар». Оларға ұйғырлар мен өзбектерді жатқызады. Бұлай кесіп айтуларына келісуге болмайтын сияқты. Себебі «қарлықтар» деп түркілердің бір бөлігі Алтайдан Көк Түрік жеріне, яғни Пекче (қазіргі Солтүстік Корея) патшалығына көршілес аймаққа көшіп бара жат-қанда олардың соңғы легі қыста қар астында (Верхоян жотасы) қалып қояды. Олар келесі көктемде діттеген жерлеріне жетеді. Оларды алдыңғы барған түркілер «қарлықтар» деп атапты. Орыстар пәкене бойлыларды «карлик» дейді. Қар астында қалатын адамның бойы кішкентай болады деген пайымдаудан шыққан ұғым болар.

Сонымен Қарлықтардың ҮІІ-ҮІІІ ғасыр-лардағы шекарасы батысы Қыпшақ елі, теріскейі Томь өзенінің бастау алатын маңайы, яғни қазіргі Новокузнецк, Бар-науыл қалаларының белдеулігі, шығысы Қазақ Алтайының Монғол Алтайына ауы-сар жердегі Қобда өзенінің батыс беткейі, түстігі Зайсан көлі.

Түргеш қағанатының шекарасы: ба-тысында оғыздар теріскейінде Қыпшақтар мен Қарлықтар, шығысында Басмылдар, сәл төменірегінде Қытайдың «Бәй-тін» провинциясы. Түстігінде «Ди Ван» провинциясы. Жер жағдайымен айтар болсақ, батысы қазіргі Жамбыл облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысының ше-карасы, теріскейі Балқаш көлінің сол-түстігіндегі Ақтоғайдан Мойынтыға дейін, шығысы Алакөл, түстігі солтүстік Қырғызстан Ыстықкөлмен бірге, Хан Тәңірі шы-ңына дейін. Ал енді осы Түргеш қағанатының тұрған жерін қазақы тілде айтар болсақ ол – Жетісу өлкесі.

Картада Оғыздар қазіргі Жезқазған аймағындағы Ұлытау, Кішітау (Қарқаралы), Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Бетпақдала, Мойынқұм, Теріскей Қаратау, Қызылорда облысын түгелімен алып жа-тыр.

Қазіргі Қарақалпақстан, Түркіменстан және Хорезм облысы Хорезм патшалығының қарамағында болыпты.

Гұздар Маңғыстау, Атырау облысының жерінде орналасыпты.

Ал Оңтүстік Қазақстан облысы Күнгей Қаратауға дейін, Ферғана аймағы, Таш-кент облысынан Түркіменстанның қазіргі Түркіменабад облысы шекарасына (бұ-рынғы Чарджоу) дейінгі жерлер, түстігінде ауған (Хуттал) шекарасына дейін Қы-тайдың «Ди Ван» провинциясы жатыр. Бұл провинцияның ішінде әрине Соғдиана мен Мауреннахр бар.

Арабтардың Орта Азияға келуі Қытай империясының осы «Ди Ван» провинциясынан айрылуына әсер етті. Онсыз да азаттық үшін осы аймақ империямен толассыз соғысуда еді. Оның үстіне Қытай осы бір бай өлкеден айрылып қалмау үшін осында тұратын халықтарды біріне бірін айдап салу әдісін де қолданғанды. Осы-мен бірге кейде сырттағы қағанат әскер-лері де осында жаулап алушылық әре-кетпен келіп тұратын. Мұның дәлелі мұнда арабтар келгенде де түркіттер мен түргештер бірімен-бірі соғысуын үдетпесе, тоқтатқан жоқ. Майдан үш жақтап, кейде империяның араласуымен төрт жақтап болып жатты. Оның арасында Соғды мен Хорезм, Тибет пен Түргеш со-ғыстары да жиі болып тұратын. (Л. Гуми-лев, «Көне түркілер»). Дегенмен араб-тардың келуі мұндағы жағдайды түбегейлі өзгертті. Бұл жер империя қарамағынан шығып, енді соғыс жер үшін емес, дінаралық айқасқа ұласты. Мұны сезген империя араласуын доғарып, шамандық, тәңірлік сеніммен ислам арасындағы соғысты бақылаумен болды.

Кутейба ибн Мүсілім о дүниелік бол-ғаннан кейін ғазауат соғысы Шаш ша-һарының (жоғарыда мақалада айтылған Ташкент сөзі бұл кезде тарихта жоқ) төңірегінде тоқтап, одан әрі шығысқа өрбімей, ислам Мауреннахр, Соғдиана, Хорезмде, Балх пен бірге бүкіл Тохаристанда өмір сүру үшін зорастр, отқа табыну, пұтқа табыну (идолопоклонство), будда, брахман, шаман, христиан, манихей, иу-дей діндерімен күреспен арпалысып жатты. Дегенмен исламның ықпалы осы аймақтарда өте зор болды. Жойылып кетпеді. Ал Шаш маңайында өрбімеді. Себебі Түргеш қағанатының қағаны Сұлу (715-738) өзінің жер қайысқан әскерімен 723 жылы Ферғана қарлықтарымен тізе қосып Шаш шаһарын арабтардан тартып алған еді. Арабтар оны Әбу Музахим (Сүзеген) деп атапты. Оны 737 жылы өз тарханы (әскери қолбасшы) өлтіреді.

Ферғана, Шаш, Шабгар (кейінгі аты Яссы, одан кейінгі аты Түркістан, бұл шаһардың да атын жоғарыдағы мақалада дұрыс көрсетілмеген), (Шабгардың араб-ша аты Жауһар, себебі осы өңірден Жау-һари аттас көптеген шығыс ғұламалары шыққан) аймақтары шаман, отқа табыну, тәңір дінімен қалып қойса да империя қарамағанынан шығып шаман, тәңір және христиан дінді Түргеш қағанатына қосыл-ған. Бірақ бұған әрине Қытай императоры көнбейді. Енді ол Түргеш қағанатына ты-ныштық бермейді. Арада соғыс үзілмейді. (Л. Гумилев, «Көне түркілер»)

749 жылы Қытай әскербасы Гао Сянь-чжи ауыр әскермен келіп Шаш қаласын басып алып, ондағы түркіт басшысы Мо-хатты дарға асады. Сосын Таразға қарай жылжиды. Бұдан хабар алған Пайкандтағы (арабтар шаһарды алысымен Пай-кандты Бұхара деп, Мараканданы Самар-канд деп өзгерткен) халифат уәкілі Әбу Мүсілім йемендік атты әскерді басқарушы Зияд ибн Салихтың қолбасшылығымен қытай әскеріне қарсы ауыр қол аттандырады. 751жылы Түркібасыдағы Құлан өзені жағасында болып, екі жақтан екі жүз мыңнан аса жауынгер қатысып, бес күнге созылған бұл шайқаста арабтар қытай әскерін тас-талқан етіп жеңеді. Оның бас-ты себебі сол бесінші күні қытай әскерінің арқа тұсынан қарлықтар келіп тиіскен еді. Қыспақта қалған қытай әскерінің сау қалғандарына қашудан басқа амал қал-маған. Арабтар мен қарлықтардың бұл жеңісі қытайлықтардың бұл өңірге келуін мың жылға тоқтатты. Көптеген жауынгерлерінен айырылған арабтар да бұл жерге тұрақтамай Шашқа шегініп кетті.

Түргеш қағаны Сұлу қаза тапқаннан соң ел екіге, яғни сары түргеш және қара түргеш болып бөлініп каған сайлай алмай жатқанда Алтай мен Тарбағатайдан қар-лықтар келіп Жетісуды жаулап алады. 756 жылы түрік тілді қарлық тайпаларының әрекетінен түрік тілді Түргеш мемлекеті құлады. Қарлықтардың бұл жерге толық иелік етуі олардың 766 жылы Түргеш Қағанатының үлкен астанасы Суябты және кіші астанасы Таразды алғаннан соң басталады.

Олардың артынша-ақ Таң династиясы құлап, «Бәйтін», «Ди Ван» провинциялары жойылып, Қошқар-Тұрфан аймағында (Шығыс Түркістан) ұйғырлар тәуелсіздік алады.

Міне, осыдан соң ҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан Орта Азияны исламдандырудың екінші кезеңі басталған еді.

Осы кезеңде Хорасан, Мауреннахр, Соғдиана мен Парсыда хадисты толық білетіндер мен оны уағыздайтындар, хадисты кітапқа түсірген ислам қайраткерлері тарих сахнасына шыға бастады. Олар: Әбу Ханифа (699-767), Әбу Мүсілім (-755), Мұхаммед әл-Бұхари (810-870), ат-Тирмизи (—ІХғ.аяғы), Баязид Бестами (—874). Бұлармен қатар исламның елге тарауына және толық орнығуына осы елдерді басқарып отырған жергілікті басшылардың, атап айтқанда Таһиридтердің (821-873), Сафаридтердің (873-903) одан соң Саманидтердің (875-999) династияларының зор ықпалы болды.

Орта Азияны исламдандырудың үшін-ші кезеңі ІХ ғасырдың басында басталады. Үшінші кезең Орта Азиядағы түркі жұр-тынан бастау алады. Бұл кездері Шаш пен Ферғана аймақтарындағы кейбір шаһарлар болмаса, түркі жұрты әлі исламның не екенін толық білмейтін еді. Осы кемшілікті толықтыру үшін халиф Әл-Мамун өзінің Хорезмдегі өкілі Фадл ибн Сахылды 812-817 (Бұл қолбасшының «Зу-р-рийаса-тайн», яғни екі тудың иегері деген атағы бар еді.) жылдар аралығында Фараб (кейінгі Отырар) аймағына жорыққа жібереді. Осы аймақта түркі нәсілінің үлкен бір тобы Тоғыз Оғыз халқы жайлайтын. Олар ҮІІІ ғасырдың аяғында Хорезмге қарасты бұл жерлерді аласапыран соғыспен тартып алған еді.

Арабтар бұл жерге келгесін Оғыздардан Фараб шаһарын тартып алумен ғана шектеледі. Жорықты одан әрі жалғастыра алмай осы маңға исламды түпкілікті орна-тып, медреселер салғызып, қаланы гүл-дендіреді. Болашақта аты әлемге әйгілі данышпан Әл-Фарабидың ғылымға ке-луіне, Фарабтағы (Отырардағы) келешекте атақты кітапхананың болуына осы жорық себеп еді.

Х ғасырдың басында Халифаттың яғни исламның солтүстік шекарасы түркілер мен иран тайпаларының шекарасы болып есептелді. Яғни әлгі мақаладағыдай ҮІІ ғасырда қожалар жүргендей емес, керек десеңіз Х ғасырда түркі тайпалары әлі де өздерін мүсылманбыз деп есептемеген. Расында бұл ғасырда түркінің Сырдария жағалауындағы Оғыз жерінде орналасқан кейбір колониялы (отарланған десе де болады) Жаңакент, Фараб, Хувара ша-һарлары болмаса, жаппай көшпелі халқы исламды әлі толық қабылдамаған еді. Тарихи құжаттарда: «..Еще арабские гео-графы Х век описывают турок как на-род, совершенно чуждый исламу и нахо-дящийся во вражде с мусульманами, хо-тя в это время положенин уже начало изменяться» деп, сол кездегі түркі әлемі-нің исламға көзқарасын айтады. Бірақ бұл жағдайға қарамастан ислам діні солтүс-тікке қарай жайлап жайыла бастайды. Бұл ретте бағанағы қарлықтардың құрған қарахан мемлекеті туралы айта кетуге болады.

Қарлықтар Түргеш қағанатын құлатқаннан соң өздері Қарлық мемлекетін құрып, одан соң бір ғасыр шамасындай уақыт өткенде, яғни 840 жылы оның алғашқы қағаны Қарахан әулетінен шыққан, қар-лықтардың жабғысы (ябгу – хан мағынасында) Білге Күл-Қадыр болады. ІХ ға-сырдың бел ортасында арабтар әмір Нұх ибн Асадтың басшылығымен Исфиджаб деп өздері сырттай ат қойған қазіргі Орда-басы, Төлеби, Сайрам, Түлкібас аудандарының аймағын жаулап алу ниетімен жо-рыққа шығады және бұл аймақты халифатқа бағындырады. Бұл маңайда ірілі-ұсақты он алты кент болған екен. Бірақ бұл аймақтағы дала тұрғындары түгілі кенттегі қалалықтар да ислам дініне мо-йын ұсынып кете қоймайды.

Енді осы жерде қоныстанатын қарлықтар туралы да айта кетейік.

Қарлықтардың бұл жерге толық иелік етуі олардың 766 жылы Түргеш Қағанатының үлкен астанасы Суябты және кіші астанасы Таразды алғаннан соң басталған-ды.

Қарахан мемлекетін негізгі қарлықтардың екі тайпасы – шығыл мен яғма одағы құраған. Сонымен қатар олар Батыс және Шығыс қағандығына бөлінген. Бұлардың жолы үлкені Шығыс қағаны еді. Шығыс қағандығының орталығы Қошқар аймағындағы Баласағұн (Қырғызстанның Тоқ-мақ қаласына жақын Бөрене көне құ-ландысы) шаһары болды. Оны басқарушы шығыл тайпасынан Арслан Қара-қаған еді. Ал Батыс қағанатын кіші қаған, яғни яғма тайпасынан шыққан Бура Қара-қаған басқарды. Оның орталық шаһары Тараз еді.

Батыс Қарлық қағанатын Оғулшақ бас-қарып тұрған кезде қағанат пен халифат арасында қатты соғыс болды. Ол кезде халифаттың Орта Азиядағы әмірі сама-нид Исмаил ибн Ахмет еді. Ол 893 жылы Таразға жорық жасайды. Бұл соғыс екі ел арасында көп уақытқа созылып ақырында қараханидтердің саманидтерді жеңуімен аяқталады да Қарахан мемлекетінің ше-карасы Әмудария өзеніне дейін кеңейіп, астанасы Самарқан болады.

Бірақ бұл жағдай Шам елінде отырған халифке ұнамай, Орта Азияға жаңадан араб әскерлерін жібереді. Х ғасырдың орта тұсында Орта Азияға Әбді-ар-рахым бастаған араб әскерлері кіреді.

Бұл туралы Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибраһимнің Садыр деген баласынан тарайтын шөбересі маулана Сайфуддин Орын Қойлақидің “Насабнамесынан” үзінді оқып көрейік:

«…Әли Мұртазаның (Әзіреті Әлі, төртінші халиф, Мұхаммед пайғамбар салаллаһу-ғалейкі-саламның туған қызы Фатиманың және өкіл қызы Ханафияның күйеуі) перзенті Имам Мұхаммед Ха-нафияның (Ханафиядан туған ұл) екі ұлы бар еді. Олар Әбді әл-Маннан уа Әбді әл-Фаттах. Әбді әл-Маннанның ұлы Баттал Ғазы Ұрым тәрсаларымен (Кіші Азия) ғазауат қылатын, Ұрым тәрсаларын қынадай қыратын. Әбді әл-Фаттахтың ұлы Әбді әл-Жаббар, оның ұлы Әбді әл-Қаһһар.

 

 

Әбді әл-Қаһһардың екі ұлының бірінің аты – Әбді ар-Рахман, екіншісінің аты Әбді ар-Рахим еді.

Әбді ар-Рахманның һәм екі ұлы бола-тын. Бірі – Ысқақ баб, екіншісі – Әбді әл-Жәлел. Әбді әл-Жәлелдің атасы (әкесі) Шам патшасы, ал атасының қарындасы (інісі) Шамат патшасы еді. Әбді ар-Рахман опатынан соң атасының орнына Ысқақ баб патша болды. Ал інісі Әбді әл-Жәлелді Йаман мүлкінің патшасы етіп қойды. Әбді ар-Рахим мұнан соң Ысқақ баб пен Әбді әл-Жәлелді бәтуаға ша-қырды. Ол айтты: «Йә, қарындастарым, менің сіздерге бір айтпақшы сөзім бар еді, соны айтайын», қарындастары: «Айтқыл» деді. Сонда Әбді ар-Рахим: «Әбу Бәкір Сыздық халифаты дәуірінде Һалид ибн Уалид ұлы Әбді ар-Рахман он екі мың сахабалар бастаған шерікпен Өзгент пен Ферғана елдеріне барды. Мұғ уа тәрсалармен соғыс ашты. Сахабалар жәмиғаты намаз үстінде шаһид болды. Әли Мұртаза р.ғ. халифалық құрғанда Құсам ибн Ғаббас р.ғ. пен Мұхаммед ибн Әбді әл-Жәлел отыз мың табиғиндарды бастап Өзгент, Ферғана, Исфиджаб ел-деріне барып соғыс ашты. Олар да ша-һид болды. Құсам ибн Ғаббас жарандарымен бірге Самарқанда шәһид болды».

Ысқақ баб айтты: «Йә атамның інісі Әді ар-Рахим!, Алла тағала онсегізмың ғаламды жаратты. Бізге патшалықты бұйырды. Ендеше біз Алла разылығы үшін уа Мұһаммед Расулаллаһ хоштығы үшін Ферғананың мұг уа тәрсәларымен тағы да соғыс ашсақ болмай ма?». Сонда Әбді ар-Рахим:

– Мұның маслихат болар? – деді. Ыс-қақ баб:

– Йә, Әбді ар-Рахим, сенің неше мын шерігің бар?

– Менің мұздай қаруланған қырық мың шерігім бар. Сенің неше мың шерігін бар? – деді Әбді ар-Рахим.

– Менде қарулы елу мың шерік бар – деді, Ысқақ баб. Екеуі Әбді әл-Жәлелге сауал қылды:

– Сенің неше мың шерігің бар? Әбді әл-Жәлел:

– Қаруы түгел қырық мың шерігім бар, – деді. Мұнан кейін үшеуі ниет қылды. Шерікті бастап Шамнан Исфаһанға келді, Исфаһанан Тебризге, Тебризден Мазандаранға, Мазандараннан Серахске, Серахстен Балқыға, Балқыдан Қорасанға, Қорасаннан Термезге, Термезден Бұ-қарға, Бұқардан Самарқанга, Самарқаннан Өзгент, Ферғана елдеріне исламды тарата барды. Өзгент, Ферғана елде-рінде екі мүғ (отқа табынушы) патша бар еді. Бірінің аты Ухшуб, екіншісі Қаруан. Оларға барып соғыс ашты. Үш күн, үш түн соғысып оларды өлтірді. Қырық мың мұғ өлді, сегіз мың мұсылман шәһид болды. Мұнан соң Шаш, Мұғалаш (алаш көктүріктері), Исфиджап елдеріне ислам тарата барды. Ысқақ бабқа ғ.р. бес туббағ табиғин ерді. Олардың бірінің аты Каффал еді. Каффалды Шаш еліне қойды, ол елу бес мың халайыққа ілім-хик-мат үйретті. Ағайынды үшеуі Шашта бас түйістірді. Жетікент еліне ислам тарата барды. Қашғарда бір тәрса (христиан) патша бар еді. Аты Мұңқұз-лұғ Бұғра хан. Тәрсаша аты Бахтан. Сонымен соғыс ашып алпыс мың тәрса-сымен бірге қырып жіберді. Он мың мұ-сылман шаһид болды. Әбді ар-Рахимды Қашғарға патша ғып қойды. Ол отыз жыл патшалық құрды. Арығлық Йағачта (Арықты Ағаш) Бұғра хан атанды. Мұнан кейін Алмалық (қазіргі Алма Ата, Алматы), Қайалық елдерін иманға келтірді, ислам-ды тарата барды.Оның ұлы Бозбалықта Қылыш Қара хан атанды. Оның ұлы Сайрамда Мәнсұр Хұмар хан атанды. 43 жыл патшалық құрды. Оның ұлы Шағыр Таған Сарйамда 33 жыл патшалық қыл-ды. Оның ұлы Қылыш Арслан хан Оты-рарға келіп 40 жыл тақта отырды. Оның ұлы Ілияс хан. Оның ұлы Ахмет хан. Оның ұлы Мұхаммед хан. Лақабы Білге хан. Оның ұлы Дадбек хан. Оның ұлы Әбді әл-Халиқ хан. Бұлардың баршасы Оты-рарда тұрған еді. Үргеніш сұлтаны Мұ-хаммед шаһ келіп Білге ханды өлтірді. Мұнан кейін Отырарда Қайыр хан сал-танат құрды. Білге ханның нәсілі кесілді. Қайыр ханның нәсілі қаңлы еді. Мұнан кейін Отырар мүлкін билеген Ғауан залым-и Тұрар болды…» Осы жерде бір айта кететін жайт, Қайыр хан арабтардан кейін Отырарда хан тағына отырған түркі (қаңлы) нәсілінің мұсылман хандарының алғашқысы екен. Онысы да ұзаққа бармай моңғол қолбасшылары Шэгүэдэй мен Үгүэдэйдің (қазақта Шағатай мен Үкітай) баскесерлері оны, яғни Отырарды алты ай ерлікпен қорғаған ерді Самарқанға жаяу апарып, ауызы-бетіне қорғасын құйып азаптап өлтіреді. Орын Қойлақидың айтуы бойынша одан соң Отырарда Ғауан залым Тұрар болды дейді. Бұл енді моңғолдардың Отырарға қойған ханы. Лақап атына қарағанда Отырар тұрғындарына ит қорлықты көрсеткен болуы керек. «Насабнамені» әрі қарай оқысақ, «…Ыс-қақ осы Сарйамға келді. Сарйамда бір патша бар еді. Аты Көркөз, лақап аты Нахибдар еді. Сарйам елі бір жүз алпыс мың үйлік тәрса (христиан) еді. Ысқақбаб ғ.р. Нахибдарды иманға шақырды. Бірақ Нахибдар:

– Жетпіс атамнан бері тәрсәмын, менің дінім һақдүр. Сенімен соғысамын, – деп жауап қайтарды. Соғыс үш күн, үш түнге созылды. Он мың тәрсә өлді, бес мың мұсылман шәһид болды. Шәһид болғандардың ұлығы туббиғ табиғин еді. Ысқақ баб ұлығының аты Әбді әл-Ғазиз еді. Оның жетпіс жерінен оқ тиіп, Сарйам елінде шәһид болды. Уа тағы бір туббағ ат-табиғиннің тәні Сарйамға қойылды. Оның аты Қийалық Ата еді. Бүл ғазиз Сарйамда 45 жыл ілім, хикмат таратты.

Нахибдар қашып Сұлханға (ғалымдардың болжауы бойынша қазіргі Саудакент) барды, Ысқақ баб оның соңынан қуып жетті. Үш күн, үш түн шайқаста 30 мың тәрсә өлді, жеті мың мұсылман шәһид болды. Ысқақ Сұлханда Нахибдарды өл-тірді, мұсылманшылық кеңінен тарады. Мұнан соң Ысқақ баб ғ.р. Қарғалықта 54 жыл патшалық құрды. Барша мұғ уа тәрсаларды иманға лағуат қылды. Мұ-сылмандық кеңінен жария болды.

Әбді әл-Жәлел Баршынкент, Жанкент, Жалтырсаққа келді. Мұнда Қылыш хан атты патша бар еді. Тәрсәша аты Йашмут. Қылыш ханның екі ұлы бар бо-латын. Бірінің аты – сары тонды Өте-міш хан бір өзі мың жігітке қарсы тұра-тын ер еді. Жент патшасы болатын. Әбдіжәлел Йашмутты иманға шақырды. Бірақ иман келтірмеді. Соғыс күні-түні жүріп, сансыз тәрсә өлді, уа мұсылмандар шәһид болды. 30 мың шерік қалды. Әбді әл-Жәлел Өтеміш елінде шәһид болды. Женттің Үстун Оқуз (Өгіз, Оғыз ұстыны) төбесінде шәһид мазары бар.

Бұл хабарды естіген Ысқақ баб отыз мың ерді бастап Жентке аттанды. Қылыш ханмен соғысты. Он екі мың тәр-са өлді. Төрт мың мұсылман шәһид бол-ды. Қылыш ханның ұлы Өтемішті тұт-қынға алып, Қарғалыққа келтірді. Қор-ғанға байлап өлтірді. Мұнан кейін Ысқақ баб Шашқа барды. Шаштан Қағбаға бар-ды. Қағбадан келіп Сарйамда Жәми ме-шітін тұрғызды…»

Ысқақ баб (қазіргі Созақ ауданы, Баб Ата елді мекенінде мавзолейі тұр) Шам-нан (қазіргі Сирия) әу баста келердегі өз ағайындарымен байласқан сөздері бо-йынша Исламның бірінші халифы Әбу Бәкір Сыддықтың бұл Қарғалық, Көлкент (Құмкент) тарапта өмір сүріп, өз айналасындағы халықты иманға келтіріп, ислам нұрын сеуіп жүрген ұрпақтарын тауып алмақ та ниеті болыпты. Олар Әбу Бәкір Сыддықтың сонау баяғы да, бұлардан екі жүз жылдай бұрын Мадинадан Орта Азияға Һалид ибн Уалид әскерімен елген ұрпақтары еді. Әбу Бәкір Садықтың ұр-пағы Баб Тухлас (Түкті Ықылас) жасы ұлғайған шағында Құмкентте Бабай Түкті Шашты Әзиз атанып халайыққа ілім хик-мат себуде екен.

Енді осы Бабай Түкті Шашты Әзіздің шежіресін де келтіре кетейік. Ол шежіренің ең сенімдісі ХҮІ ғасырдың аяқ жағында басталып ХҮІІ ғасырдың бас жағында яғни 1602 жылы жазылып біткен, Қадырғали би Қосымұлы Жалайыридің «Жамиат-тауарих» кітабы болар. Сол кітаптың Едіге би дастаны деген тақырыбында былай дейді:

«…Шежіреде әуел бабасы Абу-Бакир (Әбубәкір әл Сыдық – бірінші халифа). …Оның төрт ұлы бар еді. Екеуінен кіші ұлының аты Махмуд аталығ еді. Шамда патша еді. Мұхаммед. Оның ұлы сұлтан Катиб. Ол һәм Шамда патша болды. Оның ұлы сұлтан Хармаз еді, ол Мысырда патша болды. Оның ұлы сұлтан Халид еді, ол Сарсарда патша болды. Оның ұлы сұлтан Уалид еді, ол һәм Сар-сарда патша болды. Оның ұлы сұлтан Қыдыр. Ол һәм Сарсарда патша болды. Оның ұлы сұлтан Мулуд. Ол һәм Сарсарда патша болды. Оның ұлы Абу Алфеис еді. Ол Антақияда патша болды. Оның ұлы сұлтан Салим еді, ол һәм Антақияда патша болды. Оның ұлы сұлтан Садық еді, ол Антақияда патша болды. Оның ұлы сұлтан Әбулһак еді, ол Мадайнда (Мәдинада) патша болды. Оның ұлы сұлтан Ғұшман еді. Ол һәм Мадайнда патша болды. Оның ұлы Жалаладдин еді, ол Кастинатинде (Константинопол, Стамбул) патша болды. Оның екі ұлы бар еді. Бірінің аты Адһам және бірінің аты Баба Туклас (Түкті Ықылас, біздің-ше Бабай түкті Шашты Әзиз) еді, Баба Туклас Қағбада патша болды. Баба Тук-ластың ұлы Терме аталығ еді.

Бұл Терме Еділ-Жайықта қайтыс болды. Оның ұлы Каричи аталығ еді. Еділ-Жайықта қайтты. Оның ұлы Ис-лам-Қия. Ол һәм Еділ-Жайықта қайтты. Оның ұлы Қадыр-Қия. Ол дағы Еділ-Жайықта қайтты. Оның ұлы Құтлу-Қия. Ол Құмкентте қайтты. Оның ұлы Едіге би. Алла оның рақымын төксін!…»

Осы жерден «Жамиат-тауарих» кіта-бын оқуды тоқтата тұрайық та, жоғарыдағы айтылғандарды екшеп көрейік. 1397 жылы Ақ Орданың әмірі болған, 1399 жылы Речь Посполитаядағы Ворскле өзе-нінің жағасында литвалық князь Витовта мен Литваға қашып кеткен Тоқтамыстың біріккен ауыр әскерін тас-талқан жеңген, Алтын Орда жерін соңғы рет біріктірген Едіге би Созақ ауданындағы Құмкентте 1352 жылы туылған екен. Ол Ақ Орданың Алтын Ордадан бөлінер кезеңде, яғни 1419 жылы Сарайшық қаласына жақын жерде қайтыс болған.

Осы жерде тақырыпты сәл басқа ар-наға бұрыңқырап айтар болсақ, осы Едіге биді біздің қазақ әлі кадерінше бағалай алмай да, құрмет тұтпай да жүр. Бұның себебі біріншіден оның түбі араб болуынан да шығар. Екіншіден ол Қазақ хан-дығынан бұрын өмір сүргенінен де болар. Бірақ өзбек ағаларымыз Ұлы жиһанкез Әмір Темірді де, оның ұрпақтары Ұлықбек пен Заһириддин Бабырды да, түбі пар-сылықтар (сарт) Әлішер Науайи, Бируни, ибн-Синаларды да өзбек зиялылары қатарына жатқызған кезде ішіміз ұлиды. Түбі араб, Оғыз заманында Фараб шаһа-рында туылған Фарабиды қазақ есебіне алғанда одан бес ғасыр кейін өзіміздің ОҚО, Созақ ауданы, Құмкент мекенінде туылған Едігені осы Оңтүстік өңірінде төбемізге көтере алмай жүргенімізге тағы да ішіміз ұлиды. Ол туралы аз ма аз тарихи дерек келтірейін: «…Когда власть в Ак Орде, а затем и во всей Золотой Орде перешла в руки Тохтамыша, Едыге вместе с родственником Темир Кутлугом ушел к эмиру Тимуру и заручился его поддержкой. После поражения Тохтамыша от эмира Тимура в 1391 году Едыге начал самостоятельно править в зем-лях между Едилем (Волгой) и Жайыком (Уралом). Позднее он подчинил всю Зо-лотую Орду. Хотя ханом Золотой Орды объявили Темир Кутлуга, подлинным правителем был Едыге. Едыге вместе с Темир Кутлугом боролся против Тохта-мыша. После смерти Темир Кутлуга Едыге возвел на престол Золотой Орды Шадыбека. В период его правления Едыге объединил земли Золотой Орды. После него объединить их уже никому не удавалось. В 1406 году Едыге убил Тохтамыша, скрывавшегося в Западной Сибири. В том же году он захватил Хорезм. В 1407 году Едыге организовал поход против Джалеладдина, который объявил себя ханом Булгарии. В 1408-1409 годах Едыге совершил поход на Русь с целью возобновить выплату дани Золотой Орде. Он разрушил города Серпухов, Дмитров, Ростов, Переяславль, Нижний Новгород и другие. Окру-жил Москву, но брать ее не стал. В «годы смуты» (1410–1412) в Золотой Орде Едыге лишился власти. Она перешла к сыновьям Тохтамыша. В 1419 году под Сарйчиком Едыге был убит сыном Тохтамыша Кадырберды. Едыге основал Ногайскую Орду, управление которой после его смерти перешло к сыну — Нураддину..».

Едігенің де, оның бабасы Баб Түкті Шашты Әзиздің де нәсілі Әбубәкір Сыд-дық болғанымен оны еш жерде «қожа» атамайды. Енді жаңағы мақаладағы «қо-жа» мен «дегдар» атау сөздеріне келейік.

Кімдерді «қожа» атау керек екені ту-ралы Сәйід Жүсіп-Назар Сауранидың «Сәйід қожа әулетінің шежіресі» атты кітабында 1910 жылы Қазан баспасында қайта басылған «Тауарих-Хамса»ның 39-бетінен мынадай үзінді келтірілген: «…Ғұ-ламалардың айтуы бойынша Һазірет Әлі ұрпағы былай жіктеледі: Шәріп Һасани, Саид Һұсайыни, Қожа Һанафия, яғни Фа-тимадан туған Һасан тұқымы – «шәріп», Һұсайын тұқымы – «сәид», ал басқа әйелі Һанафиядан туылған Мұхаммедһанафия тұқымы – «қожа» аталады. «Сәид» пен «қожа» тұқымының некелесуінен туғандар «миян» (ара) деп, кейде «мәдери саид» деп те аталады»

Және Саурани кітабында: «…Қожа – парсы тілінде (хважда) қожайын мағынасын білдіреді. Ислам кеңінен тараған елдерде діни мансапты иеленген тақуа шенеуніктерге берілген атақ. Мәселен Түркияда әліге дейін діни ілім үйрететін ұстаздарды (мұғаллимдерді) «қожа» деп атайды. Екіншіден Орта Азияда өзін мәш-һүр төрт халифаның ұрпағы санайтын, осында жерсініп сіңіскендер (бірақ олар Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қыздары Фатима мен Зейнептің ұрпақтары емес) қожамыз дейді. Үшінші – сопы-лық тариқатының мүшелері. Төртіншіден исмаилиттер бірлестігінің мүшелері өз-дерін «қожа» атайды…»

Осында айтылған «қожалардың» үшін-ші түрі яғни сопылық тариқат мүшелері Қазақ Тұранында (ОҚО, Жамбыл, Қы-зылорда облыстары) ХІІ ғасырдың орта шенінен бастау алған. Оның басты себебі осы өлкеде Ахмет Яссауидің сопылық ілімінің кең таралуы еді. Бұған дейін бұл ілім араб пен парсы аймағында бастау алып сол аймаққа тән болса ХІІ ғасырдан бастап қазіргі Қазақ Тұранының территорясына ене бестаған.

Сопылықтың (суфизм) негізгі кезеңдері бар. Олар «дегдар»лық (зухд), яғни Абу Зар Ғифари сияқты сахабалардан бастап Хасан әл-Басриге дейінгі (—728ж), тасауф (суфи), яғни әл-Басриден Имам Ғазалиге (1055-1111) және осылардан кейінгі тариқат кезеңі деп шартты түрде бөлінеді. Кезеңдер сопылықтың тарих ішінде да-мып, өзгерістерге ұшырауының ерекше-лігіне қарай жіктелген. Имам әл-Кушайри былай депті: «Алла елшісі (с.а.у.) бақилық болғаннан кейін мұсылмандар «сахабалар» деген аттан өзге айдармен танылған жоқ еді. Өйткені, «сахаба» дегеннен артық дәреже де жоқ болатын. Кейіннен адам-дар, мәртебелері де өзгере бастады. Сөй-тіп, аса діндарларға «әз-зүһһад» (дүниені жүрегімен тәрк етуші), «әл-Ъүббад» (құлшылығы мол адамдар) делінетін болды. Одан кейін бидғаттар бой көтере бастады. Әр топ өздерін «зүһһад», «ъүб-бад» дейтінді шығарды. Сол кезде Аллаға шынайы беріліп, ғафылдықтың барлық жолдарынан өздерін сақтай білетін әһлү сүннетті ұстанатындардың озықтары «тасаууф» есімімен ерекшеленді. Һижри бірінші жүз жылдықтың соңында аталмыш ұлыларға «сопы» деген ныспы кең қол-даныла бастады».

Сонымен «дегдар» деген атты алушылар біздің өлкеде болмаған. Ал қожалардың түп аталары төрт халиф бола тұрса да біздің өлкеге келіп таралатындарының түп аталары Әбдірахым баб, Ысқақ баб және Әбдіжәлел баб. Бұл бабтар бұл жерге келген кезде (Х-ғасыр) біздің өлкеге «сәйід»тер әлі келе қоймаған. Оның үстіне бұл бабтар ұрпақтары ол кісілер дәуірлеген кезінде «қожа» атала қойған жоқ. «Қожа» аталу софылық тарихаттың және Ахмет Яссауи ілімі дәріптеліп, қоғамға пайдасын тигізіп жатқан шақта, яғни Өзбек хан (1280-1341) мен Әмір Темір (1336-1405) заманынан (ХІҮ ғасыр) бастау ала-ды десек қателеспейміз. Оған дейін дінбасылар да, патшалар кеңесшілері де тек ғана «сәйіттер» болғаны тарихтан белгілі. Бірақ кең жайылып бара жатқан ислам дүниесіне «сәйідтер» аздық қыл-ғаннан соң Төрт халифтен тараған барлық ұрпақтар мен «Тарихат» мүшелеріне «қожа» атағы беріле бастаған. Олардың да саны аздық қылған шақта «қожа» атағы өте білімді, қара суды теріс ағызатын ілімі бар зиялылар мен ұстаздарға және ис-маилиттер бірлестігінің мүшелеріне бе-рілген. Тағы бір айта кетерлігі Әбдірахым, Ысқақ баб және Әбдіжәлел бабтармен бірге келген онмыңдаған, тіпті жүз мың-даған араб әскерлері жергілікті халықпен араласып, сіңісіп кетті. Олардың Самарқан мен Бұхара аймағындағы аздаған топтарынан басқалары жергілікті халықтың ұлтының немесе руының атымен аталып кетті. «Қожа» емес арабтардың көбісі қазақ халқының арасына сіңісіп, тек ғана қазақтың тіліне емес, сонымен қатар ортазиялық түркі жұртының тілі мен бол-мысына өзгерістер әкелді. Олай дейтінім қазақтың әу бастағы отаны – Алтай мен Батыс Монғол жерінен келген моғол-татарларының қолбасшысы – Хулагудың әскерін көрген Магаки деген кісінің айтып, жазып кеткен еңбегін грузин тарихшысы былай деп суреттейді: «…и никто в За-кавказье не понял, с кем именно им пришлось иметь дело. Армянский «инок Магакия» называет их «народом стрелков» и описывает их так: Эти первые татары, которые появились в верхней стране, не походили (ұқсамайды) на людей; ибо вид их был ужаснее всего, что можно выразить: головы их были гро-мадны, как у буйволов; глаза узкие, как у цыплят; нос короткий, как у кошки; скулы выдавшиеся, как у собаки; поясница тонкая, как у муравья; ноги короткие, как у свиньи. Бороды у них вовсе не было. При львиной силе они имели голос более пронзительный, чем у орла, и появлялись там, где их вовсе не ожидали. … Смертность у них едва была заметна, по-тому что они жили по 300 лет; и хлеба не употребляли в пищу. Таковы были те татары, которые впервые появились в верхней стране (Кавказды айтады)…»

Біздің түркі халықтарының ішінде қазақ тілінің фонетикалық құрылымы, әсіресе «ғ» дыбысты сөздерді артикуляциялау, дыбыстың айтылымы (акустикасы) арап тіліне көбірек келеді.

Қазақ лексикасының, әсіресе әдеби-көркем тілінің отыз пайыздайы арап тілі-нен, он пайыздайы парсы тілінен енген. Бұл әрине тек ғана ислам діни кітаптарынан кірген дегенімізбен оны кіргізуші бір-екі білімдар қожа не араб емес. Оның негізі дінмен бірге қосарлана кірген арап-тың көркем әдебиетімен қатар бабтармен келіп қазаққа сіңісіп кеткен олардың саха-балары мен шеріктері.

Сонымен жоғарыда үзінді берілген мақаладағы «дегдар», «қожа» деген обьектілер ҮІІ ғасырдағы Қазақ Тұранында болмаған.

Енді сол мақалада айтылған «тегі түрікпен Қара Қайдар», «Дихнат мама», «Инсаняти Дихнат маме» атты кітап» туралы екшеп, зерттеп көрейік.

ҮІІ ғасырда «түрікмен» деген ұлт болмаған. Олар Түріктің Оғыз тайпасының құрамындағы салор, йомут, сарық, теке, чоудыр және т.б. рулар болған. Оның үстіне оның келген Ангрен қаласы ХХ ғасырдың елуінші жылдары Кеңес өкіметі дүрілдеп тұрғанда кенші-көміршілер (шах-тер) үшін салынған жаңа қала. Ал түрік-мендер туралы тарихты білгіміз келсе онда дәл сол мақалада көрсетілген Әбіл-ғазы Баһадүрдің жазып кеткен «Түрікмен шежіресін» үзіп-үзіп, қысқа-қысқа үзін-ділер жасап, оқып көрейік: «…Онша анық білмесек те, басынан аяғына шейін ұзын жобасын білеміз. Енді соны айтамыз. Оғыз елінің күншығысы – Ысығ көл және Алмалық, құбыласы – Сайрам, Қазығұрт тауы, Қаражық тауы (Қаратау), темір-қазығы – Ұлықтау, Кішіктау – мыс кені еді, күнбатысы Сыр суының аяғы, Йаңа-кент, Қарақұм. Осы айтылған жерлерде төрт мың, бес мың жыл отырды, қайсы ру көп болса, содан падишаһ көтерді…», «…(Оғыздар) кейде бір-бірімен жау бо-лып, шабысып, тұтқын қылатын. Өзде-рінен артылған тұтқындарды Мәуенахр базарларында сатар еді…», «…Бешене руы өзінен төре көтеріп, Салор елімен жау болып, шабысып еді. Бес-алты ата-ға дейін бұл екі елдің арасында дұшпандық бар еді. Бешене елі Салор елін жеңіп еді…», «…Бұл сөздерден шығатыны осы жұрттарда отырып шабылған елдің жаудан құтылғандары Мәуенахрға қа-шып барып еді. Осылай қылып, бара-бара түрікменнің көбі уәлейатқа түсті, азы қалды…», «…Барша елдерден түрікменге жақынырақ отырған Қытай, Қанқылы (Қаңлы), Найман еді, ол елдер түрікмен-нің қалғанын шапты. Ыстық көл, Алма-лық, Сайрам, Ұлықтау, Кішіктау бұ жұрт-тардың баршасын тастап, Сыр суының аяғына келіп, падишаһлары Ианки кент-те отырып, өздері Сырдың екі жағын жайлап, қыстап, он ата өткенше отыр-ды. Мәуенахрға түскен түрікмендерді тәжіктер түріктер деп еді. Бес-алты ұрпақ өткен соң жердің, судың әсерімен шекелері қысық, көздері үлкен, жүздері кіші, мұрындары үлкен бола бастады. Түрікмен жұртына келіп отырған елдер-ден тұтқын, саудагер Мәуенахрға келе бастады. Оларды көріп тәжіктер түрік-тер деді, бұрынғы түріктерге түрікменд деп ат қойды, оның мағынасы – түрікке ұқсас деген. Қара халық түрікменд деп айта айта білмеді, сонан соң түрікмен деді…»

Бұл ІХ-Х ғасырлар шамасы. Ал ХІ ғасырда түрікмендердің бір бөлігі Қаң-лылармен және Селжуктармен (Оғыздың бір бөлігі) бірігіп, Парсыны, оңтүстік Кав-казды, Кіші Азияны жаулап алып, сонда қалып кетіп, қазіргі Түркие мемлекетін құрды.

Жоғарыда айтылғандардан белгілі болып тұрғандай ҮІІ ғасырда Бәйдібек ба-баның елінде түрікпен Қара Қайдар қай-дан жүр? Оның үстіне Қайдар, Қайдар араби есім ғой.

Енді «Дихнат маме»ні талдайық. Мақа-лада «…Домалақ анаға «Диһнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара Қайдар деген кісі оның даналығына тән-ті болып қойған екен. «Диһнат мама»-парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» де-ген мағына береді. «Диһнат мама» сөзі уақыт өте келе тілдің даму заңдылығына орай дыбыстық өзгерістерге ұшырап, «Домалақ анаға» айналған…», және «…Домалақ ананың өмірі, адамгершілігі жайында кезінде Әбілқазы Ба-һадүрхан жазған. Оның «Инсаният-и диһнат маме» деген сол кітабы араб, парсы, түркі тілінде басылады. Иранның «Даролфонуи» кітапханасында 1653 жылғы басылымы әлі сақтаулы. Домалақ ананың қадір-қасиеті ертеден-ақ та-нылған…» депті.

Парсы тілінде «Дихнат» деген сөз жоқ. Осы жақында Шымкент қаласындағы Пушкин атындағы облыстық кітапханаға оқырмандармен кездесуге келген, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің мәдениет орталығының жетек-шісі және Елші кеңесшісі Масуд шейх Зейнуддийн мырзадан «Инсанят-и диһнат маме» деген сөзді қазақшаға немесе орысшаға тілмаш арқылы аударып беруін өтінген едім, маған берген жауабында ол: «Мен бұдан Инсаняти деген сөзді түсініп тұрмын, ол сіздердің түркі тілінде де бар «адамзат» сөзі ғой, ал мына «диһнат» сөзіне түсінбедім, бәлкім адамның аты болар. Мына «мама» сөзі де түркі сөзі» деп күлді де, «сосын біздер түркілер мен орыстар сияқты кейде анамызды осылай атаймыз» деп басын изеді. Оның қасында Облыстық ұлттар ассоциациясы иран ұлты бөлімінің жетекшісі Капарпур Наурыз бен аудармашы, менің танысым Шымкенттік жас ғалым Алиаскер Назари есімді жергілікті иран (парсы) жігіті болды.

Енді «Инсанят-и Диһнат маме» кітабы туралы айтар болсақ, Тараздық ғалым, жазушы-журналист Бақытяр Әбілдаұлының «Бәйдібек баба қашан өмір сүрген?» деген мақаласынан үзінді келтірсек көп нәрсе түсінікті болады. Ерінбей бұны да оқып көрелік: «…Дулаттар өздерінің үлкен анасын Домалақ ене деп санайтындығы белгілі. Ол Бәйдібектің кенже ұлы Тілеуберді-Жарықшақтың анасы ретінде шежіреде айтылады. “Домалақ ана” атты кітап жазып (А,1991 ж.) жариялаған шым­кент­тік журналист, қазір марқұм Да­нияр­бек Дүйсенбаевтың өзімен бірге осы кітапқа негіз болды деп көрсе­тіл­ген Әбілғазы Баһадур ханның “Ин­саният-и Деһнат маме” шығармасын іздеп Оңтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданын 1996 жылы, ал Та­раздың 2000 жылдығы алдында сол кез­дегі Жамбыл облысының әкімі Се­рік Үм-бетовтің демеушілігімен Тараз тарихына қатысты деректер іздеп Иран­ға барғанда “Дарулфонун” медре­сесінен жә-не ұлттық кітапханаларынан “Инсаният-и Деһнат мамені” іздеп таба алмадық. Даниярбек Дүйсенбаев өз кітабында біз іздеген кітап “Дарул­фонун” кітап-ханасында сақтаулы тұр деп жазған еді. Амал не, біз барғанда бұл кітапхана күрделі жөндеуге байла­нысты кітаптарын Теһрандағы басқа ұлттық кітапханаларға бөліп беріп жі­берген екен… Бәйдібек баба, Домалақ ана туралы Әбілғазының “Инсаният-и Деһнат ма­месі” әуелі 1653 жылы парсы тілінде, ал 1792 жылы сиқым-дулат Барлыбай Бай-салұлының толықтыруымен Бұхара қаласында “Тауарих-и Диһнат маме” деген атпен бастырылды деген Да­ниярбек Дүйсенбаевтың жазғанын қа­перге алып, 2005 жылы желтоқсанда Өзбекстанның Шығыстану институты­нан, Бұхара университетінен, басқа да жерлерден бір апта бойы іздедік. Сол сапарда кәсіпкер Ақәділ Еркебаев бас­тап Ташкентте 1841 жылы Аққұс Са­тып­алдыұлы шығарған “Диһнат мама тарихы” сақтаулы тұр деген соң Таш­кент облысы, Қыбырай ауданы Оңқор­ған қыстағында тұратын Балғабаевтарға бардық, олардың бірі Асқар деген жігіт басқа туыстарынан іздестіретінін айт­қан соң таба қалған жағдайда жеңіл автокөлік және қазақ ретінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы ағайын-туыс-­тарына таяу көшсе, үй-жай алуға көмек беруге Ақәділ Еркебаев мырза уәде бер­ді. Сондай-ақ Өзбекстан Шығыс­тану институтында 30 жылдан бері ең­бек ететіндіктен сақталған қорды жақ­сы білетін байырғы ғалымдарына, Бұ­хара университетінің Тураев Халим бас­қаратын тәжірибелі шығыстанушы­лар-ға жолықтық. Осы экспедицияны ұйым-дастырған тараздық кәсіпкер Ақ­әділ Еркебаев біз іздеген деректі тап­қан ға-лымға жеңіл автомобиль сый­лау­ға уәде етті…»

Міне жоқты іздеп тапқанға сыйлық та бар. Бірақ бұл кітап табыла ма? Бәлкім бұл кітап өмірде болмаған да шығар? Біреулердің «шабыттанған» қиялы болуы да мүмкін.

Шымкентте тұратын, Қазақстанның құрметті журналисі, жазушы Заһардин Қыстаубайұлының бастауымен, ОҚО-ның сол кездегі әкімі, әдебиет жанашыры Асқар Мырзахметовтың қолдауымен, та-рих пен әдебиеттің білгірі, ғылым докторы Мекемтас Мырзахметұлының жетешілігі-мен Оңтүстік өлкемізге қатысты күллі түркі қаламгерлерінің шығармалары топталуға тиіс (бірақ түгел топталмаған, әсіресе қазіргі қазақ қаламгерлерінің көптеген еңбектері кірмеген) «Қазыналы Оңтүстік» кітап жиынтығы кейінгі жылдары жарық көрді. Бұл кітаптар жиынтығынан да аты әйгілі «Инсанят-и диһнат маме»ні таба алмадық.

Осы жиынтықтың жарыққа шығуына тер төге атсалысып жүрген, ОҚМУ-дың «Абайтану» ғылыми-оқу орталығының жетекшісі Саттар Өмірзақовтан әйгілі шы-ғарма туралы сұрап едім, ол: «…әттең, та-ба алмадық, болар-ау деген жердің бәрін іздедік, табылмады» деді.

Әбілғазы Баһадүрханның алғашқыда араб тілінен орыс тіліне, одан француз тіліне, одан ХІХ ғасырда француз тілінен қайта орыс тіліне аударылған «Родословная історія о татарь» деген баға жетпес құнды еңбегі бар. Оның екі варианты бар. Бұл еңбектің қазақшасы «Түрік шежіресі». Сосын Әбілғазының «Түрікмен шежіресі» деген еңбегі бар. Ал «Инсанят-и диһнат маме» атты еңбегін әлі көрген емеспіз. Оның үстіне Әбілғазы Баһадүрхан (1603-1664) еңбектерін шағатай тілінде жазған. Орта Азияда парсыша жазу Әлішер Науаи (1441-1501) заманынан бастап тоқтау алған дейді зерттеу құжаттары.

Жоғарыдағы мақалада «Диһнат мама» — парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағына береді.» деген анықтама да дұрыс емес. Оның бірінші себебін жоғарыда Иран елшілік кеңесшісінің сөзімен айтып кеттік. Екіншіден парсы тілімен егіздей ұқсас тәжік сөздігінен осы сөздерді іздеп көрейік. «Әулие» деген сөз тәжікше «авлиё», «покиза», «халол», «поксиришт», «мукаддас» деген бірнеше сөздерге келеді екен. «Ана» сөзі тәжікше «модар». Орысша «Святая мать» (Әулие ана) тәжік тілінде «Рухулдс модар». Өзбекше «Мухаддас она». Түрікменше «Өвлийә эже». Бұл сөздердің ешқайсысы да «Диһнат маме» сөзіне келмейді. Енді «Инсаняти диһнат маме»ні яғни мақалада «Адамзаттың аулие анасы» деп көрсеткен сөйлемді тәжікшеге аударсақ «Рухулдс модари башарият» болар еді.

Мақалада «Диһнат» сөзі уақыт өте келе «домалақ» сөзіне айналып кеткен деп нығарлайды. Әсіресе осы сөйлем интернетте өріп жүр. Бұған күлкің емес, ашуың келеді. Диһнат қайда, домалақ қайда? Оны әдейі өзгертемін десең де өзгерте алмайсың. Егерде Нұрила анамыздың әуелдегі азан шақырып қойылған есімі Диһнат болған болса бір сәрі. Онда гәп басқаша. Онда «Нұрила» – «Алла нұры» лақап аты болуы мүмкін.

Диһнат атты әулие ана Хорезм топырағында, Ташауыз (ескіше Даш һауыз, қазақшасы Тас хауыз), (қазіргі аты Даш Огуз, қазақшасы Алыс Оғыз, Сапармұрат Ниязов өзгерткен), бен Көнеүргеніш тарапта болған сияқты. Оның мысалы, оларға көрші Маңғыстау облысының білім басқармасы «Үстірт орта мектебінде жазылған ғылыми жұмыста былай келтіреді. Үзінді: «…Адайлардың және бірнеше Табын руларының көтерілісінен кейін ұрпақтарын геноцидтен құтқару үшін 1930 жылдары болған саяси ахуалға байланысты Бесқалаға көшіп барған. Ол өмірінің соңғы күніне дейін Ташауыз облысының Сапармурат Түрікменбашы ауданының (қазіргі) Назлы Клычов атындағы колхозды мекен етті. Аяған атаның өте бай кітапханасы бар екен. Бірак, 1937-1939 жылдардағы нәубет кезінде кітапханасын Хожелі ауданындағы бір қорымға көмген деседі. Өкініштісі, тұрмыс тауқыметі мен түрлі жағдайлар атамызға кейін ол кітаптарды іздеуге мүмкіндік бермеген…», «…Аяған атаның жұбайы Күміс Дәулетбайқызы (1885-1971 ж.ж.) Пір Бекеттің төртінші ұрпағы екен.», «…Күміс әжеміз білек сүйегі сынып келген 12 жасар түрікмен қызының сынығын салып отырғанда Нұрнияз келіншегі Зәуреханға қарап орысшалап, «Бұлар науқастардың ауру тарихын толтырмайды, тек сүйек сынықтарымен айналысады, ашық сынықтарды да лас құралдарды қолданып, стерилденбеген материал қолданғандықтан, қызда іріңді остеомиелит пайда болады» деп айтқан көрінеді. Сынық салғанда әр түрлі әдіс қолдану, тартуға немесе жұлқуға болмайды, тек Күміс әжеміз аузын жыбырлатып әруақтарына сыйына отырып сынған қолды сипайды. Сол уақытта Нұрнияз ұстап отырған түрікмен қыздың сынған қолы тек қана кірт-кірт етіп орнына түседі. Сынған білектің ешқандай ақаусыз біткенінен Нұрнияз да, Зәурехан да таң қалады, әрине олар сол уақытта бұлардың барлығы қалайда бір табиғаттан тыс күшпен, яғни аруақ пен істелетінін түсінбейтін еді. Күміс әжеміз 1971 жылы қараша айының 9-шы жұлдызында 86 жасында дүниеден өтеді. Күміс анамыз Аяған атаның қасында жерленді. Қасиетті ананың қойтасына немересі Нұрнияз Бисалыұлы «адам үшін киелі «Диһнат мама» деген жазу қалдырыпты. Шынында да Күміс анамыз түсінген кісіге «Диһнат мама», ал түсінбегендерге жатқан бір қабір ғой…»

Яғни Хорезмде хан болған Әбілғазы Баһадүрхан сол жерде өмір сүрген бір Диһнат атты әулие ана туралы жазған болуы да керек. Бұл жағдайды сол өлкеге барып, анықтап білсе болар еді. Ташауыз шаһары Әбілғазы кезінде Хорезмге қараған. Ол Хорезм астаналары Хиуа мен Үргенішке көрші шаһар.

Жоғарыда аталған мақалада мынадай да сөйлем бар еді ғой, «…жаратылысынан бойы аласа болғандығына қарағанда «Домалақ ана», «Домалақ ене» атап кеткен….» деген. Осы анықтаманы көптеген мақалалар мен кітаптарда қайталайды. Тіпті «Түп тұқиянымнан өзіме шейінде» де бар. Сөйте тұра көптеген аңыз әңгімелерде Домалақ анамыздың өте әдемі болғанын, сұңғақ бойлы келісті әйел болғанын айтады. Адамды «домалақ» атау үшін оның міні болуы керек. Яғни пәкене, тапал бойлы болу. Иығы мен бөксесі төртпақ, қарны шыққан, аяғы қысқа. Міне осындай адамды «домалақ» дейді. Егер анамыз қыз кезінде мұндай болса, тайпалы ел басқарған, сұңғақ бойлы, өзінің мыңғырған малы бар Бәйдібек бабамыз қызығып үйленер ме еді? Үйленген жағдайда да дінді берік ұстаған, алдын болжағыш, ем-домнан хабары бар, халыққа білім нәрін берген, ашыққан адамға сүтін сауып берген, рахымы мол, көреген, қасиетті адамды өзінің күндестері кемсітіп, мінін айтып «домалақ» демесе, қарапайым халық олай демес еді. Осыны жуып шайғандай, кейбір айтқыштар «домалақ» сөзі «диһнат» деген сөзден шыққан дейді. Бұл күмәнді болжау.

Шындығында «домалақ» сөзінің төркіні тіпті басқа жақта жатыр. Бұл сөз анамыздың дін қағидаларын берік ұстауында, діни сауатын айналасындағы халыққа шашуында, сол кезге тән медресе ашып, елдің балаларын оқытуында және ақиқат жолын бек ұстап, адамгершілік тұрғыдағы халық алдындағы беделінде. Ондай адамдарды діни сөзбен «домуллаһ» дейді.

Осы сөзіміздің растығына дәлел ретінде, ақпарат кеңістіктерінен, кітаптардан, т.б. құжат көздерінен бірнеше мысалдар мен үзінділер келтірейін.

«…Систему начального образования в VII – ХII вв. в основном составляли мактабы.

Мактаб – это тип начальной школы в Средней Азии. Слово «мактаб» арабского происхождения, в переводе означает «место письма». В связи с распространением Корана по первоначальному замыслу создавались при мечетях с целью подготовки переписчиков Корана на арабском языке. Позже мактаб стал считаться синонимом начальной школы. Параллельно со школами письма, кото-рые открывали частные учителя, воз-никали школы при мечетях для обучения мальчиков чтению Корана. Уже к началу XIII века при каждой мечети имам обязан был обучать всех мальчиков чтению Корана, и даже существовали специальные учителя, которые за этим следили. Учение начиналось с заучивания арабских букв, которые писались на деревянных или жестяных дощечках. Писать арабские буквы было сложно, и в основном их произносили на слух. Мактабы содержались на средства мечети, а также на дары и пожертвовании родителей учащихся. Каждый домуллах (учитель) обучал детей по своей методике…»,

«…Ғұлама молда Батыр Қожамқұлұлы: «Өрқақпаның үстінде екі мешіт болатын, біреуі «Мәмет Халпе» мешіті, имамы Абдали дамулла, екіншісі оның шығыс жағындағы Жақыпбай салдырған мешіт, имамы Қарамағзұмның баласы Жалалиддин еді…»

«…Домуллах – по словарю Л. Будагова – помощник муллы, учителя в школах. Однако слова домуллах в Средней Азии употребляется также при обращении к человеку образованному как особая форма выражения уважения и почтения…» Бұл түсініктеме ХІХ ғасырда жазылған Ибадулла мен Мұхаммед Шариптың «Тауарих-и Амир Қайдар» кітабынан алынды.

«…Бір кез әкесінің аты «Бердімбет бабасының Түркістанның өзінен дамулла алдырып, кітапқа қаратып, Мұртаза қойылғанынан» қуат алып, бойына батылдық кірген Барсхан Молотов мектебінде Досмырза директор айтқан әңгімені есіне түсіріп, Сібірдің ханы Көшімнің әкесінің аты да Мұртаза болғанын сарт еткізеді…» (Ш. Мұртазаев)

«…Учителем мог быть местный имам (дамулла), или мулла (азанчи, иначе муэдзин, суфи). Летом мектебы размещались в юртах, зимой в зимних помещениях, землянках, не приспособленных для школьных занятий…»

«…Домуллах, дамелла (кит. «да» — «большой», «великий», араб. маулана, сокр. форма мулла — «наш господин») — словосочетание, использовавшееся в VIII–XIX вв., сначала в восточной, затем и в западной части Центральной Азии для обозначения преподавателя мектебе и медресе. В среде татар Волго-Уральского региона д. называли преподавателя, получившего образование в Бухаре. Как правило, домуллах имел свое медресе и шакирдов…»

«…Я что вбиваю в голову твою?

А то, что в голубом моём краю

лишь мудрых величают домуллою.

Как домулла, с тобой я говорю…»

(А. А. Файнберг)

«…Известно, что понятие «домулло» (домуллах) служило в качестве почтительного обращения не только к учителю и преподавателю медресе, но и уважаемым знатным людям…»

Міне, осы келтірілген үзінділерден «Домалақ» сөзінің «Домуллах» терминінен шыққанына мен сенімдімін. Ал оқырман өздері біледі. Домуллах сөзі домалақ сөзіне айналуы оңай. Оның үстіне қазір де, бұрындары да домуллахты дамыллах, домулла, дамылла, домла деп әр жерде әрқалай айтып жүр. Домуллахтың домулла болып айтылуы «Аллах» сөзінің «Алла» болып айтылуындай. Әбілдә, Абдулла, Әбділда есімдерінің түп атасы Абдуллах. Арабша «Аллахтың құлы». Араб сөздерінде әсіресе фонетикасында қазақшаға ұқсамайтын айтылу бар. Ол «Һ» әрібі сөз басында келсе онда ол әріп оқылмайды да, оның орнына орыстың «ь» (мягкий знак) оқылады. Сонда Ғосман, Ғали сөздері ьОсман, ьАли болып айтылады. Ал «Һ» әрібі сөздің соңында келсе, орыстың «твёрдый знагі» оқылады, яғни Абдуллаһ Абдуллаь болады. «Һ» дыбысын айтып жеткізу өте қиын. Ол қазақ әліпбиіндегі «Һ» емес, бірақ ұқсас. Оны айтарда бірден тоқтап жөтел қысқандай жағдайда болады. Өңештің қолқаға түйіскен жерімен айтылатын сияқты. Меніңше оның айтылуын құлақпен тыңдамасаң сөзбен айтып жеткізуге сөз қоры жоқ.

Ал енді қасиетті Нұрила анамыз қай кезеңде өмір сүрді? Бұл енді өте қиын сұрақ. Онсыз да тарихшылар, зерттеушілер, ғалымдар, жазушылар, халық қалаулылары, шежірешілер, журналистер, ауызы дуалы да дуалы емес те шал-шауқан, ақсақал-көксақалдар және не жазарын білмейтін еріккендер ақпарат пен әдебиет майданында найзаласуда. Бір топ оларды ислам заманында екінші топ исламға дейінгі дәуірде өмір сүрген дейді. Деректерге сүйенсе қай-қайсында да қайшылықтар бар. Оны жазушы Еркінбек Тұрысовтың мына «…Міне, көріп отырмыз, бірі алыс ғасырларда өткен, екіншісі кешегі замандасымыз берген екі автордың екі кітабы (Қ. Тауасарұлы, «Түп-тұқияннан өзіме шейін», Д. Дүйсенбаев «Домалақ ана»). Екі кітаптағы Бәйдібек жылнамасының арақашықтығы жер мен көктей, аз, кемі жоқ 647 жыл. Кімдікі жөн? Қайсысын ұстанамыз?» деп айтқанынан-ақ байқауға болады.

Ал менің бұл мақаланы жазған себебім ақпарат кеңістігінде қисынды-қисынсыз тұжырымдар, дүдамалдар, бал ашулар қаптап кетуде. Онысы орыс тілдерінде де, осында шеттен келетін саяхатшыларға берілетін ақпараттарда да жүр. Ондағы қисынсыз мақалаларды жойып, рухани жаңғыру жолымен, қазақ тарихын шын ниетпен, ақ көңілмен дұрыстап зерттеу керек дегенді айтқым келген…

Әбдінағым КӨШЕРОВ,

«Маұғлы ханзадасы», «Дүрбелең»,

«Үш батыр» тарихи романдарының авторы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *