Айгүл ҚАПБАРОВА, Сенат депутаты: «ЖАСТАРДЫҢ БАСЫМ КӨПШІЛІГІ ЖҰМЫССЫЗ»

Жастар Қоғам
1 157 Views

Сенаттың пленарлықотырысында Үкімет басшысы Ә.Смайыловтың атына еліміздегі жұмыссыздық мәселесі жөнінде депутаттық сауал жолдадым. Онда негізгі мынадай мәселелердің шұғыл қолға алынуы қажеттігі айтылды.

1. «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы (ЖҚЖК)» бағдарламасына бөлінген қыруар қаражаттың дұрыс жұмсалуын қатаң қадағалау жәнеқаржының сапалы игерілуін зерделеу жұмыстарын жүргізу қажет. Аталған екібағдарламаның түпкі мақсатын халықты тұрақты жұмыспен қамту болуы тиіс.

2. Мегаполистерде халық санының өсуі жыл сайын еңбек нарығына қысымды күшейтті. Қазақстанда соңғы жылдары көп жылдардан бері алғаш рет аймақтық теңсіздікті арттыра бастаған процес байқалды Пандемия бұл процестерді тереңдетіп, жеделдетті. Аймақтық теңгерімсіздікті анықтау үшін Ішкі көші-қон процестеріне ауқымды реттеулер керек.

3. Өзін-өзі өнімді жұмыспен немесе өнімсіз жұмыспен қамтитын топ деп түсініксіз ұғыммен бөліп қарайтын адамдардың күнкөріс деңгейіне әлеуметтік зерттеу жүргізу керек. Оның ішінде өмір сүрудің ең аз мөлшеріне қол жеткізе алмай отырған индивидтерге жағдай жасап, түзеу үшін кешенді жұмыс атқарылуы тиіс.

4. Мемлекеттік гранттар алуға арналған өтініштерді қарау процесін бюрократияландырмау мақсатында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде микрокредит беру шараларын біріздендіру.

5. Еңбек нарығында ерекше назарға алатын әлеуметтік топ – жастар болуы тиіс. Жастар Қазақстанның жұмысқа қабілетті халқының шамамен 35% құрайды. Олардың басым көпшілігі жұмыссыз. Өзгелерден бұрын бірінші жастар дискриминацияға ұшырайды. Экономика қалыпты кезде, жастар соңынан жұмысқа қабылданса, дағдарыс кезінде бірінші боп қысқартуға ілігуде. Жұмыссыздықпен күресте – жастар бағыты трендке айналуы керек.

Икемді еңбек нарығын дамыту үшін алдымен қоғам дамуының ең басты авангарды жастарды тұрақты жұмыспен қамту мәселесін шешуді қамтамасыз ететін кешенді тәсіл қабылдануы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *