2019 жылға дейін барлық елді мекендердегі емдеу мекемелері компьютермен жабдықталатын болады. Ұлт денсаулығын жақсарту – Ұлттық жоспардың басым бағыты. Осы тұста ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт» екеніне маңыз беріп, «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында сала жұмысын нақтылай түсті. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуі тиіс. Бұл – тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасап, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік беретіні ақиқат. Осыған орай Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Д. ЖОРАЕВПЕН (суретте) сұхбат өрбіткен болатынбыз.
– Дастан Жақсыбайұлы, Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың цифрландыру жүйесі бағдарламасы бойынша қандай істер атқарылып жатыр?
– Иә, цифрландыру бойынша көптеген нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Нақтылап айтар болсақ, Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласындағы мобильді қосымшасына 18–50 жас аралығында 406 635 адамның 151 437 мобильді қосымша пайдаланушылары тіркелген. Бұл интернет пайдаланушылардың 37,2 пайызды құрайды. Бұл ретте аптасына 1500 жуық пайдаланушылар тіркеледі.
«ЦИТ Даму», «Жарқын Болашақ KZ» ЖШС медициналық аппараттық жүйелерде мынадай мобильді қосымшалар жұмыс жасайды. Мобильді қосымша арқылы 124 038 адам қабылдауға жазылып, 2 819 дәрігер үйге шақыртылды. 178 140 зертханалық тексеру нәтижесі көрсетіліп, 865 542 электронды денсаулық паспорты жасалды. 8855 тұрғын жүктілік бойынша есепке тұрды. 42451 0-5 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары қосымшаны пайдаланды.
Шымкент қаласындағы 36 денсаулық сақтау ұйымының 33-де медициналық ақпараттық жүйелері орнатылып, жұмыс жасауда. Қала бойынша «ЦИТ Даму», «Жарқын Болашақ KZ» және «Жетісу» ЖШС медициналық ақпараттық жүйелері орнатылған. Қала интернет желісімен 100 пайыз қамтылған.
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау ұйымдарын ақпараттандыру мақсатында «Даму» ақпараттық технологиялар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «КМИС» медициналық ақпараттық жүйесі, 22 медициналық ұйым енгізілді. Бұл 66,6 пайызды құрайды. «Жарқын болашақ KZ» ЖШС 10 медициналық ұйымға «Қазмединформ» медициналық ақпараттық жүйесі енгізілді. Бұл 30,3 пайызды құрайды. «Жетісу» ЖШС «көмек» медициналық ақпараттық жүйесі бір медициналық ұйымға енгізілді. Бұл 3,1 пайызды көрсетіп отыр.
– Медицина қызметкерлерінің ақпараттық жүйе бойынша заманауи Қазақстанға лайықты компьютерлік сауаттылығының бүгінгі деңгейі қандай?
– Заманның дамуына сәйкес, адамдарда да компьютерлік сауаттылық деңгейі жоғарылауда. Бүгінде 9193 медицина қызметкері ҚР денсаулық сақтау министрлігінің және енгізіліп жатқан медициналық ақпараттық жүйелеріне 100 пайыз оқытылған. Медициналық ұйымдарында 21 IT мамандар қызмет етеді.
Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру туралы қосымша тағы да мақтанарлық істерді атайтын болсақ, емханаға дәрігердің қабылдауына жазылу кезегі 9-дан 2 адамға, емханада кезектерді күту 30 минуттан 15 минутқа, зерттеу нәтижелерін алу уақытын екі есеге дейін қысқартып, дәрігерге қабылдау уақытын 50 пайызға төмендету көзделген. Үйден шықпастан сынақ нәтижелерін, кеңестерді және рецепттерді алу, уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің қаупін жоққа шығаратын электрондық форматта сертификаттарды сақтау, жеке денсаулық туралы барлық ақпарат онлайн режимінде қол жетімді болуын қамтамасыз ету, тіркеу және қабылдау бөлмесінің функцияларын автоматтандыруға байланысты тіркеу маманның қажеттілігі үшін алғашқы медициналық қызмет көрсететін мамандарды әрбір медициналық ұйымда қайта даярлауға болатын деңгейге жетіп отыр.
– Алдағы уақытта атқарылатын істермен бөліссеңіз.
– «Даму» ақпараттық жүйесімен Шымкент қаласында қазіргі таңда №13 емхана жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар емханаға факс жүйесі қосылған. Әрбір емделушінің рентген, УДЗ сыныптары жүйеге орнатылып, нәтижелеріне жылдам қолжетімді болады. Емделуші тек жеке куәлігін көрсету арқылы сараптама қорытындысын электронды түрде көре алады. QR-кодтар еңбекке жарамсыздық қағазы мен 083, 086 медициналық формаларында да шығып жатыр. Бұл жұмыс орнына да, адамдарға да өте тиімді. Осы ақпараттық жүйені жүктеп алу арқылы науқас үйде отырып-ақ дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру, зертханалық анықтама нәтижелерін алу секілді қызметтерді пайдалана алады. Қазіргі уақытта цифрландыру жүйесі бойынша мемлекеттік медициналық ұйымдарда жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ал мемлекеттік тапсырыс алатын жекеменшік медициналық ұйымдарға 2019 жылдың соңына дейін енгізіп бітетін боламыз. Медициналық мекемелер заманауи техникамен, яғни компьютерлермен толықтай жабдықталатын болады.
– Тың жаңалықтарға толы сүбелі сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Айя АСЫЛЖАН.