БІТІМГЕРШІЛІККЕ БАСА МӘН БЕРІЛУДЕ

Құқық
907 Views

Шымкент қалалық сотының Ақпарат орталығында Қаратау аудандық сотының төрағасы Ермахан Рахманберді, аудандық сотының судьясы Ләззат Әуелбекова және Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің Ақпараттық қамтамасызету бөлімінің басшысы Қабыл Дүйсенбидің қатысуымен 2019 жылдың біріншіжартыжылдығын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Іс-шара барысында сөз алған Қаратау аудандық сотының төрағасы Ермахан Рахманберді:

– Ағымдағы жылдың 6 айында сотқа 162 қылмыстық іс түскен, соның ішінде 35 қылмыстық іс электронды түрде қаралып, 75 іс бойынша 84 тұлғаға қатысты айыптау үкімі шығарылған. 9 тұлғаға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған және 67 істі өндірістен қысқарту туралы қаулы шығарылған. Жалпы, 155 қылмыстық іс аяқталып, соның 42-і медиация бітімгерлік тәртібімен қаралған, 18 жекеше қаулы шығарылған, – деді.

Жиында азаматтық істер бойынша сотқа 2066 арыз түсіп, 2018 жылдан 232 іс қалдық ретінде өткен. Биылғы жылдың алғашқы алты айында 1705 іс аяқталып, 678 шешім және 580 сот бұйрығы шығарылғаны айтылды. Сондай-ақ, 147 іс медиация тәртібімен аяқталып, жеті іс тараптардың бітімгершілік келісімге келіп, 105 іс талап арыздан бас тартуына байланысты қысқартылғаны белгілі болды.

«Отбасылық сот» қанатқақты жобасы аясында биыл неке және отбасықатынастарына қатысты 554 талап арыз түсіп, соның 231-і бойынша сот шешіміқабылданып, 91 іс бойынша тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған. Сонымен қатар татуластырушы қанатқақты жобаны жүзеге асыру барысында жылбасынан қазіргі күнге дейін татуластырушы судьяның өндірісіне 247 азаматтық істүсіп, соның 79-ы тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібіменаяқталған»,– деді аудандық соттың төрағасы.

Шара соңында Е.Рахманберді БАҚ өкілдерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

«Әділет — ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *