ҰЛЫ ДАЛА ИЕСІ ҺӘМ КИЕСІ

Әдебиет
1 126 Views

МЕН ҮШІН

Ата-анам – ең жақын Жаратушым!

Ата-анам – ұлы Ұстазым!

Ата-анам – үлгі тұтар Тәрбиешім!

Ата-анам – таптырмас Тәлімгерім!

Ата-анам – алынбас Қамалым!

Ата-анам – паналар Қорғаным!

Ата-анам – асқан дана Ақылшым!

Ата-анам – дәрісші Данышпаным!

Ата-анам – қатерден Қорғаушым!

Ата-анам – қиналғанда Қолдаушым!

Ата-анам – деміккенде Демеушім!

Ата-анам – жорықтарда Жебеушім!

Ата-анам – кемімес Қуатым!

Ата-анам – шуақты Күнім!

Ата-анам – асыл Айым!

Ата-анам – қажытпас Қайратым!

Ата-анам – алғызбас Айбарым!

Ата-анам – киелі Қыдырым!..

ҰЛЫ ДАЛА ИЕСІ ҺӘМ КИЕСІ

«Төрт кітап» түгілі

Одан арғы Эллинге де дауым жоқ.

Сәл қит етсең неге деп

Мұрагерлері түгілі олардың

Өз бауыр, перзенттерім дау айтып,

Шыға келуге дайын «жауым» боп.

Ұлы дала,

Ата-баба, ана-әже,

Көшпендінің ережесі ежелгі:

Туыс, досқа адал бол.

Қас жауыңа қатал бол.

Босаңсып, еркінсітіп жіберсең,

Сәтті күні сыртыңнан атар дәлдеп оқ.

Сондықтан

Сабыр Адай ақын айтқандай:

Әрбір қазақ – жалғызым, –

Дегеннен артық ұран жоқ!

Қолдап, қорғап, қадірлеп,

Шаттық сыйлау бауырға,

Сенің, менің,

Әр қазақтың парызы!

Татулықта тірлік етсек осылай

Бақытты болар – Ұлы дала иесі,

Көшпенділер ұрпағы – қазақтың әрбір ұл-қызы!

Ата қоныс Қазығұрт – кеме қалған,

Басты жұртым – кең дала,

Бар көшпенді әлемі

Отаным деп таныған.

Атқа мініп, атой салып алға деп

Төрт құбылаға орнатам деп әділдік,

Қаншама ұрпақ аттылы Атилладай

Жер жүзіне ерте кезден тараған.

Білім ал, ұғын, өзгеге де түсіндір,

Арғысы Шумер, …

Бергісі Арий, Сақ, Ғұн, Түркіш,

Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ,… қазақтар

Көшіп-қонып, жер көріп, ел аралап,

Еуроазия мен Американы жайлаған.

Өнер – білім, мәдениетін олардың

Үлгі етіп, үйреніп, тілінде сөйлеп,

Бақыт, байлық, дәрежеге жеткізер деп санаған.

Өмір заңы – әр адам, ұлт пен мемлекет,

Даму, дағдарыс кезеңінен өтеді.

Архимед спиралі бойымен жылжып,

Координаттың оң, теріс ширегіне қарамай,

Біздің ұрпақ Ұлы Жеңістерге жетеді.

Ұлы дала Иесі һәм Киесі –

Көшпенділер мекені – Сақа, Алтай,

Арқалық, Жетісу, Жайық жағалауы,

Қазығұрт, Тараз, Түркістан,… төрткүл дүниедегі

Қазақтың «қазанатқа» қонатын кез келгенін

Түйсігім түртіп тыпыршып,

Жиі соғып жүрегім де сезеді.

Тылсым дүние тағылымы

Ей, парықты, парықсыз

Күнәдан пәк, батқан – пенде!

Сендей едім мен де.

Бар ма амал,

Тәңірден төте келсе бұйрық:

Мұндағы мезгілің бітті,

Енді жылдам «қайт», – деген.

Қалдырып туған жерімді, елімді,

Бауыр, бала, дүниенің қызығын тастап,

«Мұнда» жедел жеткен ем.

Ей, ақылды, ақымақ.

Алғаны алғыс, қарғыс — пенде!

Сендей едім мен де.

Алуан түрін көріп адамның

Адалымен дос болып,

Арамынан аулақ кетіп жерідім.

Ілім, білім, өнердің

Өзіме лайық, ұнағанын игердім.

Біреуден биік, біреуден пәс,

Кейбіреумен тең едім.

Енді міне,

Ұры-қары, тақуа бар арасында

Хан, патша, корольдермен кездестім.

Олармен қатар қосшы, құл, күң түгілі

Небір арсыз, сатқын, жауыз,

Екі жүзді алаяқ, кәззаптармен теңестім.

Ей, саналы, санасыз,

Бергені қайтқан, қайтпаған – пенде!

Сендей едім мен де.

Мұнда тыныш.

Уайым, қайғы, жұмыс пен

Алыс-беріс, несие — қарыз жоқ.

Сонда да мынау санжетпес «момындардың»

Бәрі үнсіз, тым-тырыс,

Ішпей-жемей қарны тоқ.

Бірақ,

Мұндағы ұйқы – мәңгі өмір,

Сен көріп жүрген

Қарбалас, қызығы мен қырсығы мол,

Бейнеті ауыр, зейнеті жеңіл күндердің

Қас қағымдай сәтіне де татитын

Түрі де, құны да жоқ!

Ей, қамқор, қаскөй,

Тегі асыл, айныған – пенде!

Сендей едім мен де.

Ойлан, толған…

«Мұндағылар» өзіңнен «екі — ақ қадам озған».

Жан-тәнің иесі – Тәңірге табын,

Бейнетінің зейнетін көрсінші деп

Жарық күн көруіңді тағы да созған!

Ей, жаны жайсаң, жәдігөй,

Нәпсісін тыйған, тыймаған – пенде!

Сендей едім мен де.

Тез кері қайт,

Осының бәрін елге айт!

Күштілер босқа асып-таспасын,

Әлсіздер текке жүнжіп, тозбасын!

Әрқайсысынан алынар сұрақ-жауап,

Мезгілінде «бері қарай озғасын»!

Ей, ниеті ақ, қара,

Өзгені қорғап, қорлаған – пенде!

Сендей едім мен де.

Дәл қазір не ойлап,

Не сезініп тұрсаң да

Тыңда, оқы,

Мән бер менің айтқан сөзіме!

Тірі кезіңде көзіңді шұқып,

«Кейін» артыңнан топырақ шашпасын десең,

Қырағы көз, өткір сөз, сыншы да

Қатал тергеуші, прокурор, сот та болғын өзіңе!

Ей, көкейі ашық, соқыр,

Ілім-білім алған, алмаған – пенде!

Сендей едім мен де.

Өз көру, тану, пайымыңмен,

Өзгенің сезім, сенім, қалауымен

Әр ісіңді мұқият таразылап,

Әділ баға, жаза бере білгін өзіңе!

Сонда,

Тек сонда ғана

Не айтып, не қояр екен деп

Артыңда қалғандарға жалтаңдамай,

Жатасың тыныш «мұндағы»

Тылсым – «мәңгі өмір» төрінде!

Ей, бітімгер, бұзақы,

Дүниені бүтіндеп, бүлдірген – пенде!

Сендей едім мен де.

Егер

Сен ұғынбасаң, ұқпасаң,

Сенбесең де осылардың бәріне,

Ең болмаса сақтап жүргін есіңде.

Әрине, әркімнің де әрқашан

Өз қалауы, бас тартуы сияқты

Алар алғысы мен қарғысы да өзінде.

БІР ГҮЛГЕ

Қосып-алмай ештеңе

Бір сырды саған айтайын,

Түсінуге жетсе шамаң, ұғымың.

Қиыла, сынай қарап

Үңіле терең жаныма

Салып қолқа,

Қайда арнау өлең деп

Кетірдің маза,

Жүректің де тынымын!

Не айтам саған,

Күн мен айы біреудің.

Қалай табам

Көңліңнін қош пернесін?

Көрік, сана, сезіміңді ойласам,

Қызыға қарап,

Құшуға лайық еркесің!

Сәтті, тәтті,

Қалаулы болып өмірің,

Өн бойынды шаттық күйі кернесін!

Ер тандау,

Талғау, табу дегенде

Тасың сенің тауға қарай өрлесін!

Кей кезде

Өмір, арман, құштарлық

Қас қағымда құбылып, өзгереді.

Құлазып көңіл,

Аңсарың ауған жаныңды

Тауып мауық басуға

Ел кезіп кеткің келеді.

Сондай сәтте

Оқып осы өлеңді,

Мүмкін жаның жай табар.

Болып солай,

Сарғайып мені сағынсаң,

Амалдап жеткіз бір хабар.

СТАРОСТА

Таза қанды қазақпын деп

Нықтап бердің жауапты

Қойылған сынай сұраққа.

Сол үшін-ақ

Құрмет тұтып қастерлеуге тұрады

Ие етіп «Томирис» деген атаққа.

Бәйбіше, тоқал,

Мейлі болсын ойнасы,

Жанқалауы, өмір заңы емес пе?

Несі айып

Кемсіту, зорлау, қорлауың,

Ғашықтардың төсекте басы теңессе,

Бұл сен айтқан –

«Одно другому не помеха»

Деген сөздің қайтарымсыз дәлелі.

Себебі әркім өмірде

Сүйікті болып, сүюге де

Болмысынан әрқашан да дәмелі,

Көрік, мүсін, мейірің,

Мінезің ашық Ұлы даладай

Ес кетіріп, еліктірер адамды,

Қызу қаның, асыл жаның

Тартады тылсым күшімен

Арттырып қадір, бағаңды.

Осы жағдай

Сабалап сиқыр сезімді,

Әбігер етіп, таусылтуда төзімді.

Бұлқынып жүрек,

Тұла бойым тыпыршып,

Қалап, аңсап күтетіндей өзіңді.

СЫЛҚЫМҒА

Емес-ау тегін,

Бірегей нар Тұлғамен

Келгенің тура бір күн дүниеге.

Қаларым,

Айтарым бар саған «сылқым»,

Әлемнің асыл қазына

Бағына болғын ие!

Шырынға кәусар толыққан

Қос тілім

Мандариннің жемісіндей,

Томпиған ерінің бар

Белгісіндей бал сезімнің.

Шамалап, аңғарамын бітіміңнен

Қаның қызу,

Демің от алаулаған.

Шарпып бетін талайдың,

Таусытып тағат – төзімін,

Жан жүрегін жаулаған!

«ДЕЛФИНИЯ»

Қандай көрікті әйел деп

Сүюден артық сыйлаймын.

Тәніңнен гөрі көңілің жас,

«Әттең-ай» деуге қимаймын!

Ризамын өткенге десең де

Құшақты ыстық аңсайсың.

Күлкіңмен сырлы, көзіңмен нұрлы

Иә, рас қой деп құптайсың!

Неге екенін білмеймін

Күндіз ойлап, түнде жазам өлеңді.

Бар адамзат білетін бар ақиқат –

Махаббат қой ғажап еткен әлемді!

Оянып сезім, лүпілдесе жүрегің

Кездесерсің ынтықтырған жаныңа.

Күт, сағына күт елеңдеп,

Қондырар бірде

 көгершіндей қолына!

Осы тілек қабыл болса,

Досым деп маған хабарла!

Аманқұл КҮМІСБЕКҰЛЫ,

«Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің

Ақпараттық қамсыздандыру

және қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *