ДАҢҚТЫ ДАРАБОЗ ДӘРІПТЕЛДІ

Қоғам Өнер
1 228 Views

Қаратау күйшілік өнерінің белді өкілі, көрнекті композитор, Ықылас Дүкенұлының шәкірті – Сүгір Әліұлы. Жастайынан ел арасында «домбырашы Сүгір»атанған дәулескер күйші артына мол мұра қалдырған. Осыған орай, ел арасындаҰлыларды ұлықтау мақсатында үшінші мегаполисте Шертпе күйдің шебері СүгірӘліұлының еңселі ескерткіші ашылды.

Ескерткіштің орнатылуына заңгер Бекет Тұрғараев бастаған бастамашыл топ мұрындық болған. Нобайын жасап, орнатқан шымкенттік мүсінші Әбдікәрім Ахметов болса, кәсіпкер Амангелді Мақашов демеушілік көрсеткен.

Сүгір Әліұлының ескерткішін Шымкент қаласына орнатуға ұсыныс берген бастамашыл топтың шешімін қала әкімі Мұрат Әйтенов қолдаған. Ахмет Байтұрсынов көшесінің бойынан орнатуға шешім қабылдап, Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы монументті ескерткіштерді орнату комиссиясына ұсыныс берілген. Комиссияның қолдау шешімін алған соң, ескерткіш өз тұғырына қондырылып отыр.

Халқымыздың қуанышы мен шаттығын, мұң мен зарын, қайғы-қасіретін қос ішекті домбыра үнімен ғасырлардан бізге жеткізген, киелі аспап домбыраны жан-тәнімен ұғып, өміріне арқау еткен даланың дарабоз күйшілерінің бірі – Сүгір Әліұлына арналған жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және өңіріміздің зиялы қауым өкілдері қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматтары Бекет Тұрғараев, Орынбай Рахманбердиев және Сәрсенбай Қонақов сынды ел белсенділері еңселі ескерткішті салтанатты түрде ашып, арнайы гүл шоқтарын қойды.

– Сүгір бабамызға қаламыздың әдемі жерінен ескерткіш қойылды. Бұл тек күйші Сүгіргеемес, қазақ өнеріне қойылған ескерткіштің бірі деп айтсақ артық емес. Сүгірбабамыздың бұл ескерткіші барша өнерсүйер қауым мен тыңдармандар үшін, оныңішінде Шымкенттің тұрғындары үшін үлкен мақтаныш деп айтуға болады. Ұлыдаламызда есімі елге белгілі үш Сүгір болса, оның бірі қазыналы Қаратаудыңқұшағындағы Созақтың ұланы Сүгір Әліұлы еді. Оның өмірге әкелген «Телқоңыр»,«Бозінген» атты әйгілі күйлері Созақ халқының тұрмыс-тіршілігін байқатады.Бұдан бөлек, «Қаратау шертпелері» атты циклді шығармалары тыңдаған жанныңбойына қуат, жүрегіне шуақ береді. Бірегей туындылар ғана тыңдарманның жүрегінжаулай алатынын тағы да жан-тәнімізбен сезініп, жүрегімізбен мойындаймыз.С.Әліұлы қайталанбайтын туындыларынан бөлек, үздік шәкірттерге де бай», – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

– Ол 1961 жылы Созақ жерінде қайтыс болып, Қарабура әулие жатқан қорымға жерленіп, кесенесі тұрғызылған. Сүгір Әліұлының ескерткішін үшінші мегаполис Шымкент қаласына орнатуға ұсыныс берген бастамашыл топтың шешімін қала әкімі Мұрат Әйтенов қолдап, А.Байтұрсынов көшесінің бойынан орнатуға шешім қабылдап, Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы монументті ескерткіштерді орнату комиссиясына ұсыныс берді. Комиссияның қолдау шешімін алған соң, ескерткіш өз тұғырына қондырылды. Сүгір Әліұлын мәңгілік есте сақтау бағытында біршама жұмыстар атқарылған. Созақта батырлар аллеясына ескерткіш мүсіні қойылған. Шымкент қаласындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияның жанындағы оркестрге Сүгір атын берген. Созақ ауданында орта мектепке Сүгірдің аты қойылған», – деген Бекет Тұрғараев алда осы тақылеттес жұмыстар жалғасын таба беретінін айтты.

Ақпаратты толықтыра кететін болсақ, Сүгір Әліұлы мен жары Наз­кен ананың артында қос қызы Ұлбала мен Оңғар қалды. Марқұм Ұлбала апа Созақ жерінде тамыр жайып, өсіп-өнсе, екінші перзенті Оңғар апа Отырар ауданына ұзатылған.

1960 жылы Мұхтар Әуезов Созаққа әдейі іздеп барып кездес­кенге дейін Сүгірді насихаттау, бол­маса ол кісі туралы әңгіме қоз­ғау жабық тақырып­тардың бірі болатын. Сол жолы «Бозінгеннің» бүлкіліне, «Қосбасардың» зарына, «Кертолғаудың» сарынына, өзге де күйлерінің құдіретіне тәнті болған Мұқаң «Созақтан бір Тәттімбет таптым» деп масаттана аттаныпты. Бар жауапкершілікті өз мойнына алып, қасында отырған Тәкен Әлімқұловқа «мына ғажапты жаз, халыққа тез жеткіз» деп тапсырған екен. Жазу­шы көп күттірмей «Телқо­ңырды», «Кертолғауды» ұсынып, жабық тақырыпқа тыңнан түрен салды. Ұлы Мұқаң бақилық са­парға аттанар алдында бұзыл­май жатқан сеңді бұзып, сүгіртануды жолға салып беріп кетті. Содан кейін ұлы күйші туралы аздап та болса, радиохабарлар мен деректі мақалалар жазылып, естеліктер айтыла бастады. Бүгінде қазақ радио­сының алтын қорында сақ­таулы тұрған Тәкен Әлімқұ­ловтың «Кертолғау», Төлеген Тоқбергенов­тың «Сүгір күйші және оның шәкірттері» музыка­лық әңгімелері жазылса, ақын Бәтима Батырбеко­ваның «Аққу-арман» поэмасы жа­рық көрді. Академик Ақселеу Сей­дімбеков «Жаңа заман күйшілері» кіта­бында «Сүгірдің күйшілік жо­лын екі кезеңге бөлуге болады. Бі­ріншісі – жиырмасыншы жыл­дарға дейінгі күйлері болса, екіншісі – жиырмасыншы жыл­дар­дан кейінгі күйлері. Алғашқы кезеңінде дүниеге келген шығар­маларында өмірге құштарлық, жарқын үмітке толы серпін басым болса, соңғы кезеңдегі «Кертолғау», «Қосба­сар», тағы басқа күйлерінде өмірден торығу, мұңая толғану, іштей мүжіліп, таусыла тебірену сарыны бел алып жатады. Бұл ретте Сүгір күйлері Қазанғап, Тоқа, Ықылас, Қожеке күйле­ріндегі «Зар заман» сарындарымен үндес» деп баға берген. Жаппас Қаламбаев, Төлеген Момбеков, Уәли Бекенов, Гене­рал Асқаров және басқа шәкірт­тері туындыларын халыққа жеткізді. 1975 жылы Жаулыбай Иманәлиев пен Мұхит Айтқалиев «Қаратау шертпелері» кітабында Сүгір күй­лерін алғаш рет нотаға түсірді.1980 жылдың ортасында «Бозінген» күйін Нұрғиса Тілен­диевтің жетек­шілігімен «Отырар сазы» фольклорлы-этногра­фиялық оркестрі Мәскеуде өткен шығармашылық концертінде орындаған. 2006 жылы А.Тоқта­ған, Г.Ұлтарақова, М.Әбуғазының құрастыруымен жарық көрген «Сүгір, Қаратау шертпесі» атты жинақта 36 күйі нотасымен қамтылды. Кейін «Мәңгілік сарын» күй антоло­гиясына енді. Жазушы, «Алаш» сыйлығының иегері Өтеш Қырғызбаевтың «Сүгір» романы, Қазақстан Жазу­шылар одағының мүшесі Ескер­мес Жақсымбетовтың зерттеу еңбегі жұртшылық қолына тиді. «Телқоңыр», «Майда­қоңыр», «Бозінген», «Қосбасар», Шалқыма», «Ыңғай төк», «Бес жорға», «Ілме», «Ақжелең», «Аққу» сияқты күйлері кең тараған. Ықыластың күйлерін домбыраға түсірді. Авторлық шығармалары 1964 жылдан халық аспаптары оркестрінде орын­далып келеді. Өз жанынан 200-ге жуық күй шы­ғарған, оның ішінде 70-ке жуығы кейінгі ұрпаққа жетті.

Мұнымен айтпағымыз, күйші ұрпақтары мың жылда бір туатын осындай бірегей тұлға жекелеген азаматтар тарапынан ұмыт қалмағаны қуантады. Салтанатты шараның бастамасын алғашқы болып қол­дап, үнемі игі істердің ұйытқысы болып жүрген Бекет Тұрғараевқа өңір тұрғындарының алғысы шексіз. Шертпе күйлерімен исі қазаққа мәлім дарабоз күйші Сүгір Әліұлы туралы жазылып та, айтылып та келеді. Ендеше, Созақтың ғана емес, қазақ­тың мақтанышына айналған Сүгір күйшінің есімі өз дәре­жесінде болашақ ұрпақ алдында ұлықтала береді деген зор сенімдеміз!

Аягөз ДҮЙСЕНБАЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *