СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ КЕСЕЛІ

Қоғам Құқық
1 099 Views

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небіртегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жергетамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. «Сынықтанбасқа аурудың барлығы жұғады», – деп халық айтпақшы, өзге елдер секілді, біздіңжас мемлекетімізді жегі құрттай болған бұл кесел айналып өтпей, егемендіеліміздің қатерлі дерті болып қалуда.

Жас қоғамымызда «сыбайлас жемқорлық» деп аталатын кесел жиі бой көрсетуде. Кеселдің шығу себептері мен оған жасалатын жағдайлардың түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Ол өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың пайдасынан зияны көп үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай қалыптастыру, яғни қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Осы тұста қазақтың ертеден келе жатқан ақыл-ойлы, сақтандыруға арналған «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», – деген қанатты сөзін айтып өтудің артықшылығы жоқ деп санаймын. Осы айтылған аталы сөздің өміршеңдігіне Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуір күні «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы дем берді. Елбасының мақаласында «көздеген мақсатқа жету үшін санамыз ісімізден озып жүруі керек, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс», – деп көрсеткен. Бұл көрегендік тұжырым еліміздің адымдап дамуына жол көрсетіп, әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылуға бағыт береді. Ал, көздеген мақсатқа жетуге, айтуға адам аузы бармайтын «сыбайлас жемқорлық» дерті кері әсер етіп, қоғамның адымына тұсау болары анық.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсатына жету үшін іске асырылуы тиіс шаралар анықталып, оның ішінде бірінші кезекте «қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыруды» іске асыру қажеттігі көрсетілген. Бұл қоғамымыздың барлық мүшелерінің белсенділіктері арқасында жүзеге асырылатын шара. Яғни, «бармақ басты, көз қыстылыққа» жол бермеу, белгілі болған заңсыздықтың көрінісі туралы тиісті органдарға хабарлау және оның нәтижесінен хабардар болу. Қоғамдық белсенділік, «бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деген өзара келісімпаздылыққа жол бермеуден көрінеді.

Бұл дегеніміз өз кезегінде қоғамның әрбір мүшесінің заңдық тұрғыда білімді болуын, заңсыздыққа деген теріс көзқарастарының қалыптасуын қамтитын тәрбие жұмыстарының кешені болып табылады.

Осындай іс-шаралар толығымен жүзеге асырылған кезде бұқаралық сана өзгеріп, сыбайлас жемқорлық атты кеселдің қоғамда таралуы тоқтатылып, әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылу үшін жүзеге асырылатын бағдарламалық бағыттардың орындалуы қамтамасыз етіліп, меже меңгеріледі деп сенемін!

Ж. АШЕНОВ,

Шымкент қаласындағы №17 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *