2018 жылдың 5 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс са-пасын арттыру» атты жариялаған Жолдауында елдің басты байлығы адам болып табылатынын атап көр-сетті. Елбасының адами капиталды басты байлық ретінде бағдарлауы Қазақстан Республикасының жоғары және арнаулы орта оқу орындарына үлкен міндет жүктейді. Жолдаудың басты мақсаты – халық-тың тұрмыс жағдайларын жақсартуға бағытталған.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы – тарихи құжат. Себебі, әрбір Жолдау – егемен елімізді одан әрі дамытудың, биік табыстарға жеткізудің стратегиялық жолы. Соның ішінде бұл Жолдау Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстанымыз тәуелсіздік алған күннен бастап жүргізіп келе жатқан сындарлы саясатының заңды жалғасы болып табылады. Ол бүкіл халықтың, әрбір отбасының, әрбір азаматтың жағдайын жақсартуға арналды.
Жолдауда әлеуметтік саланың барлық бағытын қолдаудың маңызды міндеттері, сонымен бірге отбасы, тұрғын үй, шағын бизнес, еңбекақы, жастар, ауыл шаруашылығы, құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың жолдары айтылды. Ең бастысы – олардың барлығы орындалатын, нақты және қажетті мақсаттар. Әлеуметтік жаңашылдықтармен қатар Жолдауда мықты экономикалық серпін де бар. Онда халқымыздың әл-ауқатын көтерудің, бәсекелестікті күшейту мен өсудің тұрақты қарқынын қолдаудың айқын жолдары көрсетілген. Біз 2050 жылға қарай әлемдегі дамыған озық 30 елдің қатарына қосылуымыз қажет. Сонымен қатар Жолдауда әлеуметтік салаға да ерекше басымдық берді. Әсіресе, білім беру, ұрпақ тәрбиелеу ісіне қатысты негізгі міндеттерді нақтылағаны айқын.
Жастарды жұмысқа тарту туралы мәселесі қаралды және 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды. Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» атты жоба іске асатын болады. «Сарбаз» атты балалар — жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери — патриоттық тәрбиенің рөлін күшейткен жөн деді. Еліміздің болашағы – жастар үшін бұл зор қуаныш. Жастар – еліміздің болашағы. Олардың білімді, білікті, тәрбиелі, мәдениетті болып қалыптасуы – аса маңызды нәрсе. Әрине, негізгі міндет ұстаздарға жүктелетіні белгілі. Осы абыройлы міндетті мұғалімдеріміз ойдағыдай орындауы үшін оларға деген дұрыс көзқарас қажет. Ұстаздардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, қоғамдағы мәртебесін көтеру мәселесі – басты назарда болуы тиіс. Осы орайда Елбасы, нақтылай айтқанда, «Педагог мәртебесі» туралы заңды әзірлеп, қабылдау өте орынды көтерілген жайт, мұғалімдердің ғана емес, бүкіл қоғамның көңілінен шығатыны сөзсіз. Болашақта шәкірт тәрбиелеп, оқушының білімін жетілдіруге күш салып отырған ұстаздар қауымы үшін Президенттің бұл Жолдауы үлкен қуаныш әкелуімен қатар, ұрпақ тәрбиесіне деген құлшынысын арттыра түсері сөзсіз.
Г. АЙДАРБЕКОВА,
Шымкент политехникалық колледжі әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бірлестігінің оқытушысы.