ЕЛБАСЫ Л. ПРОКОПЕНКОНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Ақорда
838 Views

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенконы қабылдады.
Кездесуде Мемлекет басшысына Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясын өткізуге әзірлік барысы жөнінде баяндалды.
Л.Прокопенко Нұрсұлтан Назарбаевқа ұйымдастыру-дайындық жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер туралы мәлімдеді.
Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Akorda.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *