Халықтың ғасырлар бойы басынан кешкен қуанышы мен қайғысы, жақсы өмір, бақытты дүниетуралы үміт, армандары, өзінің тіршілігі, тәуелсіздігі жолындағы ерліккүрестері, сүйіспеншілігі мен өшпенділік сезімдері – барлығы халықтың өлең –жырларында, аңыз – ертегі, дастандарында бейнеленген. Тарих толқынында қаншаауыр кезеңдер мен патшалық заман жағдайында қандайлық ауыр азапта болса дахалық өзінің өлең – жырын, ән – күйлерін шығарып айтуды ешбір тоқтатқан емес.Халқымыздың сан ғасырлық тарихы бар поэзиялық байлығын жасаушы, таратушы,жетілдіруші және сақтаушы ретінде жырау, ақын, жыршының шығармашылық тұлғасыерекше орын алады. Бұл топтағы өнер иелерінің бір-біріне ұқсастығы, айырмашылықсипаттары жұртшылыққа әбден танымал. Халық жыраудың да, ақынның да, жыршының дақастерлі орнын белгілеп, олардың дарын даралығын тану мен бағалаудажаңылыспаған. Еліміздің байтақ өлкесінің түкпір-түкпірінде бұл терминдердіңқайсы бірі кейде өзгеше мағынада қолданылып, түсіндіріліп келді. Өйткені түрліәдеби, мәдени дәстүрлерге, ортаға, жағдайға, заманға байланысты жеке атаулардыңжаңа мәнге ие болып отыратыны мәлім. Мәселен, жырау, ақын, жыршы атауларыныңқазақ арасындағы мағынасы туралы зерттеушілер бұған дейін де күрделі пікірлерқалдырған. Мұны әсіресе Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ә.Марғұлан,Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбаев, Қ. Сыдықов, М.Мағауин секілдіғалымдардың еңбектерінен кездестіреміз.
Жыраудың тұлғасы және жыраулық поэзияның ерекшеліктері жайындағы неғұрлым елеулі еңбек ғалым, жазушы М.Мағауин қаламынан туды. Оның «Қобыз сарыны» (1968) атты монографиясында жыраулық поэзияға тән белгілер жүйелі, дәйекті түрде дәлелденген.
Жыр, жыршының төркіні, жыршылық дәстүр, жырдың айтылу түрі, буын саны, элементтері туралы Есмағамбет Исмаилов «Ақындар» атты кітабында жазады. Жыршы мен ақын айырмашылығы, қазақ фольклорында жыршылық дәстүрдің қалыптасу мен оның даму жолдары, жыршылардың творчестволық жаратылысын зерттеуде елеулі үлес қосқан еңбек.
Әдебиет зерттеушісі Қ.Сыдықов «Ақын – жыраулар» деген кітабында жыршыдан жыршыға ауысып отырған репертуар жалғастығына көп мысал келтірген.
Сөз өнерінің дамуына, таралуына және сақталуына айрықша қызмет сіңіріп келген жыршылар еңбегі үлкен ілтипатқа ие болып, зерттеліп келеді. Әдетте жыр, толғау және басқа да түрлі жанрдағы поэзиялық туындыларды жатқа алып, домбыра, қобызға немесе үйлесімділікке қосып айтатын дарын иелерін жыршы деп атайды. Көпшілік қауымның түсінігінше, жыршылар тек белгілі мәтіндерді жаттап, оларды жұрт алдында бұлжытпай, қайталап орындаушылар болып саналады. Бірақ жыршының тұлғасы да сөз өнерінің өзге өкілдері секілді сан қырлы. Яғни, жыршылар ертеден келе жатқан дастан, эпосты жаттап таратушылар емес, оны, белгілі дәрежеде, дамытушылар да болып есептеледі. Эпикалық дәстүрді жалғастырушы жыршылар еңбегін бағалағанда төрт түрлі нәрсені естен шығармаған жөн.
Біріншіден, жыр нұсқаларын көп өзгеріске түсірмей дәстүрлі поэтикалық көркемдеу құралдарын сақтай отырып айтушылар.
Екіншіден, жыршылардың репертуарларындағы айырмашылық мәселесі. Әрбір өлке, өңірдің бұрыннан келе жатқан эпикалық дәстүріне орай, айтушылардың жыр құрамы да өзгеше болып келеді.
Үшіншіден, жыршылардың орындаушылық шеберлігінің түрліше болуы. Бұл айтушының дарын қуатына, тәжірибесіне және көрген тәліміне байланысты нәрсе.
Төртіншіден, эпос, дастандарды алғашқы түп негізінен күрделі өзгеріске түсіріп айтушылық дәстүрі.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, жыршылар халық арасында неғұрлым өнегелі із қалдырған творчестволық тұлға. Сондықтан болар, мәдениет пен әдебиеттің кемелденуі тікелей соларға байланысты. Қазақ халқының жыршылық дәстүрін дамытып, оны өз аумағы мен мекеніне, лексикалық қорына сай жырлау барысында әр өңірдің өз жыршылық мектебі пайда болды.
Жыршылық өнердің әмбебаптылығы соншалық, оның бойында әрдайым өзгеріс болып отырады. Бәлкім, ұзақ жырларды жырлап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу кезінде орын алатын құбылыс болар. Сонымен қатар, қазіргі таңда бұрынғыдай ұзақ жырлардың қатары сейіліп, оның орнына қысқа толғау, ғибрат, насихат өлеңдер легі көбеюде. Десек те көпшіліктің ықыласы оянып жатса, жыршылар да жаңаша серпіліске түсуі әбден мүмкін.
Қазақстанның әр өлкесінің тарихы мен мәдениетіне, дәстүріне, басқа да ерекшеліктеріне байланысты жыршылық мектебі бар. Дегенмен, әдебиет мұраларының ішінде аз зерттеліп келгені – жыршылық және жыраулық дәстүр. Мұны да зерттеу барысында әдеби – мәдени мұралардың кенже қалғандығына куә боламыз. Ақпарат аз болса да, жыршылық мектептердің Қазақ даласында пайда болып, өз қызметтерін жасағаны мәлім. Солардың бірі, Оңтүстік Қазақстан жыршылық мектебі. Оңтүстік Қазақстан жыршылық мектебінің көрнекті өкілдерінің біразы Қаратау өңірінен шыққан. Қаратау тек кен байлықтарының ғана қоймасы емес, сонымен бірге рухани мәдениет қалыптасқан жер. Бұл өңірден шыққан ақындар жайлы ақпаратты өмір сүрген дәуірлеріне қарай, екіге бөліп қарастырсақ болады.
Алғашқы топқа – ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, халық мұңын мұңдап, замана ағымының келесі сырына үңілген ақындар Мәделіқожа Жүсіпқожаұлы, Құлыншақ Кемелұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлдарын жатқызуға болады.
Екінші топ – ХІХ ғасырдың сексенінші жылдары мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі уақыт аралығын қамтиды. Бұл тұста өмір сүрген шайырлар қатарына Молда Мұса (Мұсабек) Байзақұлын, Нұралы Нысанбайұлы мен Ергөбек Құттықбайұлын қосамыз.
Бұл ақындардың қай-қайсысының да шығармашылық діңіне үңілсек, олардың шығармаларындағы бұқарашылдық идеяны танып, үстем тап өкілдерін, заманның келеңсіз жақтарын сықақ етер әжуа – мысқылды айқын көруге болады. Аты аталған ақындарымыз өз шығармаларын қазақ өлең өнерінің дәстүрлі үлгісінде жазып, шығыстың классикалық әдебиетінен нәр алған.
Мойындалуы жолында көп мойынтаулық көрген, Қаратау – Қазығұрт етектері мен Сыр бойын мекендеген бұл шайырлардың творчествосы туралы Әселхан Оспанұлы жазған. 1991 жылы Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігінің «Қазақ университеті» баспасынан 8300 данамен шыққан «Қаратау шайырлары» атты еңбегі жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған көмекші оқу құралы ретінде жарық көргенімен, қазіргі таңда ғылыми маңызы жоғары кітап.
Әдебиетіміздің ең бір төгімді тұсы болып табылатын ХІХ ғасырдың бірінші, екінші жарымында және ХХ ғасырдың басында жасаған бұқарашыл ақындар шығармашылығына арналған бұл қолданба құрал кіріспеден басқа екі үлкен бөлімнен тұрады.
Кіріспесі «Бастау» деп аталады. Бірінші бөлім Мәделі Жүсіпқожаұлы, Құлыншақ Кемелұлы мен Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармашылық қызметіне арналған. Екінші бөлім осы ақындардың қызметін қарастырады.
Арайлым САЙЛАУОВА,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің 2-курс магистранты