«ІС-ШАРАЛАРҒА ТМД МЕМЛЕКЕТТЕРІНЕН ТЫС АҚШ, МОЛДОВА, МОНҒОЛИЯ ЕЛДЕРІНЕН ДЕ ӘРТІСТЕР ҚАТЫСТЫ»

Саясат Қоғам
876 Views

Жанар БЕКТАЕВА, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастарісі жөніндегі басқарма басшысы: «ІС-ШАРАЛАРҒА ТМД МЕМЛЕКЕТТЕРІНЕН ТЫС АҚШ, МОЛДОВА, МОНҒОЛИЯ ЕЛДЕРІНЕН ДЕӘРТІСТЕР ҚАТЫСТЫ»

Ішкі саясат және жастар ісі – қоғамның стратегиялық ресурстарының дамуының маңызды бағыттарының бірі. Болашақтағы Қазақстанның жолы жас ұрпақпен тікелей байланысты. Бүгінгі күні жастар өзінің әлеуетін жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктерге ие. Осы үшін кәсіби мансап пен тұлғалық өсу қалыптастыруда тең мүмкіндіктер құрылуда. Өз сөзінде Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаев жас ұрпаққа назар аударып, былай деп айтқан болатын: «Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда». Иә, әрине қоғамда ішкі саясат пен жастарға баса назар аударылуы дұрыс-ақ. Шымкент қаласында қоғам­дық үдеріске жастарды тарту, оларды өзін-өзі дамытуға ынталандыру және жағдай жасау бойынша жұмыстың тиім­ді әдістерін іздеуді жалғастырудамыз. Осы және басқа да өзекті мәселелер төңірегінде атқарылып жатқан істерді білмек мақсатында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Жанар Әлібекқызы Бектаевамен сұхбаттасқан болатынбыз.

— Өзіңіз басшылық ететін басқарма жақында ғана құрылымын өзгертіп жаңа атау алғаны белгілі. Осы орайда, орын алған өзгерістерге тоқталып өтсеңіз.

— Иә, «Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы шешімі негізінде қала әкімінің 2020 жылғы 2 шілдедегі қаулысына сәйкес «Шымкент қалаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегібасқармасы» болып қайта құрылды.

Оған дейін жұмыс жасап келген «Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі біздің жаңадан құрылған басқармаға біріктіріліп, ал дін бөлімі «Шымкент қаласының дін істері басқармасы» болып өз алдында дербес мемлекеттік мекеме ретінде бөлініп шықты.

2020 жылдың 9қарашасы күні Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегібасқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысыөткізілді. Кеңес отырысы қала әкімі Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлының қатысуымен өтті.

Жиын барысында Шымкент қаласының әкімі қазіргі таңда, әлемде орын алған жағдайларға байланыстыелдің дамуында идеологиялық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының ерекше маңызға ие екендігін айтты.

Бұл мәселе еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық-саяси тұрақтылығынсақтауға айтарлықтай ықпал етеді. Халықпен тығыз байланыс орнатып, қолдаукөрсету, оларға мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған шаралардың маңыздылығынтүсіндіру басты назарда екендігін және осы бағытта Шымкент қаласы әкімдігіжанынан бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесіқұрылғандығын атап өтті.

Жиынға қоғам қайраткерлері, ардагер журналистер, жергілікті телеарна басшылары, ақпараттық портал және баспасөз басылымдарының бас редакторлары мен журналистер қатысты.

Кеңес отырысы барысында Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының қала аумағындағы коронавирустық инфекцияның алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы басқарма басшысы Позилов Бақытжан Жолдасбекұлы және Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Есенова Ханзада Әзімханқызы, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Шайхсламов Жолшыбек Мұхтарұлы, Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жолдасов Ержан Жақсылықұлының баяндамалары тыңдалып, пікір алмасулар болды.

— Қала жастарымен жұмыс қарқыны туралы не айтасыз?

— Шымкент қаласында жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында кешенді жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Аталған жоспар өз кезегінде қала жастарын білімді, денсаулығы мықты, жұмыспен және баспанамен қамтылған, жан-жақты дамыған патриот жастарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кешенді жоспарға сәйкес, Шымкент қаласы жастарының әлеуетін дамыту бағытында атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтсем.

Жастардың негізгі проблемалық мәселелерін жүйелі түрде кезең-кезеңімен толыққанды шешудің 5 бағыты бойынша жұмыстар атқарылуда.

Атап айтар болсақ:

Бірінші бағыт — Жастарға патриоттық тәрбие беру, білім беру, талантты жастарды қолдау мақсатында«Shymkent Innovation» инновациялық жобасы жүзеге асырылды. Сонымен қатар, «Еркін пікір» жас сарапшылар дисскуциялық клубына қатыстырып, зияткерлігі шыңдалуда.

Екінші бағыт – денсаулық, салауатты өмір салты.

Жастар арасында спорт мәдениетін жоғары деңгейде дамуына, жоғары оқу орындарына түсуге, элиталық спортсмендерді тәрбиелеуге үлкен мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мектеп қабырғасындағы командалары арасында бәсекелестікті туындату арқылы жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға септігін тигізуде.

Осыған орай, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, бұқаралық спорттың мәдениетін қалыптастыру үшін кең көлемде студенттер мен мектеп оқушыларын қамтитын футболдан «Былғары доп», «Жастар» баскетбол лигасын, сонымен бірге жас мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық спартакиада ұйымдастыру жоспарлануда.

Үшінші бағыт – жастар арасында жұмыссыздықты алдын алу, кәсіпкерлікті дамыту.

Шымкент қаласы халықты жұмыспен қамту орталығында «Өзін-өзі дамыту психологиясы» (өмірде өзін қалай табу керек) және «Жаңа жұмысқа бір қадам» тақырыптарында жас жұмыс іздеуші азаматтарға арналған әлеуметтік кәсіби бағдарлау семинар-тренингі өткізілуде.

Атап айтқанда:

«Жаңа жұмысқа бір қадам» тақырыбында 21-30 жас аралығындағы жұмыс іздеуші азаматтар арасында семинар-тренинг жүргізілуде.

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» шеңберінде жұмыс іздеуші мен жұмыс беруші азаматтар арасындағы өзара байланыс орнату мақсатында іс-шара ұйымдастырылды. Семинарға жұмыс беруші мекемелер шақыртылып, азаматтарға бос жұмыс орындары ұсынылды.

Жастарды жұмыспен қамту бойынша 2020 жыл басынан бастап жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған жастар саны — 13 646 адамды құрайды.

«Бастау бизнес» жобасы асында – 3549 адам оқытылып, оның 2820 оқуды аяқтағындығы туралы сертификат берілсе, 729 қатысқаны туралы сертификат берілді.

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылдың I кезеңі бойынша — 16 жасқа 76 млн. теңге грант берілді. 2020 жылдың II кезеңі бойынша құжаттар жинақталуда.

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Банк несиелерін субсидиялау бағыты алты пайызбен 2020 жылы алты жас 420 млн. теңге несие алды.

2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша шағын несие 6 пайызбен 2020 жылы 16 жас 166 млн. теңге несие алды.

Шымкент қаласы әкімдігінің «Мен кәсіпкер боламын!» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы бес жас кәсіпкер 46 млн. тнеңге көлемінде несие алды. Аталған бағдарлама бойынша бір пайызбен он млн. теңге дейін несие алады.

Сонымен қатар, Жастарды жұмыспен қамту бағытында 2020 жылдың бітіруші курс студенттерін «Professional» жобасы аясында жастардың конкурс негізінде тағылымдамасы ұйымдастырылуда. Бүгінде жоба аясында консультациялар мен өндіріс орындарына экскурсиялар ұйымдастырылып, 150 астам жастар жұмыспен қамтылды.

Төртінші бағыт – жастардықоғамға бейімдеу, шығармашылық қабілетін арттыру.

Жастар ресурстық орталығынан талантты жастармен жұмыс жүргізетін арнайы бөлім жұмыс жасайды.

Бөлімнің жұмыс жоспары әзірленіп, Шымкент қаласы бойынша талантты жастардың интеллектуалдық деректер базасы жасақталған.

Сонымен қатар, Жастар ресурстық орталығында жастардың бос уақытын тиімді өткізу үшін 15 үйірме жұмыс жасайды.

2019 жылдан бастап орталықта жастарға арналған 15 үйірмелердің қызметі ұйымдастырылды.

«Ағылшын — орыс тілі курсы (бастапқы деңгей)», «Жас пікір сайысшылар клубы», «Еріктілер мектебі», «Воркаут орталығы», «Жастарға арналған тегін кино көрсетілім», «Сән әлемі», «Жас кәсіпкерлер мектебі», «Ораторлық және сахна тілі мектебі» «Stand Up», «Sulu models» модельдік курстар, «Кітап алмасу», «Би үйірмесі» үйірмелері.

Сонымен қатар, жастар арасында төрт диалогтық алаңшалар қызмет көрсетеді.

«Remarka-журналистер клубы», «Домбыра Party–ұлттық өнерді жастар арасында насихаттау», «Вайнерлер — актерлық шеберлігі бар өнерлі жастардың басын біріктіріп, тәрбиелік мәні бар, рухани құндылықа ие вайндар түсіру», «Сөйле» — жастардың — жастардан үлгі алуы» жобасы жүзеге асырылуда.

Бесінші бағыт – жастардың бойына қайырымдылық пен ізгілік, бауырмалдық пен жанашырлық сияқты қасиеттерді сіңіру мақсатында Шымкент қаласындағы жоғарғы оқу орындарында еріктілер ұйымдар ашылды. Ерікті жастар «Ашық жүрек» жобасы аясында жағдайы төмен отбасыларға және жалғыз басты аналарға көмек көрсету мақсатында «Сен жалғыз емессің» акциясы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Қалада азаматтық белсенділікті дамытуға жаңа серпін беретін іс-шаралар жоспары әзірленіп, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ұсынылды.

Сонымен қатар, Волонтерлар жылына орай:

«Шымкент-қайырымды қала» жобасы, «Жасыл және таза қала» жобасы, «Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы», «Ізгілікте жарысайық» жобасы, «Эко Сана» жобасы, «Мейірім» жобалары ұйымдастырылуда.

— Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар қандай?

— Сұрағыңыз өте орынды. Бүгінгі таңда, Шымкент қаласында 17 этномәдени бірлестік әрекет етеді. Оның ішінде 11 этномәдени бірлестік қолданыстағы заң талаптарына сәйкес қоғамдық аккредиттеуден өткен.

Сонымен қатар, қалалық ассамблея жанынан құрылған сегіз қоғамдық негіздегі құрылымдар жұмыс жасайды. Олар:

Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, Ғылыми-сарапшылық топ, Журналистер мен блогерлер клубы, Ақпараттық-насихаттық топ, Қалалық ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығы, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы штабы.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанынан «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы жұмыс жүргізіп, қала аумағындағы 38 колледж жанынан «Достық» клубтары ашылған.

Қалалық этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен ұлттық тағамдар әзірлеуден «Қазақ дастарханы» онлайн-челленджі, «Спорт-сенің серігің» тақырыбында жастар арасында спорттық челлендждер ұйымдастырылып, өткізілді.

Сонымен қатар, 11 этномәдени бірлестіктердің онлайн-режимдегі тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күндері өткізіліп, ұлттық құндылықтар көрмелері ұйымдастырылды.

Алдағы кезеңдерде түрлі этнос өкілдері тығыз шоғырланған елді мекендер мен тұрғын алаптарда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында «Ұлт үні» керуенін жүзеге асыру арқылы барлық этностарды қазақ халқының маңайына топтастыру, оларды ұлттық дүниетанымымызға кіріктіру жоспарланып отыр.

Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында саз колледжінде түрлі этнос өкілдері арасында «Ұлт үні» керуені шарасының іріктеу кезеңі өтеді.

Байқаудың алғашқы кезеңіне іріктеу қаладағы төрт ауданда өтті. Жалпы, 82 үміткер қатысып, арнайы жасақталған комиссия 20 нөмірді таңдап алды. Керуен-байқаудың үздік қатысушылары Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында арнайы марапатталатын болады.

— Жыл басынан бері «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында қандай іс шаралар өткізілді?

— Шымкент қаласында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында 2020 ж. қаңтар-қазан айлары аралығында үш бағытқа (тұлғаны дамыту, ұлттың дамуы, азаматтық қоғам дамуы) негізделген жалпы саны — 802 іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде — 161 оффлайн және 641 онлайн режимінде өткізілді. Бұл іс-шараларда екі миллионнан астам адам қамтылды.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы шеңберінде — 134 іс-шара ұйымдастырылды. Қамтылуы көрсеткіші – 35825 адам.

Іс-шаралардың негізгілеріне тоқталсақ:

М. Әуезов атындағы ОҚМУ «ЖОО жағдайында Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру» атты конференциясы: Қоғамдық сананы жаңғыртудың маңыздылығын түсіндіру және университеттер жағдайында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы жүйелі тәсілдерді қарастыру, талдау.

«Әйел және бизнес: жаңа мүмкіндіктер — 2020» атты ІІІ бизнес-форум өтті. Жиында Шымкент қаласындағы Іскер әйелдер кеңесінің жұмысы сарапталып, 2020 жылға арналған жобалар, қалалық ІӘК мүшелері компанияларының өнімдері мен қызметтерінің көрмесі, екінші деңгейлі банктер мен даму институттарының әйелдер кәсіпкерлігін қолдау шаралары туралы шеберлік сағаттары, жергілікті дизайнерлер топтамасының дефилесі ұйымдастырылды, панельдік сессиялар өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының үш жылдығына орай қалада жаңадан салынған үй аулаларына 300 тал отырғызылды. Іс-шараға ерікті жастар, еңбек ардагерлері, жас отбасылар тартылды.

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында жастардың тарихи санасын дамыту мақсатында «Өлкемді танимын» экскурсия-сабақтары, ЭКО орталықпен бірлескен танымдық онлайн-экспедиция ұйымдастырылды.

ҮЕҰ-дың ұйымдастыруымен ерікті топ Абай еліне саяхат жасады. «Әл-Фарабиден Абайға дейін» деп аталған экспедиция барысында мерейтойлы жылы ШҚО-ның Семейдің Жидебай, Бөрілі ауылдарында болып, ұлы тұлғалар туып өскен, шығармаларын жазған өңір тарихымен танысты, мұражай-үйі мен мемориалдық кешені, музейлерді аралап қайтты.

Сәуір айынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елдегі пандемия жағдайында халыққа көмек беру, қайырымдылық жасауға меценаттарды, демеушілерді тарту қолға алынды. «Жанға жылу», «Біргеміз» акциялары аясында 150 мыңнан астам отбасыларға көмек көрсетілді. Ұйымдастырушылар мен демеушілер Шымкент қаласындағы Еңбекші, Абай, Әл-Фараби мен Қаратау ауданы әкімдіктерімен бірлесе отырып, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың тізімі нақтыланды. Короновирустық инфекциямен күресте мұқтаж азаматтарға көмек көрсету бойынша өңірде демеушілер мен меценаттар қаржылай әрі тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлік себеттерін үлестірді. Сондай-ақ, Түркістан облысы Мақтарал ауданында Сардоба сутасқынынан зардап шеккендерге де көптеген көмек көрсетілді.

«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын анықтау аудандық деңгейде тамыз айында аяқталды. Өтінім берген 43 адамның 22-сі аудандық деңгейде марапатталды.

«Үздік әдебиет» жобасы негізінде ӨЖК ұйымдастыруымен этнограф-ғалым, жазушы А. Сейдімбектің «Қазақ әлемі» пайымдаулары болашақ тіл мамандары және тарихшылармен онлайн талқыланды.

Бағдарлама аясында «Интеллектуалды ұлт» жалпыұлттық жоба шеңберінде «Ойлы болсаң, озып көр!» шахмат, тоғыз құмалақ, дойбы ойындарынан байқау ұйымдастырылды.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» аясында сегіз іс-шара өтті. Оған жалпы, 18400 адам қамтылды.

Шымкенттік Алдияр Жұмажанов – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының ІІІ маусымының жеңімпазы. Республика жеңімпаздары қатарына ол мобильді ойындар жобасымен енген. Жоба жеңімпазы Алдияр Жұмажановпен жыл басында брифинг өткізіліп, Жастар ресурстық орталығында кездесулер ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда жеңімпаздың Қытай елінде оқып, жұмыс істеуіне байланысты онымен кездесу, үш шеберлік сыныптары онлайн жүйесімен іске асты.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы бойынша он айда Шымкентте барлығы 15 іс-шара өтіп, 22 661 адам қамтылды.

Карантин шараларын ескере отырып Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бөлімінің ұйымдастыруымен «Сансыз бабтар мекеніне онлайн экскурсия» өтті.

Қаладағы республикалық маңызы бар киелі жеті кесенеге ЖОО оқытушылары мен студенттер саяхат жасап, практикалық дәрістер өтті.

«Ибрагим ата», «Қарашаш ана», «Әбдул Әзиз баб», «Мірәлі баба», «Қожа Салық» кесенелерінің аумағын қоршау, көріктендіру жұмыстары жүргізіліп, инфрақұрылымы реттелуде. Қаладағы қасиетті, киелі орындар мен туристік маңызы бар ескерткіштердің 22-сіне QR кодтар орнатылған.

Экскурсиялар мен шымкенттік студенттер, оқушылар саяхатының, Қазақтану ҚБ-нің іс-шараларының қорытындысы ретінде деректі фильм түсірілді. Хронометражы 10 минуттық танымдық бейнеролик жергілікті телеарналардан көрсетілуде.

Ескі қала – Цитадельді реставрациялау құрылысының бірінші кезеңі аяқталып, ашылуы ТВ жоба ретінде халыққа ұсынылды. 2020 жылғы қыркүйек айында Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев арнайы іссапармен келіп, танысқан болатын.

«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында 60 іс-шара өткізілді. Оған — 153 460 адам қамтылған. Шараларды әлеуметтік желі арқылы тамашалаған көрермендер көп болды.

Ақпан, наурыз айларында «Мәртебелі поэзия мінбері» атты әдеби алаң ашылды. Поэзия мінберінің ашылу салтанатына республиканың қаламгерлер қауымы арнайы келіп қатысқан. Қаңтар-сәуір айларында апта сайын «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында 27 ақын-жазушылармен кездесулер ұйымдастырылып, шығармалары насихатталды. Бұл кездесулер онлайн-форматта жалғасуда.

Әл-фарабидің 1150 және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған онлайн-концерттер мен композициялық кеш, танымдық, өнер сағаттары ұйымдастырылды.

«Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы өтіп, ТВ жоба ретінде барлық БАҚ-да және әлеуметтік желілерде таратылды.

«Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында «Достастық халықтарының музыкасы» ұлттық аспаптар және эстрада орындаушыларының, Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» онлайн-фестивальдері өтті. Оған Ресейдің Башқұртстан, Татарстан Республикалары мен Алтай өлкесінен, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстаннан және өз елімізден 71 өнерпаз қатысты. Бұл іс-шараларда ТМД мемлекеттерінен тыс АҚШ, Молдова, Монғолия елдерінен де әртістер қонақ ретінде қатысты.

Шымкентте «Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәдени астанасы» жылы аясында «Шымкент – қайырымды қала» балалар шығармашылығына арналған онлайн-фестиваль ұйымдастырылды. Достастық елдері арасында өткен шараға 6 жастан 15 жасқа дейінгі 500-ге жуық бала қатысты. Оның ішінде ТМД елдерінен 20 бала, Қазақстан Республикасынан – 479 қатысушы үш номинация бойынша өз шығармаларын жолдады. Фестивалдің бағдарламасы «Вокалдық шығармашылық», «Аспапта орындау», «Бейнелеу өнері» номинациялары бойынша жүргізілді, жеңімпаздар марапатталды.

Қазан айында «Достастықтың опера жұлдыздары» атты ТМД елдерінің опера орындаушыларының фестивалі өтуде. Өнер фестивалі Абайдың 175 жылдығына арналған және ұлы ақын шығармашылығын насихаттауға арналған.

«Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі» жобасы аясында сегіз іс-шара жүзеге асырылды. Оған 70 090 адам қамтылған. Бұдан бөлек, курстар үздіксіз жалғасуда.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері «Тілдерді оқыту орталығында» тәжірибеден өтті. Студенттерге латын графикасы туралы толық ақпарат беріліп, сабақ өту, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуді тәжірибе жүзінде көрсетілді.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімдігінің «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» КММ орталығы қызметкерлері, «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚМКК мекеме және «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» РММ қызметкерлері 48 сағаттық латын графикасын оқыту курсын аяқтап, емтихан тапсырды.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мекемесінің мамандандырылған жасақтың жеке құрам қызметкерлері «Қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстырудың негізгі аспектілері», «ҚазТест жүйесі», «Іс жүргізу тәртібі және дұрыс ресімдеу» тақырыптарында өткізілген дөңгелек үстелге қатысты.

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және Шымкент қалалық білім басқармасының әдістемелік орталығы бірлесе отырып, «Жаһандану жағдайындағы тіл үйретудің инновациялық әдіс-тәсілдері» біліктілікті арттыру семинарын өткізді. Семинарда «Латын графикасын оқыту және насихаттау жұмыстарын жүргізу» бөлімінің басшысы Г.Қалдыбаева «Латын графикасын оқытуда сандық технологияны тиімді пайдалану» атты сабақ үлгісін көрсетті. Аталған шарада қаладағы жоғары оқу орындарының ғалымдары, жекеменішік тіл оқыту орталықтарының оқытушылары, Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі пән мұғалімдері озық тәжірибелерімен бөлісті.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында 2020 жылғы 10 айда 13 іс-шара өтіп, 8 100 адам қамтылған.

Мемлекеттік тілге аударылған әлемдік туындылардың соңғы кезеңдегі 30 кітабы М. Әуезов атындағы ОҚМУ-не 20500 данамен жеткізілді. Бұған дейінгі 70 аталымдағы кітаптармен Шымкент қаласының барлық ЖОО мен орта арнаулы оқу орындары, орталық кітапханалары қамтылған.

«Түркі әлемінің генезисі» жобасы аясында 14 іс-шара ұйымдастырылды. Оған 21 340 адам қамтылған.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы мен Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институтының, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ашылған «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің «МИРАС» рухани жаңғыру Академиясы» қоғамдық ұйымы Ұлы акын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуге арналған «Түркі әлемі: Абай Құнанбайұлының көзқарастары және ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамының жаңғыруы» атты халықаралық мәдени-ағарту форумын онлайн жүйеде өткізді.

Қалалық жасөспірімдер кітапханасында жазушы Мархабат Байғұттың «Түркілер төрі Түркістан» кітабының таныстырылымы өтті. Кітапхана оқырмандарымен онлайн-жүйеде пікірлесу ұйымдастырылды.

ОҚМПУ-де «Түркі тілдес халықпыз» студенттер арасында ғылыми деректер мен халық тарихының құндылықтарын зерделеуге арналған онлайн-сағаттар ұйымдастырылды.

«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы бойынша 13 іс-шара өтіп, 18 484 адам қамтылды.

Шымкент қалалық опера және балет театрында Латиф Хамиди мен Ахмет Жұбановтың «Абай» операсы сахналанды. Ауқымы кең спектакль ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойының құрметіне арналды.

«Домбыра күніне» арналған «Оркестрлер байқауы» мен «Күй-тартыс» ТВ жоба ретінде көрерменге ұсынылып, әлеуметтік желілер мен ғаламтор каналдар арқылы таратылды.

Шымкент қалалық мәдениет үйі мен қалалық опера және балет театрының әншілерінің онлайн-концерттері апта сайын өткізілуде.

Қалалық әдет-ғұрып, салт-дәстүр орталығы «Дәстүрлі әндер сағатын» ай сайын онлайн-форматта ұйымдастыруда.

Қалалық қуыршақ театры Абай күніне орай, «Дара тұлға» поэтикалық драмасын тікелей эфирде онлайн сахналады.

«Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» жобасы шеңберінде 10 айда 28 іс-шара өтіп, 231 100 адам қамтылған.

«САҚ» киностудиясы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Көне құмыраның сыры» атты балаларға арналған мультфильмнің түсірілімін аяқтады.

«Көне құмыраның құпиясы» арқылы көрермен көне шаһар Шымкенттің тарихына қанығып, Әбу Насыр әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатының» мән-мағынасын түсінеді. Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Сақ» киностудиясы жасаған анимациялық фильм «Көне құмыраның сыры – 2», яғни жалғасы.

Шымкент қаласында бейнероликтер жергілікті және республикалық телеарналарда, сондай-ақ қала көшелеріндегі LED экрандарда көрсетілуде.

Жергілікті «Оңтүстік» телеарнасында апта сайын «Сарқылмас қазына» айдарымен тарихи сананы жаңғырту мақсатында тарихи деректер мен аңыз-әпсаналарға негізделген дәстүр мен ғұрыпты насихаттайтын бағдарлама эфирге шығады. Ұзақтығы 15 минут.

«Архив-2025» жобасы аясында екі іс-шара өткізілді. Онда 5015 адам қамтылған.

Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты қоғамдық-саяси тарих архиві мекемесінде «Архив-ел тарихының қазынасы» жобасы аясында тарихшы, ұстаз Момбек Әбдәкімұлымен онлайн-сұхбат өтті. Қазақстан Республикасының Президенті архиві, Қазақстан Халқы Ассамблеясы, “Мицва” ассоциациясы және Еуразиялық еврейлер конгресінің ұйымдастыруымен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңістің 75-жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдығына орай Х халықаралық тарихи ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.

Онлайн конферецияда Қазақстан, Орта Азия және Батыс Сібір елдеріне Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде босқындар мен эвакуацияланғандар және Орта Азия және Батыс Сібір еврейлерінің тарихы тақырыптары қамтылды.

«Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы бойынша 93 іс-шара өтті. Оларға 88 160 адам қамтылды.

Ғұлама ойшыл хакім Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, Әдет-ғұрып және салт – дәстүр орталығында «Абай даналығы — халық мұрасы» атты үздік жобалар жинағына енген іс-шара өтті.

Қалалық кітапханаларда «Әлем таныған ұлы Абай», «Елім — жерім деп, бар ғұмырын паш еткен Ұлы тұлға», «Абайдың сөзі –қазақтың бойтұмары» атты онлайн кітап оқу, әдеби сазды кештер мен виртуалды кітап көрмелері өтті.

Қалалық орыс драма театры да «Абай жолы» онлайн-бағдарламасын, қалалық өзбек драма театры М.Әуезовтің «Абай» онлайн-драмасын, қалалық опера және балет театры «Абай арманы» онлайн-концертін көрермен назарына ұсынды.

Қалалық әзіл-сықақ және сатира театры «Жүрегім нені сезесің?!» атты поэтикалық-драмалық қойылымын, қуыршақ және жасөспірім театры «Дара тұлға» онлайн-поэтикалық драмасын, Шымкент-циркі «X-BAND» джаз оркестрінің онлайн-концертін Instagram және Facebook парақшалары мен Youtube арнасынан көрсетті.

«Отырар» кітапханасында аты әлемге мәшһүр ойшыл, “Әлемнің екінші ұстазы» атанған ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ұлы даланың ұлы тұлғасы — Әл-Фараби» атты танымдық кеші өтті.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық Академиялық кітапханасының «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясына Жыл кітабы — 2020 ретінде көрнекті жазушы Әнуар Әлімжановтың Әл-Фараби туралы жазылған «Ұстаздың оралуы» атты кітабы таңдалып, өңір оқырмандары ғалымның өмірі туралы шығарманы ортақтаса оқып, пікірлесу ұйымдастырылды.

Алаш арыстарының өмір жолын, тарихи деректерін дәріптеуде «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы» ай сайын «Намыс құрбаны», «Зобалаңның зардабын шеккендер», «Тұрар өткен жол», «Карлаг пен Алжир лагерьлерінде болған әйелдер», «Ұлт көсемі – Әлихан» және тағы басқа танымдық дөңгелек үстел, онлайн-конференция, зерттеуші ғалымдардың онлайн басқосулары, естелік бейнежазбалары, виртуалды көрмелер көрсетілуде.

Шымкент қаласының «Рухани жаңғыру» ӨЖК ұйымдастыруымен жоба жетекшісі өңірдегі Фарабитанушылар және Абайтанушылармен 19 сұқбат жүргізіп, тележоба түсірілді. Танымдық, ұлы тұлғаларды, шығармаларын насихаттау мақсатындағы бейнероликтер жергілікті арналар мен әлеуметтік желілерде көрсетілуде.

Ел Президенті Қ. Тоқаевтың «Абай аманаты» мақаласы онлайн-дидарласудың, пікірлесулердің тақырыбына айналды.

«Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі» жобасы аясында 2020 жылғы 10 ай ішінде сегіз іс-шара өтті. 27530 адам қамтылған.

Шымкентте тұңғыш рет «Көрпе FEST» фестивалі өтті. Фестиваль аясында 300 қыз-келіншек тігін және қолданбалы өнерді тегін үйренді. Семинар-тренингке қатысты. Шеберлік сабақтарын ҚР Президентінің «Алтын сапа» премиясының иегері Ырза Тұрсынзада өткізді.

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы өнер бөлімінің қызметкерлері Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе «Қылует» — этномузейіне «Ұлы даланың ежелгі өнері» атты саяхат жасады. Саяхат барысында оқушылар «Қылует» — этномузейінің авторы, этно-дизайншы, сазсырнайшы, қобызшы және фарабист, Қазақстан Дизайнерлер және Суретшілер одағының мүшесі, этнограф – Кендебай Қарабдаловпен кездесіп, шеберлік сағаттарына қатысты.

Әдет-ғұрып, салт дәстүр орталығында «Дәстүр және ғұрып» айдарымен жергілікті қолөнершілердің еңбектері қойылған көрме және шеберлік сағаттары ай сайын ұйымдастырылуда. Тележоба жергілікті БАҚ-да көрсетілуде.

— Алдағы уақытқа түзілген ауқымды жоспарлармен бөліссеңіз.

— Алдағы уақытта жасалып жатқан жастардың негізгі проблемалық мәселелерін жүйелі түрде кезең-кезеңімен толыққанды шешудің бес бағыты бойынша жұмыстарды ары қарай жалғастыру.

Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында жоспарланған іс-шараларды мерзімінде іске асырып, бағдарламаның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, ұлтаралық татулық пен бірлікті сақтау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу болып табылады.

— Ашық сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Зерек МҰРАТБЕКҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *