Бір мас биікүйдің бесінші қабатынан құлап бара жатып, «Егер осыдан аман қалсам, ешқашанарақ ішпеймін», – деп ойлап үлгергенше, жерге топ ете түсіпті. Орнынан тұрасала аман қалғанын көріп, үсті-басын қағып жатып: «Мас адам не демейді?» деген екен.
* * *
Кішкентай маса шешесінен сұрапты: – Апа, мен ұшсам бола ма?
– Ажалыңа асықпай, отыр үйде!
– Неге, адамдарға менің ұшқаным қатты ұнайды ғой.
– Оны кім айтты?
– Кеше түнде олардың бәрі маған шапалақ ұрды.
* * *
Базарда біреу теріні бұлғап:
– Құндыз терісін алыңдар! Құндыздың терісі! – деп айғайлап жүріпті.
Бір кісі оны тоқтатып, теріні ары-бері аударып көреді:
– Ей, қайдағы құндыз?! Мынауың кәдімгі иттің терісі ғой!
– Иттің аты Құндыз болатын…
* * *
Кеше түнде мені екі сотқар ұстап алып, қолсағатымды, әмиянымды, неке жүзігімді сыпырып әкетті. – Сен түнде алтыатарсыз жүрмеуші едің ғой? – Абырой болғанда олар шалбарымның артқы қалтасын қарамады!